Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аналитизм шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
52.77 Кб
Скачать

10)Тұлғасын, түрлері, ерекшелігі.

Еркін тұлғасындар морфем жігінде сөз соңында тұрады.

Еркін тұлғасындар сөз құрамында қолданылуы да қолданылмауы да

мүмкін. Дәнекер тұлғасындардың еркін тұлғасындардан өзгешелігі-дәнекерлік қызметі болатындығы. Дәнекер тұлғасындардың өзімен омоним жұр нақтардың сөзжасам үлгісімен (аналогиясымен) қолданылады. Тұлғасындар (субморф) – қыстырма дыбыстар сияқты мағынасыз бөлшек. Қыстырма дыбыстан өзгешелігі тұлғаға (субморфқа) ұқсас. Еркін тұлғасындардың сөз құрамында болуы не болмауы сөз мағынасына әсер етпейтіндіктен тұлғасынды және тұлғасынсыз сөз жарыса қолданыла береді. 1. Р дыбысына аяқталған зат есімдерге ым,-ім,-ын,-ін тұлғасындар жалғанып айтылады. Мысалы: мейір-ім, қайыр –ым, самауыр-самаурын т.б. 2. Онша, сонша, осынша, мұнша, сияқты үстеулер мен қанша, неше сұрау есімдіктеріне -ма,-ме тұлғасындары жалғанып, сонша+ма, осынша +ма.3 . Аталған үстеулердің және қанша сұрау есімдігінің соңына лық кейде лық +ты, қосымшалары жатады.Мысалы: онша -оншалық+ты, сонша –соншалық +ты.4. қапы сөзімен бірге қапия сөзінің айтылуында ия тұлғасыны кездеседі. Мысалы: қапыда-қапияда,қапелімде-қапыста. 5. Биттей, титтей, құйттай сөзі ым, ім тұлғасындары битімдей, титімдей, құйтымдай варианттары жасалған. Дәнекер тұлғасындардың еркін тұлғасындардан айырмашылығы сөз құрамындағы міндетті түрде қолданылатындығы және тек морфема жігінде ғана кездесетіндігі,вариант жасай алмайды. Титімдей – еркін тұлғасын, келімсек –дәнекер тұлғасын. Ым, ім тұлғасыны- қыдырымпаз, жасампаз, жағымды, келімсек. Тұлғасын- сөз құрамының ұлғайуы мен ықшамдалуына негіз болатын бірлік. Дәнекер тұлғасын – түбір морфема мен қосымша морфонеманың арасында тұрады. Еркін – сөз ортасында да сөз соңында да тұра береді. Қыстырма ( сөз ортасында: Сыпыр/т/қы), селбеспелі (сөз соңында саза/й/, майса/ң/ ) болып бөлінеді

