Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфонология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.

Топтық сан есімдер жеке заттың санын емес, топтанғаан заттың әр тобының санын білдіреді.

Топтық сан есептік саннан көнерген шығыс септік арқылы жасалады да, топтың шама, мөлшерін білдіреді. Мысалы: бес-бестен, жүз-жүзден, отыздан, оннан отыздан екі топқа бөлінесіңдер т.б.

Кейде шығыс септік жалғауы сан есімге жалғанбай, ол тіркескен зат есімге жалғанып та, топтық сан мәнін білдіреді. Мыс: он қойдан бөліп алыңдар. Топтық сандар да дара, күрделі болып бөлінеді. Дара топтың сандары бір ғана саннан тұрады. Мыс: бестен, сегізден. Күрделі топтық сан күрделі сан есімнен жасалады.Мыс: он бестен, он-оннан.

Бөлшектік сандар заттардың сандық бөлшегін яғни бөлшектің саын білдіреді. Мыс: оқушыларымыздың төрттен бірі өте жақсы оқиды.1)Бөлшектік санды есептік саннан бөлетін санның шығыс септікте тұруы арқылы жасалды, бөлшектік сан қосымшасыз не тәуелдік жалғауымен айтылады: оннан үш, үштен бір. 2) бөлшектік санның бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауында тұрады: екінің бірі, төрттің екісі, үштің бірі. 3) бөлшектік сандар есептік санға жарты, жарым, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: бір жарым ай, жары жолымыз қалды.

Болжалдық сан есімдер заттың нақты санын емес, заттың санын шамамен мөлшерлеп береді. Олар есептік саннан синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Болжалдық сандардың синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп болжалдық санның есептік саннан қосымшалар арқылы жасалуы аталады. Болжалдық сан жасайтын қосымшалар: ) –лаған, леген, даған, деген, таған, теген жұрнағы есептік санға жалғанып, одан болжалдық сан жасайды: елулеген. Алпыстаған, жүздеген; 2)дай, дей, тай, тей жұрнағы есептік сандарға жалғанып оған болжал мән үстейді: елудей, мыңдай, алпыстай, жүздей.

Бұл жұрнақ сан есіммен тіркескен зат есімге жалғанып та болжалдық мағына береді; арада бес күндей уақыт өтті.

Болжалдық сан есімдердің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:

1. Есептік сандардың қосақталып қос сөз жасауы арқылы сан есім болжалдық мағынаға ие болады: бес-алты қалам, он-он бес оқытушы, жиырма-отыз дүкен т.б.

2. Болжалдық сан есесптік санға шақты, шамалы, шамасында, тарта, қаралы, жуық, астам, таяу шылаулары тіркесіп, оған болжалдық мән қосады: жүз шақты адам, қырық шамалы қара мал, екі жүз ашамасында болып қалар т.б. Болжалыдқ сан есімдер түрленбейді, тек заттанғанда зат есім қосымшалармен түрленеді. Мыс: ондағаны өндіргені,. Ондарда келейік. Сағат бестерден қалма т.б.

50. Қосарланған сандардың қолданылуы. Қосарланған сан есімдер көп жағдайда топтық сан есімдерде қолданылады. Топтық сан есімдер жеке заттың санын емес, топтанғаан заттың әр тобының санын білдіреді.

Топтық сан есептік саннан көнерген шығыс септік арқылы жасалады да, топтың шама, мөлшерін білдіреді. Мысалы: бес-бестен, жүз-жүзден.

Есептік сандардың қосақталып қос сөз жасауы арқылы сан есім болжалдық мағынаға ие болады: бес-алты қалам, он-он бес оқытушы, жиырма-отыз дүкен т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]