
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
Қалыпетістіктері. Тілімізде адамзаттың амал-әрекеті, табиғи күй жағдайлары тұр, жатыр, жүр, тұр етістіктері арқылы беріледі. Олар тіл ғылымында қалып етістіктері деп аталатыны белгілі. Осы төрт етістіктің формаларындағы, функцияларындағы, семантикалық реңктеріндегі нәзік айырмашылықтарды, бәріне ортақ бірыңғай ерекшеліктерді қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев, М.Оразов, Т.Қордабаев, Н.Оралбаева, З.Оспанова т.б. белгілі ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп, айтып кеткен. Алғашқылардың бірі болып бұл төрт етістіктің өзіндік ерекшелігін таныған ғалым – профессор Қ.Жұбанов қалып етістіктерінің әрқайсысының беретін лексикалық, семантикалық мағыналарына қарай оларды дәл осы шақтың төрт түріне бөліп қарастырады. Ғалым сыпат категориясына нақты тоқталмағанмен, істің жүру процесін білдірудегі осы төрт етістіктің көмекшілік қызметін аңғара білген.
А.Байтұрсынов қалып етістіктерін көмекші етістіктер қатарында қарап, оның болымды түрінің жіктелуі басқа етістіктерден өзгеше екендігін, яғни жіктік жалғауы оларға тікелей жалғанатынын, ал болымсыз формада келдгенде қалып етістіктері басқа етістіктер сияқты жіктелетінін, яғни тікелей жіктелмейтінін байқаған.
Н.Т.Сауранбаев «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциясы» еңбегінде (1942) күрделі етістіктердің жасалуына тоқталады. Толымды, толымсыз көмекші етістіктерді нақты атамағанмен, жатыр, отыр етістіктерінің көсемше формалы негізгі етістікке тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратынына бірнеше мысалдар келтірген.
С.Аманжолов негізінен шақтық мағына осы төрт етістіктің өз ішінде, бүтін тұлғасында болатындығын айтса (1994), аталған төрт етістіктің грамматикалық мағыналарын орыс тілімен салыстыра зерттеген ғалымдарымыздың бірі Ш.Х.Сарыбаев олардың есімдерше жіктелуін, шаққа, жаққа қатысын т.б. алғаш танып, дұрыс нұсқау берген (1939). М.Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» (1980) атты монографиясында аталған етістіктердің морфологиялық құрылымында туған тұлғалық, мағыналық өзгерістергі және әбден орныққан формаларына тарихи, ғылыми тұрғыдан талдаулар жасалады. А.Ысқақов пікірлерін сараласақ (1991), басқа авторлар пікірінен онша алшақ еместігін байқаймыз. Ғалым қалып етістіктерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге, амал-әрекеттің даму кезеңін (фазасын), өту сипатын білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан, етістіктің нағыз осы шақ категориясын құрауға негіз болады дейді. Бірақ ғалымның өзіндік көзқарасы да жоқ емес. Оған сыпат категориясының синтетикалық түрін атауға болады. Сондай-ақ ғалымның сыпат категориясын үшке бөліп (қимылдың басталуы, жүріп жатуы, аяқталуы), олардың формаларын көрсетуі ғылым үшін жаңалық деп білеміз.
Амал-әрекеттің, қимылдың белгілі бір қалпын білдіретін етістіктер қалып етістіктер деп аталады. Оларға жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктері жатады. 1. Отыр, жатыр, тұр, жүр көмекші етістіктері күрделі етістік құрамында осы шақтық мағына береді. Қалып етістіктерін күрделі етістік құрамында негізгі етістіктерге тіркестіру қиындығы оқу процесінде жиі кездесетін құбылыс. Бұл етістіктер негізгі етістіктерге тіркесіп қимылдың созылыңқылық дәрежесін көрсетеді. Мәселен, тұр, отыр, көмекші етістіктері қысқа мерзімде болып жатқан қимылды білдіреді. Мысалы. Кітап оқып отыр, өлең оқып тұр.Отыр етістігі көбіне өзінің лексикалық мағынасын жоғалтпаса, тұр кейде өзінің лексикалық мағынасынан мүлдем айырылып қалады. Бұл көбіне табиғат құбылыстарына байланысты болып келеді. Мысалы. Күн жауып тұр. Жел соғып тұр. Жүр ұзағырақ мерзім ішінде үзіліспен болып тұратын, не болып жатқан қимылды білдіреді. Мысалы, оқып жүр, келіп жүр.Жатыр - ең көп қолданылатын, алдыңғы үшеуінің де орнына жүре беретін етістік.
Сонымен жүр, жатыр ұзаққа созылған қимылды білдірсе, отыр, тұр сөйлеушінің хабарлап тұрған кезінде жасалып жатқан қимылды білдіреді. Оқушы ұзақ уақытқа созылған қимылды тұр, отыр етістіктерімен тіркесуге болмайтынын меңгеру керек.
