
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
1.Түркітанудағы аналитизм мәселесі туралы жинақталған А.Юлдашев пікірін сипаттау.
Тіл де қоғамдық үрдістермен бірге дамиды, жетіледі, өзгерістерге енеді. Оны әр кезеңнің, әр дәуірдің тілдік деректерінен анық көруге болады. Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер жайлы зерттеу ісі ХІХ-ХХ ғғ. аралығында, түркі тілдерінің алғашқы грамматикалары жасала бастаған кезде қолға алына бастады. Түркітанудың ғылыми нысаналарының бірі – күрделі сөз мәселесі. Тіл білімінде, соның ішінде, түркітануда күрделі сөзге қатысты пікір айтқан және арнайы зерттеу нысанасы еткен біраз еңбекті атауға болады. Белгілі түркітанушы А.А. Юлдашев күрделі сөздерге түркі тілдері өте бай екенін және ерекше орын алатынын айта келіп: «Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер молдығына қарамастан, олар не термин тұрғысынан, не бірлік тұрғысынан грамматикаларда да, сөздіктерде де толық сипаттама алған емес», – дейді. Автордың күрделі сөздер құбылысының табиғатын ашатын зерттеулер әлі күнге ғылыми тұрғыда жеткілікті дәрежеде жүйеленген де, зерттелген де емес деуінің әбден жаны бар. Ғалым осы салада арнайы зерттелу жұмыстарының аздығын, бұл проблема әлі де күн тәртібінде тұрғандығын, өз деңгейінде шешімін таппай келе жатқандығын тілге тиек етеді. А.А. Юлдашев түркі тілдерінің күрделі сөз құбылысының жалпы табиғатын, құрылысын ашатын қомақты ғылыми еңбектің жоқтығын айтып өтеді. Ғалым күрделі сөзді лексикалық ұғым ретінде тануды міндет етіп қойды. Тұжырымдамадан ғалымның күрделі сөз жаңа сипаттағы лексикалық бірлік және оның қалыптасуына сыңарлар мағынасының семантикалық өрісі серия негізгі шарты болады деген ойы аңғарылады. Автордың пікірінше, күрделі сөздің басты қасиеті құрамындағы сыңарлардың сапасында. Күрделі сөздер лексикалық мағынасы бар дара сөз сияқты жеке бірлік ретінде танылып, солармен бір деңгейде есептеліну керектігін айтады.
2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
Сөзжасамның негізгі мәселелері-туынды сөз туралы түсінік, оның жасалу жолдары мен тәсілдері, сөздің тұлғалық түрлері: қос сөз, біріккен сөз, тіркескен сөз және осы салаға қатысты терминдер туралы алғашқы мәліметтер. А.Байтұрсыновтың 1914 жылы жарыққа шыққан «Тіл - құрал» атты еңбегінде кең түрде беріледі. Ғалымның бұл еңбегі қазақ тілі туралы қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқулық әрі зерттеу еңбек болып қазақ тілінің тарихында айрықша орын алады. Еңбекте қазақ тілінің бұрын-соңды зерттеу объектісіне айналмаған проблемалары тұңғыш рет ғылыми проблема есебінде күн тәртібіне қойылды. Зерттеуші қосымшалардың жеке сөз болып табылмайтындығын, сөзге ғана жалғанатын буындар екенін айта отырып, оның қызметі мен мағынасы жағынан екі түрлі болып келетіндігін ескертеді. «Қосымшалар екі түрлі,-дейді ғалым,-біреулері жалғанған сөздің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді. Екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді, сондықтан бастапқы қосымшалар тысқары жалғаулар не тікелей жалғаулар деп аталады; Екінші жалғаулар ішкері жалғаулар не тікелей жұрнақтар деп аталады»,-дейді . Сонымен бірге қазақ тілінде жұрнақтарға қарағанда жалғаулардың сан жағынан аз екендігін, алайда, жалғаудың түбір сөзге де, туынды сөзге де қосыла беретінін, бұған керісінше, жұрнақтың тек туынды түбір құрамында ғана ұшырайтынын айтады.А.Байтұрсынов сөзжасам мәселелерін сөз таптары аясында қарастырады. Қазақ тіліндегі әрбір сөз табын сөз еткенде, олардан туатын жаңа сөздердің қандай жұрнақтар арқылы қалыптасатындығына ерекше көңіл бөледі. Әрбір сөзжасамдық жұрнақтың семантикалық мүмкіншіліктеріне дейін терең талдап көрсетеді. Мұндай әрбір сөз табының сөзжасамдық жүйесін кең тұрғыда талдау әрбір сөз тудырғыш жұрнақтың қызметі мен мағынасын терең әрі жан-жақты таныту автордың басқа да сөз таптарына байланысты айтқан тұжырымдарына да тән.
Қысқасы, А.Байтұрсыновтың «Тіл құралын» қазақ тіл біліміндегі мәселелерді кең ауқымда қарастырған, әрбір сөз табының өзіне тиесілі жүйесін анықтап берген аса құнды еңбек деп білеміз.
