Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфонология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.

43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.

44. Аналитикалық туындылардың бірге және бөлек жазылу мәселесі. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір

сөздер болса, ал аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады.Күрделі сөздердің сыңарлары қалай болса солай, кез келген сөзден жасала бермейді, оның өзіндік заңдылықтары бар. Қазақ тілінде күрделі сөздің бірге жазылуы міндетті емес.Күрделі сөздердің сыңарларының бөлек жазылуы жалғыз қазақ тілінде емес, басқа түркі тілдерінде де ол күрделі сөздің танылуына кедергі болып саналмайды.Өзбек тілінің маманы Минира Ганиходжаеваның осы мәселедегі пікірін келтірейік: «Под сложными словами мы понимаем слова состоящие из нескольких компонентов, обьединенных одним понятием, т.е.

передающих название одного предмета, что возможно при лексикализации

свободного словосочетания, в результате которой синтаксические отношения

сочетающихся слов отходят на задний план и словосочетание

воспринимаются как обозначение единого понятия.При этом слитное или раздельное написание роли не играет, в то время как в индоевропейских языках, в германских языках «цельнооформленность» является одним из ведущих критериев при определении сложного слова», - дейді.

45. Туынды сын есімдердің атауыштық қызметі.Сөздер қолданыста,сөйлемде бір-біремен түрлі қарым қатынасқа түседі, сондай қарым қатынаста сөз таптарының бір бірімен алмасу процесі болып тұрады. Мәселен, сын есім сөздер сөйлемде зат есім сөздермен алмасып, зат есім сөздердің орнына қолданылуы тілден орын алады.Мұндай жағдайда сын есім сөздер зат есім сияқты түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, тәуелденеді. Бұл сын есім сөздер заттанған яғни субстантивтенген сын есімдер деп аталады. Және осы прцесте ол атауыштық қызмет атқарады. Сын есімнің заттануы екі топқа бөлінеді: 1. Контекстік заттану; 2. ЛЕКСИКАЛЫҚ ЗАТТАНУ.Контекстік заттану деп белгілі контексте ғана заттық мағынаға ие болатын сын есімдер. Мыс:білімдіден үйрен, көргенсізден аулақ бол т.б. Сын есімдердің кейбір заттанған түрлері бара бара заттық лексикалық мағынаға көшкен. Мыс: байдың малы, кедейдің киімі, жастың ісі, боз-бетегелі, изенді ақ дала дегендердегі бай, кедей, жас, боз сөздері сын есімнен лексикалық мағынамен зат есімге ауысқан сөздер.Мыс: ұзынсары, ақшабдар, ақ көйлекті.

46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.

А) Есім сөздерден сын есім жасайтын: лы/лі, ды/ді, ты/ті : таулы, өнерлі, орманды, көрікті; сыз/сіз: ормансыз, көріксіз; ғы/гі, қы/кі:қысқы, төменгі, жазғы,ішкі; лық/лік, дық/дік: балалық, адалдық, жігіттік; шыл/шіл: ойшыл, еңбекшіл; дай/дей; тай/тей: үідей, жолбарыстай т.б.Б)етістіктен сын есім жасайтын: ғақ/гек, қақ/кек, ақ/ек: жабысқақ, тайғақ, бөлек; ық/ік, қ/к: тұнық, бітік, сирек; шақ/шек: тартыншақ, сүріншек; аған/еген: қабаған, тебеген; палы/балы/белі: үрмелі, көшпелі; ғыр/гір, қыр/кір: алғыр, білгі, өткір, тапқыр.