57. Етістіктің аналитикалық форманттарының қызметі «Аналитикалық формант»термині есімге де, етістікке де тән. Аналитикалық формант грамматикалық категориялары бар сөз таптарына қатысты. Олардың ішінде сапалық сын есімнің шырай категориясының аналитикалық формасы бар екенін кейбір ғалымдар көрсетіп жүр. Өте үлкен, ең жақсы, тым әдемі, өтетаза т.б. қолданыстағы сөздер күшейтпелі шырайдың аналитикалық формаларына жатады. Сондай-ақ сен үшін, ауылдың маңы, үйге қарай дегек тіркестерді септіктің аналитикалық формасы дейтін пікірлер де кездеседі. Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалық аналитизм мәселесі дәлелденбегендіктен, аналитикалық формант ұғымы тек етістікпен байланысты қаралып жүр. Түркі тілдерінде сөздің аналитикалық формасы туралы теорияның негізін салушы, түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формаларын зерттеуші ретінде ғалым А.АЮлдашевті атауға болады.Ал қазақ тіл білімінде профессор Н.Оралбаева қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарын жалпы зерттеген, оның етістіктің барлық категорияларына қатысты екенін дәлелдеген, аналитикалық формант, форма теориясының негізін қалаған. Әр категорияға қатысты негізгі аналитикалық форманттарды көрсеткен.Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар. 1-ден, сөздің аналитикалық формасы дербес сөз бен көмекші сөздің бірлігінен тұрады. Ғалым Ә.Хасенов аналитикалық формаға былайша сипаттама береді: «Аналитикалық форма дегеніміз - атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма. Мәселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. аналитикалық формалы сөздер» . Дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде оның грамматикалық мәні ескерілуі қажет. Тек қана грамматикалық сипаттағы дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесінің аналитикалық форма бола алатыны есте болуы керек. Мысалы, күліп жіберді, өте үлкен, тап-таза т.б. 2-ден, сөздің аналитикалық формасы грамматикалық категориясы бар сөз таптарына қатысты. Қазақ тілінде грамматикалық категориялары бар сөз таптары деп зат есім, сын есім және етістік аталып жүр. Осы үш сөз табының ішінде етістіктің аналитикалық формасы дәлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің аналитикапық формасы әлі ғылымда шешімін таппаған мәселелер қатарында қалып отыр. Зат есім мен сын есімнің грамматикалық категорияларының мағыналарын білдіретін көмекші сөздер бар. Аталған үш сөз табының ішінде зат есімнің септік категориясының аралас аналитикалық формасы және сапалық сын есім шырайының аналитикалық формасы бар. 3-ден, сөздің аналитикалық формасын жасайтын көрсеткіш -аналитикалық формант.Аналитикалық формант - сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөздің бірлігінен тұратын, не тек көмекші сөзден тұратын категория мағынасын білдіретін морфологиялық көрсеткішті атасақ, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын грамматикалық қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірлік болып саналады. 4-ден, сөздің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалық форманттың құрамы тұрақты, оны өзгертуге болмайды. Мәселен, қимылдың өту сипаты категориясының мағынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағынаны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мысалы, бұл форманттың құрамындағы =а жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол қимылдың созылуын, қайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл аналитикалық формант құрамының тұрақтылығын дәлелдейді. 5-ден, аналитикалық форманттар грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіштерге жататын болғандықтан, олар грамматикалық мағына береді.Демек, аналитикалық формалы сөз лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мәнді де білдіреді. Мысалы, өте үлкен дегендегі үлкен сөзінің лексикалық мағынасы да өте сөзінің асыру мәні де яғни грамматикалық мағынасы да қоса қабат көрінеді. Күліп жіберді, келе бастады десек, күлу қимылы да және оның тез, кенет жасалу мағынасы берілсе, келе бастады дегенде келу қимылы да жөне оның басталу мағынасы да қоса беріліп тұр.