Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфонология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)

54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.

Көмекші етістіктер көне жазба ескерткіштерден бастап қазіргі түркі тілдерінің барлығында да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі зерттелу тарихы Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерден басталады. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің нақтылы саны анықталып, зерттелмеген деуге болады. Себебі, тілші-ғалымдар еңбегіндегі көмекші етістіктерге берілген сипаттамаларда олардың саны нақты көрсетілмейді.    Ы.Маманов пікірінде кішігірім қайшылықтар бола тұрғанмен, толымды (мәнді) көмекші етістіктерге қатысты есім сыңарлы күрделі етістікті тіркесті түбір етістік деп атап, олардың сөзжасамдық қызметін анықтады, күрделі етістіктер мен аналитикалық етістіктердің семантикалық айырмашылықтарын көрсетті т.б.Көмекші етістіктер. Оларды 3 негізгі топқа бөлуге болады: 1. Өзіндік лексикалық мағынасы жоқ көмекші етістіктер. Олардың саны үшеу: е (ту) –еді, екен, емес; -деу-ден, деген; жаздау. Мысалы: Сіз қандай жерде еңбек еттіңіз? Немесе не дейді? Т.б. 2. Негізгі және көмекші етістіктер. Олардың саны төртеу: отыру, тұру, жату, жүру. Мысалы: Сіз не жазып отырсыз? Ол маған қарап тұр. Олар ұйықтап жатыр. 3. Өзіндік мағынасы бар, күрделі етістік жасайтын көмекші етістіктер. Олардың саны 30-дан астам: айту, алу, бару, беру, қалу, салу, түсу т.б. Мысалы: Кеше көп тілек айтылды. Мына жерді сүртіп ал. Грамматикалық дамудың нәтижесінде өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен етістік түрі көмекші етістіктер деп аталады. Тілде көмекші етістіктердің саны аса көп емес. Бірақ олардың тілде атқаратын қызметі орасан зор. Қазақ тілінде отызға тарта көмекші етістіктер бар. Олар: ал, баста, бар, бер, біл, бақ, де, еді, ет, екен, емес, жазда, жатыр, жүр, тұр, отыр, кел, кет, қой, көр, жібер, жөнел, сал, түс, таста, қал, шық, қара, ет, біт. Көмекші етістіктердің өзіне тән бір ерекшелігі - көмекші етістіктердің лексикалық мағынасының болмауы. Мысалы, Екі көзі көкпеңбек, беті-мұрны қызарған, сағал сары Баймағамбет Абайдың мінезіне күліп жіберді (М.Әуезов). Берілген сөйлемдегі жібер көмекші етістігі қолданылған, ол етістікте ешқандай лексикалық мағына жоқ, күліп жіберді дегенде әңгіме күлу туралы болып отыр.Профессор А.Ысқақов көмекші етістіктердің қызметі туралы былай дейді: «Олардың көмегі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да, мағынасын толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық,грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы, шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады... деген етістіктердің бірі-бірінен ерекшеленетін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ажыратуға болады».К.е жетекші етістікке көсемше, есімше жұрнақтары арқылы тіркеседі. Мысалы, кел + е қойды, кет + іп қалды, кел + ген еді, келе + тін болды, кел + се екен, кел + іп алды т.б. Кейде бір жетекші етістікке бірнеше көмекші етістіктер тіркесе береді. Мәселен, біткелі қалып еді т.б. К.е қолданылу аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларға қосатын мағынасы мен түрлену сипаты жағынан бәрінде бірдей емес. Сондықтан олардың өзі іштей толымды және толымсыз көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.Толымды көмекші етістіктердің қатарына келесілер жатады: ал, бер, бар, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жібер, жүр, жөнел, кел, кет, көр, қал, қара, қой, таста, түр, отыр, өт, сал, шық, де, қыл. Толымды көмекші етістіктер әрі жетекші, әрі көмекші қызметте жұмсала алады. Мысалы, Ол жұдырықпен қойып қалды, олардан қалып қойды дегендегі алдыңғы тіркесте қал етістігі көмекші, екінші тіркесте жетекші бол ып тұр. Ал толымсыз көмекші етістіктерге е, ет, жазда, де сөздері жатады. Олар тілде үнемі көмекшілік қызметте ғана қолданылады. Көмекші етістіктердің бәрі категориялар мағынасын білдіріп, категориялардың аналитикалық формаларын жасауға қатысады.

55. Көмекші етістіктердің аналитикалық формант ретіндегі қызметі.Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолданылады. Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін білдіріп тұратын сыңарын негізгі етістік, күрделі етістіктің негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші етістік деп атайды. Көмекші етістіктің мәнді, мәнсіз (Ы.Маманов) немесе толымды, толымсыз (Ысқақов) түрлері болады.

Мәнсіз етістіктер – е, ет, жазда, де.Мәнді көмекші етістіктер: өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын түбір етістіктер тұлғасындағы атауыш сөздер (барып келгелі, үре бастады).

Толымды көмекші етістіктер: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел, жібер, кел, қал, таста, тұр, шық, қыл, ет (259. Ысқ.. ҚҚТ).Толымсыз көмекші етістіктер: е (еді, екен, емес). Бұл көмекшілер өздері тіркескен сөздерге ешқандай да лексикалық мағына я реңк үстемейді, тек грамматикалық мағына ғана жамайды. Күрделі етістіктер қазақ тілінде өте көп қолданылатын формалардың бірі болып табылады. Олар құрамына және грамматикалық мағынасына қарай үш топқа бөлінеді:

Есімдер мен еліктеуіштердің көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалатын тіркесті түбір етістіктер: жек көру, таң қалу, ер жету, құр қалу, тарс ету, гүрс ету. Күрделі етістіктің бұл түрі ешқандай грамматикалық үстеме мағына білдірмейді де, лексикалық единица есепті қолданылады. Сондықтан да бұл форма сөз тудыру категориясына жатады.Еді көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалатын күрделі формалар: оқыған еді, көрген еді.

Көсемше тұлғасындағы етістікке көмекші етістіктің тіскесуі арқылы жасалатын формалар: оқып шыққан, келе жатыр. Күрделі етістіктер құрамындағы негізгі етістіктің мағынасына қарай «Қазақ тілінің грамматикасында» үшке бөлінген:

а) кесімді күрделі етістік.

ә) босаң күрделі етістік.

б) бейімді күрделі етістік.

Ал, Ысқақов оқулығында «Қалау мәнді күрделі етістік» түрі қосылған (63-б)

1. Кесімді күрделі етістіктердің алдынғы негізгі сыңары өткен шақ көсемше формасында жұмсалады, бұл тіркес іс-әрекеттің тиянақты кесімді түрде өтетінін білдіреді: (жеп қой, алып қой, айтып қой).

2. Босаң күрделі етістіктің алдынғысы келер шақ көсемше формасында жұмсалады да, бұлар қимылдың, іс-әрекеттің арнайы емес, жол-жөнекей, екінші бір іспен байланысты өтетінін білдіреді: ала кел, айта бар, кіре шық.

3. Бейімді күрделі етістік мақсатты келер шақ көсемше формасының (-ғалы, -гелі) қалып етістігімен тіркесуі арқылы жасалады: шығарып салғалы келіпті, құлағалы тұр.

4. Қалау мәнді күрделі етістік: ғы/гі, қы/кі форманты арқылы жасалады: барғым келеді, айтқысы келеді т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]