47) Шырай категориясындағы аналитизмнің қазіргі пайымдаулары . Шырайдың аналитикалық тұлғасы негізінен күшейтпелі шырайға қатысты. Күшейтпелі шырай көмекші тілдік бірліктер арқылы жасалатыны осы еңбекте дәлелденді. Шырай грамматикалық категория болғандықтан, оның мағынасын білдіретін көрсеткіштер грамматикалық бірліктерге жатады. Күшейтпелі буынды қос сөздер тобына қосу да қазақ тіл білімінде көптен орын алып келе жатқанын ұмытуға болмайды. Егер күшейтпелі буынды сөз қос сөздер танылса, онда оларды сөздің грамматикалық тұлғасы деп тануға қарсы пікір айтуға болады. Өйткені қос сөздер лексикалық бірлік деп танылады, себебі сөздерді қосақтау әдісі сөзжасамдық әдіс деп танылған. Сондықтан бұл мәселені де шешіп алған жөн. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында А. Ысқақов қос сөздер мәселесін жалпы түрде алып, олардың сөзжасамдық я грамматикалық құбылыс екенін ашпаған [6,111-113 б.б.]. Қайталама қос сөздерге келтірілген мысалдарына лексикалық мағыналы қос сөздер мен грамматикалық мағыналы сөз тұлғалар араласып жүр.М, оқулықта қолма-қол, көзбе-көз, ат-мат, сарт-сұрт, ап-ашық, қап-қара сияқты мысалдар берілген. Әдетте, сөздерде қосақтау сөзжасамдық тәсіл деп саналады. Осы пікірге қолма-қол, көзбе-көз, ат-мат, сарт-сұрт мысалдары сай келеді. Өйткені қолма-қол, көзбе-көз дегендер зат есімнен жасалған үстеулер, ат-мат т.б сияқты заттардың аты, ал ап-ашық, қап-қара күшейтпелі шырай тұлғалы сапа сыны. Бұдан қос сөздер мәселесінде үлкен қайшылық байқалды. Рас, осы мысалдарды жеке-жеке талдағанда, ғалым оларға дұрыс түсінік беретінін еске саламыз. Мәселен, «Бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздерге ап-ащы, жап-жақсы, кіп-кішкене, теп-тегіс тіп-тік, сап-сары сияқтылар жатады. Қос сөздердің бұл түрі үстеме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер деп аталады. Бұл сөздердің үстеме (я күшейтпе) буындары тиісті сын есімнің әуелгі толық компонентінің әрі ықшамдалып (қысқарып), әрі соңына п- дыбысын жамап алып, бір тұйық я бітеу буынға айналуынан пайда болған. Бұл үстеме буын сөзге жаңа лексикалық мағына қоспайды, тек ұлғайту я солғындату реңкін жамайды», -деп жазған А.Ысқақов. Осы оқулықтан келтірілген мысалдар мен үзіндіден мынадай қорытынды жасалды:1. Ғалым қос сөздің қандай тәсіл екенін анық шешпеген, сондықтан онда сөзжасамдық та, грамматикалық та мәселелер араласып кеткен. 2. Соның салдарынан күшейтпелі шырайдың аналитикалық тұлғасы қос сөздер қатарына қосылған. Оқулықта лексикалық мағына, сөзжасам, грамматикалық сөзтұлға мәселелері қос сөздерде араласып кеткен. Бұл, әрине, қос сөздер мәселесінің ғылымда толық шешілмегенін дәлелдейді. 3. Тілдік деректер, басқа да ғылыми еңбектерге сүйініп, біз қос сөздерді сөзжасамдық тәсіл деп таныдық .  4. Шырай мәселесі бойынша жинаған бай тілдік деректерді негізге алып, күшейткіш буын күшейтпелі шырайдың грамматикалық көрсеткіші деп танылады. 5. Сөйлемде күшейткіш буынмен қолданылған сапа сыны күшейтпелі шырай тұлғасындағы сапа сыны деп саналды.6. Күшейткіш буынмен қолданылған сапа сыны қос сөздерге жатпайды. Күшейтпелі шырайдың аналитикалық тұлғасын жасайтын екінші көрсеткіші – күшейткіш көмекшілер. Олар: өте, аса, ең, тіпті, тым көмекшілер. Бұлар осы уақытқа дейін оқулықтарда, грамматикаларда үстеу деп аталып жүргенімен, белгілі ғалым Н. Оралбаева оны көмекші сөздер тобына қосып, күшейткіш көмекші деп атаған [7]. Біз осы пікірге қосылып, шырай грамматикалық категориясы үстеу сөздер арқылы емес, күшейткіш көмекшілері арқылы жасалып, ол көмекшілер тіркескен сапа сындары күшейтпелі шырайдың аналитикалық тұлғасына жатады деп санаймыз. Мысалы, Абайға күліп қараған көз жанарында аса алыс, бірақ өте жарық жұлдыздың жымыңдап, шұғыла шашқан сәулесі бардай (М.Әуезов). Ол-өте ауыр, тым тұрпайы өмірдің арызы (Ғ.Мүсірепов). Осы мысалдардағы аса алыс, өте жарық, өте ауыр, тым-тұрпайы деген сапа сындары сөйлемде күшейтпелі шырайдың аналитикалық тұлғасында қолданылған. Өйткені олардың мағыналары мен жасалу жолдары аналитикалық сөзтұлғаны дәлелдейді. Олар:1. Аналитикалық тұлғадағы аса алыс, өте жарық өте ауыр, тым тұрпайы сапа сындары алыс, жарық, ауыр, тұрпайы сапа сындарының жоғары дәрежесін білдіріп тұр. 2. Осы сапа сындарының жоғары дәрежесі жұрнақтар, жалғаулар, яғни қосымшалар арқылы емес күшейткіш көмекшілері арқылы берілген.3. Ал сапа сынының жоғары дәрежесі – күшейтпелі шырайдың мағынасы, ол мағынаны білдірген күшейткіш көмекшілері – аналитикалық тәсілдің көрсеткіштері. 