А\қ формант құрамында келетін қосымшалар- көсемше, есімше, шартты рай мен қалау рай жұрнақтары. Осы аталған қосымшалармен тіркесетін тілде отызға жуық көмекші етістіктер бар болса, олардың бірлігінен жасалған аналитикалық форманттар саны 70-тен астам. Мысалы, -а ал, -п ал, -а бер, -п бер, -а баста, -а бар, -п бар, -п біт, -п кел, -п шық, -а шық, -а жазда, -п жібер, -п қал, -а қал, -п кет, -е кет, -п қой, -п сал, -а сал, -п түс, -е түс, -п отыр, -п тұр, -п жүр, -п жат., -п жатыр, -а жатыр, -п таста, -п бақ, -п өт, -п біт, -п көр, -ған бол, -ғы кел, -а көр, -са екен, -са игі еді, -п еді, -ғай еді,-атын еді, -мақ еді, -са еді, -ар еді, -п келе жат, -а көрме, -п жүре бер, -п сала бер, -п кеп кет, -п кеп жібер, 0 еді, 0 емес, 0 жоқ т.б. 58,59. Жалаң, күрделі аналитикалық форманттар
Аналитикалық форманттар құрамы жағынан жалаң (дара) және күрделенген (күрделі) аналитикалық форманттар болып екіге бөлінеді. Бір, екі, үш морфемалы аналитикалық форманттар жалаң аналитикалық формантгар деп аталады. Мысалы, Қатты өзгеріп, жаны толқынғатүскен Абай әлі оңалған жоқ (М.Әуезов). Менің күлкім түрткі болды да, сахнада тұрған артистердің бәрі күліп жіберді (Қ.Байсейітов). Толып жатқан үйді бір аралап шыққысы келеді (М.Әуезов). Мұнда 0 жоқ, -іп жібер, -қысы кел аналитикалық форманттар қолданылған. Олар 0 жоқ форманты бір морфемадан, -іп жібер екі морфемадан, -қысы кел үш морфемадан құралған.Бір морфемалы аналитикалық форманттарға 0 еді, 0 екен, 0 емес, 0 жоқ форманттары жатады, олардың саны аз, бірақ тілде өте жиі қолданылады. 0 еді аналитикал ық форманты - қатыстық өткен шақтың көрсеткіші. Мысалы, Менің бүгінгі шарықтаған табысымды Александров, Жүргенов, Құрманбек көрсе ғой, қуаныштан жүректері жарылып кетер еді.0 екен форманты да өткен шақтық мағына береді. Мөселен, Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен (М.Әуезов). Жоғарыда 0 еді мен 0 екен аналитикалық форманттары өткен шақтық мағынаны білдіреді. Бірақ 0 еді формантын субъекті өзі қатысқан өткен уақыттағы іс-қимылмен байланысты қолданса, екінші мысалдағы 0 екен формантын субъектінің өзі қатыспаған, көрмеген еткен кездегі іс-қимыл туралы айтқан кезде ғана қолданады .Төрт морфемалы аналитикалық форманттар күрделенген аналитикалық форманттар деп аталады. Мысалы, Қисса, ертегі, күйлерді бар ықыласын қоя тыңдайды, нота біледі, ұнағандарын дереу нота дәптерлеріне жазып ала қояды .Күрделенген аналитикалық формант бір ғана мағына береді, оның құрамындағы морфемалардың орны тұрақты, олардың арасына басқа морфема қосылмайды. А. Ф. тілде 3 түрлі жолмен жасалғанын байқауға болады: 1) күрделі етістік арқылы; 2) еді, екен, емес, жоқ көмекші етістіктері арқылы; 3) анапитикалық форманттардың өзара бірігуі арқылы.А.ф етістік категорияларының мағынасын білдіреді, солардың морфологиялық формасы болып жұмсалады. А. форманттардың категорияларға қатысы тұрғысынан қимылдың өту сипаты категориясы мен модальдылық категориясының, рай категориясының, шақ категориясының, болымсыздық категориясының а\қ форманттары деп көрсетуге болады.А\қ форманттар түрлі категорияларға қатысты. Бұл туралы профессор Н.Оралбаева: «... қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категорияларында синтетикалық форма мен қатар аналитикалық форманың кең қолданылатынын көрсетеді. Атап айтқанда, етістіктің аналитикалық форманттары мына категорияларда қолданылады: модальдылық, қимылдың өту сипаты, рай, болымсыздық категориялары». Аналитикалық форманттардың көпшілігі қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясының мағынасын білдіреді. Мәселен, Осы сәтте есік қоңырауы шылдырлап қоя берді. Абай қатты бір күдік ойлап, Қарабастың қасына келіп сұрастыра бастады . Ақылбай Абайдың төменгі жағында отыр еді, қатарындағы Әйгерімге салмақпен сыбырлап күліп сөйлеп жатыр .А\қ форманттар модальдық мағынаны да білдіреді. Модаль мағыналы а\қ форманттар сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. М, айта алады, жеңе алады, сұрай алады, қорғай алады. -а ал форманты арқылы сөйлеушінің амалға, қимылға қөзқарасы, іс-әрекетке, қимылға деген пікірі беріліп тұр. Бұндай көрсеткіштер мағынасы тұрақты, тілде үнемі осы бір мағынада қолданылады. Жоғарыда аталған а\қ форманттан басқа да модальдық мағынаны білдіретін а\қ форманттар бар. Олар: -ғы кел, -а біл. Мысалы, сөйлей біледі, шыдай біледі, тыңдай біледі, көре біледі, жаза біледі, айтқысы келеді, жасағысы келеді, білгісі келеді, барғысы келеді т.