3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
Профессор Қ.Жұбановтың 1936 жылы баспа бетін көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» атты мектепке арналған оқулығының алғашқы бөлімінде морфологияға қатысты ғалымның пікірлері баяндалған. Ғалымның «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах», «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» атты зерттеулері арнайы тоқталып өтуді қажет етеді. Қазақ тіл білімінде 1930 жылдардың ортасына қарай бұл салада алғашқы зерттеулер там-тұмдап қана жарық көре бастағаны белгілі. Сондықтан да профессор Қ.Жұбановтың жоғарыда аталған зерттеулері қазақ тіл білімінде осы олқылықтардың орнын толтырған алғашқы зерттеу болды. Жоғарыда аталған алғашқы зерттеуінде автор көмекші етістіктер қимылдың қалай жасалғанын дәлме-дәл көрсетеді дей келіп, оның орыс тіліндегі вид категориясынан мүлде бөлек құбылыс екендігін ескертеді. Бұл зерттеуде ерекше назар аударатын нәрсе - автордың қазақ тіліндегі аналитизм құбылысы туралы айтқан тұжырымдары. Қазақ тіліндегі осы шақ мәнін көрсететін етістіктердің аналитикалық тәсілмен жасалатынын айта отырып, аналитизм түркі тілдерінің барлығына да, соның бірі-қазақ тілінің грамматикалық құрылысында да үлкен орын алатынын атап көрсетеді. Оның пайымдауынша, аналитизм етістіктің грамматикалық категорияларына ғана тән құбылыс емес, жаңа сөз жасауға актив қатысатын сөзжасамдық тәсіл. Ғалым тілдегі қос сөздер мен біріккен сөздердің пайда болуы мен дамуын осы аналитизм құбылысының жемісі деп қарайды. Профессор Қ.Жұбанов «Күрделі сөздердің жасалуы» (Образование сложных слов в казахском языке) атты еңбегінде күрделі сөздердің теориясы мен жасалу жолдары, құрамы мен түрлері, аналитикалық тәсіл, оның тілде күрделі аталымдар жасауда алатын орны т.б. хақында теориялық маңызы зор пайымдаулар жасайды. Профессор Қ.Жұбановтың лингвистикалық мұралары туралы сөз қозғағанда мына бір шындықтан айналып өтуге болмайды.
4.Ғалым Н.О қандай еңбектері а\қ құрылымдар туралы сөз етеді?Ғалым Н.О «Қазақ тіліндегі етіс\ң а\қ формант\ң құрылысы мен мағынасы» атты 1979 жылы Алм. қаласынан «Ғылым» баспасынан шыққан еңбегінде етістіктің а\қ формант\ң құрамы талданады.Форманттың құрылысындағы ортақ белгілеріне қарай топтастыру жасалды және тіркесу қабілеті айқындалып, бұлардың сөз құрамындағы орны көрсетілген. Тілдің осы ерекше көрсеткіштер\ң мағынасы сипатталған. Етіст\ң а\қ формант\ң құрылысы.А\қ форм\ң тіркесімі. Ет\ң а\қ формант\ң мағыналық ерекшелігі.Монографияда ғылымда аз назар аударылған мәселелерге тоқталады. Соның ішінде қазақ тіліндегі ЕАФ-тың құрылысы мен семан\қ ерекшелігі және сөзге тіркесу заңдылықтарына ерекше тоқталады.А\қ формант\ң тіркесімі деген тарауда а\қ форманы, еті\ң категор\а түрленуі, тіркісіміне қарай топтастыру, сөз құрамында алатын орны, ет\к құрамындағы жалпы орны атты тарауларға бөледі. Еті\ң а\қ формант\ң мағыналық ерекшелігі тарауында а\қ форманттың дара мағыналығы, көп мағыналығы, синоним мағынасы, омоним мағынасының а\қ форманттар болып бөліп қарастырады. Сонымен қатар ЕАФ-н 2-ге бөліп қарастырады: Жалаң а\қ форманттар; Күрделі а\қ форманттар.
5.Жалпы тіл білімінде түркі тілдері қандай құрылымды тілге жатқызылады?Тіл\ң типологиялық классификациясы: Даралаушы тип. Даралаушы тіл\ң қатарына вьетнам тілі, қытай тілі, бирма тілі, таи тілі, малайя-полинезей тілдері және Батыс Африка\ң кейбір тілдер енеді. Даралаушы тілдерде сөздер түрлене бермейді, сөз тап\ң формалық жақтан жігі ашық-айқын емес. Сөздік құрамында бір буынды омонимдес сөздер өте мол, олар бір-бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады.Полис\қ тип. Полисинтет\қ тіл\ң қатарына амери\қ индеецтердің тілдері, полеозиат тілдері( ительмен тілі, чукот тілі, коряк тілі, нивх тілі, юкагир) жатады. Агглютинативті тип. А-ті тіл\ң қатарына түркі тілдері, монғол тілдері, угро-фин тілдері және т.б. тілдер жатады.А-ті тілдерде грам\қ мағыналар түбірге аффикс\ң жалғануы арқылы беріледі. Тіл\ң бұл түрінде аффикстердің әрқайсысы көбінесе бір ғана грам\қ мағынаны білдіреді де, олар бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы, қаз. тілінде ту деген сөзге бірнеше аффиксті жалғап, ол сөзді туыс, туыстар, туыстарым,туыстарымнан деген түрде айтуға болады. Туыстарымнан деген сөздің құрамындағы ту морфемасы-негізгі морфема да, қалғандары – көмекші морфемелар. Негізгі морфемаға жалғанып тұрған –ыс –зат есім тудыратын жұрнақ, -тар- көптік жалғауы, -ым – тәуелдік жалғауы, -нан- шығыс септік жалғауы. А-ті тілдерде сөздерге аффикстер жалғанып, сөздің морфологиялық құрамы күрделенгенмен, сөз\ң түбір\ң дыбыстық құрамы күрделен\н, сөз\ң дыбыстық құрамы, негізінен алғанда, өзгермей, сол күйінде\қалады.Флективті тип. Ф-ті тіл\ң қатарына орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі және т.б. тілдер енеді. Ф-ті тілдерде грам\қ мағыналар ішкі флексия тәсілі арқылы да, аффикация тәсілі арқылы да беріледі.