4. Күшейткіш көмекшілер тіркескен сапа сыны күрделі сын есімдерге жатпайды, өйткені оларда күрделі сапа сынының мағынасы жоқ, тек күшейткіш көмекші тіркескен негізгі сапаның лексикалық мағынасы ғана болады және ол лексикалық мағынаны күшейткіш көмекші өзгертпейді. Демек, күшейтпелі шырайдың аналитикалық тұлғаларының бір түрі күшейткіш көмекшілері арқылы жасалатыны анықталды. Күшейтпелі шырайдың аналитикалық тұлғалары аналитикалық тұлға теориясына толық сай келеді. Тіл білімінде сөздің аналитикалық тұлғасының теориясының негізін қалаушылардың бірі саналатын А.И. Смирницкийдің аналитикалық сөзтұлғаны төмендегіше анықтаған: «Аналитическая, форма как наиболее специфическое аналитическое образование, взятая сама по себе, есть словосочетание, а именно-сочетание некоторого основного слова (в определенной форме) с известным служебным словом (или с комплексом служебных слов, что пока можно не рассматривать)» [5, с.66]. Бұл анықтама, теория тіл білімінде қалыптасқан, танылған, қолданыстағы теория болып саналады.А.И.Смирницкий аналитикалық сөзтұлға теориясын 1959 жылы жазған болатын, ол пікір 2004 жылғы «Русский язык» кітабындағы шырайдың аналитикалық тұлғасында қолданылғаны теорияның дұрыстығын, өміршеңдігін дәлелдейді. Түркі тілдерінде бұл теорияны бірінші А.А.Юлдашев қолданған болатын [13]. Қазақ тіл білімінде сөздің аналитикалық тұлғасын бірінші рет 1971 жылы докт.диссертац. Н.Оралбаева дәлелдегені белгілі [14]. Н.Оралбаева дәлелдеген бұл теория 1974 жылы жоғары оқу орнына арналған «Қазіргі қазақ тілі» «Морфология» оқулығына кіріп, ол 1991 жылғы басылымда сақталып, содан бері ол студенттерге оқытылып, мамандар ол оқулық бойынша білім алып келеді. Сондықтан сөздің аналитикалық тұлғасы туралы теория – қазақ тіл білімінде қабылданған, танылған теория. Осы ғылыми еңбектердің бәрінде аналитикалық сөзтұлғаның грамматикалық категорияларға қатысты екені дәлелденген. Бұл ұстанымға шырайдың аналитикалық тұлғалары сай келеді, өйткені шырай – грамматикалық категория, сондықтан оның мағынасын білдіретін көрсеткіштер грамматикалық категорияға қатысты.Екіншіден, грамматикалық категорияның мағынасын білдіретін көрсеткіш көмекші сөз болуы керек.  Бұл ұсынымға да шырайдың аналитикалық тұлғасы сай келеді. Өйткені күшейтпелі шырай мағынасын беретін күшейткіш буын және күшейткіш көмекші сөзге жатады.Үшіншіден, грамматикалық категорияның көрсеткіштері сөздің сөйлемде қолданылуында қызмет етеді, оның сөздікке қатысы жоқ. Шырайдың аналитикалық тұлғалары бұл белгіге де сай келеді, шырай жасайтын көмекшілер сөйлемде қызмет етеді. өртіншіден, сөйлемдегі аналитикалық тұлғалы сөз сөз тіркесіне ұқсайды, бірақ одан айырмасы- сөз тіркесі екі лексикалық мағыналы сөзден құралса, аналитикалық тұлғалы сөз бір лексикалық мағыналы сөз бен бір (кейде екі) көмекші сөзден құралады. Шырайдың аналитикалық тұлғалы сөзі бір сапа сынынан, бір күшейткіш көмекшіден құралады. Сын есімнің грамматикалық шырай категориясымен сапа сындары ғана түрленеді. Шырай деп сындық белгінің әр түрлі заттардығы дәрежесін білдіретін граммтикалық категория аталады. Мыс: қызық, қызығырақ, қызықтау, қып-қызық, өте қызық, ең қызық, тым қызық, аса қызық, тіпті қызық дегендердің бәрі –бір қызық деген лексикалық мағыналы сөздің шырайдың түрлі тұлғасындағы сөздер. Мұндағы қызық деген сапа сыны сындық белгінің негізгі дәрежесін білдіреді, қызығырақ, қызықтау деген сөзтұлғалары –салыстырмалы шырайдың тұлғасындағы сапа сындары.Олар сапаның төменгі дәрежесін білідіреді. Ал қып-қызыл, өте қызық, ең қызық, тым қызық, аса қызық, тіпті қызық деген сөзтұлғалар сындық белгінің жоғарғы дәрежесін білдірген. Бұл мысалда осы граммтикалық сөзтұлғалар – бір шырай категориясы ақылы түрленген сөздер. Бұдан сындық белгінің үш түрлі дәрежесі байқалады, олар белгінің негізгі дәрежесі, төменгі дәрежесі, жоғарғы дәрежесі. Шырайдың осы үш түрлі мағынасына қарай оның үш түрі бар: жай шырай, салыстырмалы, күшейтпелі. Және де олардың жасалу жолында аналитикалық тәсіл үлкен орын алады. Аналитикалық тәсілдің қосарлану, қайталану және тіркесуі арықылы сын есімнің сындық сапалары жасалады.