б. А. Ф. бұйрық рай мағынасын білдіреді. М, Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған!... - деп, әкесі жақты нұсқап, Абайдыңа уызын ашырмай, шалқалатып жыға берді.А .ф қалау рай мағынасын білдіреді. Қалау мағынасы -са игі еді, -са екен, -са еді а. ф арқылы беріледі. М, Өзінікі болса игі еді. Соны текбір қайырып айтсаңыз екен. Осылар айта берсе екен, араласа берсе екен. А. Ф. нақ осы шақ мағынасын білдіреді. -п отыр, -п жатыр, -п тұр, -п жүр, -п келе жатыр, -п бара жатыр аналитикалық форманттары нақ осы шақ жасайды. Мысалы, Баймағамбет сөйлеп отыр. А.ф. етістіктің болымсыздық мағынасын білдіреді. Болымсыздық мағынаны білдіретін екі аналитикалық формант бар. Олар: 0 + емес, 0 + жоқ аналитикалық форманттары. Емес, жоқ көмекшілерінің сөзге ешбір қосымшасыз тіркесетінін көрсету үшін оны мынадай 0 белгімен көрсетеді. Мысалы, Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес. 60. Аналитикалық форманттардың қолданылу аясы.Аналитизм – (гр.analysis – ыдырау) деген мағына береді. Сөздің а\қ формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің а\қ формасының құрамына енетін негізгі сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. М: келе жатыр деген тіркесте негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз - келе етістігі, ал жатыр етістігінің дербес лексикалық мағынасы бұл тіркесте сақталмаған, ол көмекші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып, соларға тән қызмет атқарып тұр. Белгілі бір сөздердің тіркесінің сөз тіркесі емес, а\қ форма болу үшін, оның белгілі бір грамматикалық категориялардың мағынасын беруі керек.А\қ етістік я аналитикалық тұлға болу үшін, дейді А.Ысқақов,- біріншіден, негізгі етістік, екіншіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, көмекші қызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. А\қ етістік кемі осындай 3 компоненттің тіркесуі арқылы жасалады.
А\қ етістік грамматиканың семантикасын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі – көсемше жұрнағы мен көсемше етістік - мағына жағынан да, қызметі жағынан да дәйім бірлікте жұмсалады да бір ғана форма ретінде қызмет етеді. Бұл грамматикалық форма а\қ қосымша я а\қ формант деп аталады.А\қ форманттың І компонентінің есебінде көсемшенің й (а, е), ып, (іп, п) жұрнағы қызмет етеді де, екінші компоненті ретінде толымды көмекші етістік жұмсалады.
Әрбір а\қ форманттың өзіне тән мағынасы бар:
1. – п, ал – форманты негізгі етістікке жалғанғанда субъект өзге істі қол тұрып, я басқа іске көшпей тұрып, әрекетті әуелі өзі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән үстейді: көріп ал, жұлып ал, сыпырып ал, жуынып ал, сөйлесіп ал. – й ал форманты сол амалды жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін білдірерліктей
реңк жасайды. Мысалы: үйден шыға алмадым, бітіре аласың ба?
2. – п бар – амалдың бірте-бірте я үдеуін, я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк үстейді. Мысалы: кетіп барады, тасып барады, бітіп барады т.б.– й бар амалдың мақсатын не одан жол-жөнекей істелетін амалды білдіреді. Мысалы: ала бар, қарай бар, сұрай бар.
3. – п бер амалдың бөгде адам үшін істелетінін көрсетеді. Мысалы: айтып бер, жазып бер, алып бер.
– й бер амалдың тоқтаусыз жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: жаза бер, ала бер,көре бер.
4.-п кел -й кел
өсіп келеді қорыта кел
көркейіп келеді сөйлей кел
5. -п сал -й сал
айтып салды ала сал
шығарып салды жаза сал
6. -п кет -й кет
қалғып кетті қисая кет
үсіп кетті құлай кет
Толымсыз көмекші етістіктер де а\қ форманттар жасауға қатысады:
– ып еді (айтып еді) – са игі еді (айтса игі еді)
қан еді (айтқан еді) – ушы еді (айтушы еді)
атын еді (айтатын еді) – а жатқан еді (бара жатқан еді)
ар еді (айтар еді)
Көмекші етістіктің қатысымен күрделі өткен шақ категориясын жасайтын мынадай а\қ форманттар қалыптасқан:
-ған екен (барған екен).
атын екен (баратын екен)
ады екен (барады екен)
са екен (барса екен)
ар ма екен (барар ма екен)
мақшы екен (бармақшы екен)
а жатыр екен (бара жатыр екен)
ып жатыр екен (барып жатыр екен)
тұр, жүр, отыр – арқылы (сөйлеп тұр екен).