Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфонология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер

 Ы.Маманов қазақ тіліндегі барлық етістіктердің тізбегін мына түрде көрсетеді:

 1. Етістіктер:

а). Түбір етістік                             ә) Модификациялық етістіктер

1. Негізгі түбір                    1. Етістер

2. Туынды түбір                  2. Күшейтпелі етістік

3. Кіріккен түбір                  3. Күрделі етістік

4. Қос түбір

5. Тіркесті түбір Етістік құрамына қарай дара етістік және күрделі етістік болады. Күрделі етістіктер негізгі және көмекші етістіктер болып бөлінеді. Күрделі етістіктер әр түрінің өзіндік лексикалық мағынасы бар екі немесе бірнеше сөздерден тұрады.  Оларды үш түрге бөледі: 1. біріккен күрделі етістіктер: әкелу-алып келу; апару-алып бару; сөйту –солай ету. 2. қосарланған күрделі етістіктер: күліп-ойнау; жылап-еңіреу; азып-тозу. 3. тіркескен күрделі етістіктер: жақсы көру; көңіл бөлу; күн көру; жақсы көру.Күрделі сөз тілде кең қолданымды құбылыс болғандықтан, оны назардан тыс қалды деуге болмайды. Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер жайлы зерттеу

ісі ХІХ-ХХ ғғ. аралығында, түркі тілдерінің алғашқы грамматикалары жасала бастаған кезде қолға алына бастады.Бұл дәуірге И. Гиганов,

А. Казамбек, И.М. Мелиоранский, В.В. Радлов, Н.И. Ашмарин, т.б. сынды

зерттеушілердің еңбектерін жатқызуға болады. Бұл еңбектерде күрделі сөздің кейбір құрылымдық тұстары ғана айтылып, жалпы мәлімет тұрғысынан

сипатталған. Ал осы мағлұмат келешек зерттеулерге негіз болды.

А. Казамбектің күрделі сөз жайындағы көзқарасын айтуға болады. Ол түркі тілдерінің тілдік байлығын,

құдіреттілігін, бейнелілігін айта келе, тілде бірнеше сөздерді тіркестіріп қолданылу әдісі бар екенін айтады. Соның ішінде күрделі сөздің бір түрі

күрделі етістікке тоқталады. Зерттеуші «составное слово»

деген терминді қолдануда сөздердің құралу тәсілін көрсетпек болған сияқты. Онда сөзжасалымдық қасиет бар екенін анықтап, оны тұтас қалпында бір сөз ретінде таниды, оған дұрыс анықтама береді. Бұл тұжырымдар тілдің

сол кездегі тұрғысынан қарағанда құнды пікірлер. Қазір түркітанымда «күрделі сөз, сөзқосым» деген ұғымдар әбден тұрақталып,

күрделі сөзге қатысты кеңінен қолданылып келеді.Радлов та сөзқосымның табиғаты жайында біраз құнды ойлар қалдырған. Әсіресе, бір ұғымды білдіретін есім мен етістіктің тіркестерін күрделі сөз деп танып, оларды түркі тілдеріне тән құбылыс екендігін айқындаған. ғалым қос сөздерді оның түрлеріне қатысты зерттеп, «сложение» терминін «сөзқосым» мағынасында жұмсаған.

Белгілі түркітанушы А.А. Юлдашев күрделі сөздерге түркі тілдері өте бай екенін және ерекше орын алатынын айта келіп: «Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер молдығына қарамастан, олар не термин тұрғысынан, не бірлік тұрғысынан грамматикаларда да,

сөздіктерде де толық сипаттама алған емес», – дейді. Автордың күрделі сөздер құбылысының табиғатынашатын зерттеулер әлі күнге ғылыми

тұрғыда жеткілікті дәрежеде жүйеленген де, зерттелген де емес деуінің әбден

жаны бар. Ғалым осы салада арнайы зерттелу жұмыстарының аздығын,

бұл проблема әлі де күн тәртібінде тұрғандығын, өз деңгейінде шешімін таппай келе жатқандығын тілге тиек етеді. А.А. Юлдашев түркі тілдерінің күрделі сөз құбылысының жалпы табиғатын, құрылысын ашатын қомақты

ғылыми еңбектің жоқтығын айтып өтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]