48. Күрделі сан есімдегі аналитизм мәселесі. Есемтік сан сеімдердің өзіндік бір ерекшелігі олар сөзжасам әрекетіне қатысуға бейім тұрады. Бірсыпыра сан есімдер түбір қалпында тұрып, басқа сөз табына көшкен.Мыс: Бір-есімдікке көшкен, жеті-апта. Үстеуге көшеді: өлім рәсіміне қатысты үші, қырқы, жетісі, жүзі. Аналитикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысу нәтижесінде жасалған зат есім сөздер көптеп кездеседі: Қырықбай, алпысбай, жетікөл, екібастұз, бесжылдық, онкүндік, сегізкөз,екіжүзді т.б. Сонымен қатар бір тал шаш, бір сырлы, бір табан деген сөздерде де есептік сан есім белсенді қызмет атқарады.

Күрделі сан есімнің жасалу жолдары: 1. Күрделі санның құрамындағы андарды бір-біріне қосу арқылы. Оларға ондық пен бірлік жатады. Мыс: он+екі-он екі. Ондық пен бірлік аралас күрделі сандар жүздік, мыңдықтарға , ондық пен бірліктен жасалған күрделі сандар, жүздік аралас күрделі сандар да мыңдыққа қосылу арқ жасалады. Мыс: жүз+елу екі-жүз елу екі, мың+жүз елу.

2. Көбейту арқ жүздік, мыңдық, миллион, миллиард сандардың аты жасалады: екі*жүз-екі жүз, бес*мың-бес мың,үш*миллион-үш миллион.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]