11) Сөз құрылымының ықшамдалу амалы.Сөз құрылымының ықшамдалу жолы тек морфонологиялық құбылысқа жатады; Сөз басындағы ықшамдалу жолдары; Сөз ішіндегі түсіріліп айтылатын дыбыстар; Эллизия құбылысы; Прокопа құбылысы; Апокопа құбылсЫқшамадлу амалдарына: прокопа – сөз басындағы дыбыстың түсірілуі .Элизия- сөз ішінде түсірілетін дыбыс. Элизия (лат. elіsіo – ысыру, ығыстыру) – сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа аяқталып, оған тіркесіп айтылатын сөздің, жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы дауысты болған жағдайда қатар тұрған бір дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде кейде алғашқысы, кейде соңғысы түсіріліп айтылады. Мыс., бара алмады – бар(а) алмады – баралмады, не үшін – не(ү)шін – нешүн. Дауыссыздардан тұратын қосымшалар (-қ, -к, -с, -п) дауысты дыбысқа аяқталған сөзге жалғанғанда Э. жолымен ықшамдалып жасалған. Мыс., тара+ақ – тара-қ, күре+ік – күре-к, т.б. Бірақ қатар келген барлық дауыстылар түсіріле беруі шарт емес. Бір ритмик. топтағы тіркестердің жігіндегі екі дауысты қатар сақталып та айтылады. Мыс., өте ақ, аса алыс, тұра ұмтылды дегенде өте, аса, тұра сөздерінің айтылуы дауыстылардың сақталуына себеп болады. Кейде сөз бен қосымша жігінде дауыстыларды сақтау үшін араларына дауыссыз қыстырма дыбыс қойып айтылады. Мыс., зырылда+ық – зырылдауық дегенде Э. бар да, зырылда+у+ық – зырылдауық дегенде у дауыссызы арқылы а және ы дыбыстары сақталып тұр. Апокопа – сөз соңындағы түсірілетін дыбыс. Апокопа (гр. ἡ ἀποκοπή - қысқарту) - сөздің кысқаруына әкеліп соқтыратын соңғы екпінсіз дауыстының түсіп қалуы (орыс. или - иль, чтобы - чтоб ). Сөздің акценттік-фонетик процесінің нәтижесінде соңғы бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалған түрі. Мұндай құбылыс батыс тілдерінде жиі кездеседі. Орыс тіліндегі чтобы-ның орнына чтоб деу де осыған жатады. Аз да болса, қазақ тілінде де Апокопа ұшырасады. Мысалы , жергілікті тілдік ерекшелік ретінде жұмсалатын бер кел (бері кел-дің орнына), керім (керемет-тің орнына) осының дәлелі.Қысқарту арқылы жаңа сөздердің жасалуы. Ғылым терминдер мен кәсіби лексикада, публицистикада мүның мысалдары мол кездеседі және олар көп жағдайда шет тілдер мен орыс тілінің әсерінен пайда болып жатады. Мысалы , метро (метрополитен-нің орнына), агроуниверситет (аграрлық университет-тің орнына), физгеография (физикалық география-ның орнына) т. с. с. Мұндай процесс апокоптану процесі деп аталады.

12)Дауысты дыбыс редукциясы. Д\ы дыб\ң түсіріліп айтылуына келгенде ең көп әрі жиі кездесетін құбылыс редукцияға байл. Болып келеді. Негізінде қазақ тіліндегі д\ы дыб. Редукциясы мына жағдайда жүзеге асады. 1)ьД\ы дыб. Редукциялануы үшін біріншіден сөз құрылымы үш буыннан кем болмауға тиіс, екіншіден, сөз құрылымында кемінде екі ашық буын қатар тұруы керек, Осы екі шарт бойында бар сөздерде ғана д\ы дыб. Редукцияланады. М. Мағына мағна, араба арба, жоғарығы жоғарғы т.б Д\з дыбысқа аяқталған сөзге д\ы дыбыстардан басталған қосымша жалғанғанда қатар тұратын ашық буынды сөздер п.б. М. Орын\ы о\ры\ны, ауыз\ы а\уы\зы, о\ры\ны ор\ны, а\уы\зы ау\зы т.б Д\з дыбысқа біткен сөзге д\ы дыбыстан басталған қосымша жалғану арқ. Сөздер де жасалады, сөзпішін де жасалады. М. Ойын\а ойна, бүйір\ек бүйрек, бұйыр\ық бұйрық дегенде сөз жасалып тұр. Д\з дыб.қа аяқталған сөзге д\ы дыб. Басталған сөздер тіркесіп бір бунақта айтылса да қатар тұрған ашық буындар п.б редукция құб. Жүзеге асады. Қайын аға\ қайнаға\, қайын ене\ қайнене\, барған еді\барғанды\. дауысты дыбыстардың редукциясы (орын орны, ауыз - аузы, жеңеше –жеңше) Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар редукциясы атты Қалиевтің 1984 жылы шыққан еңбегі бар.

13)Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде және сөз жапсарында түсіріліп айтылуы. Қазіргі қаз. тілінде сөз ішінде және сөз жапсарында түсетін дау\з дыбыстар мына жағдайда түсіріліп айтылады. 1)Д\ы дыб. Арасында келген к,қ, ғ,г,һ,л дыб. Түсіріліп, екі жағындағы дауыстының біреуі өзімен бірге ала кетеді, әрі жуан айтылып сөздер жіңішке буынға айналады. Нақыш \нәш\, махамбет\мәмбет\, егер\ер\, солай ет \сөйт\ т.б :нді р,ң,м, у дыб.ң кейін келген қ,к,ғ,г дыб. Түсіріліп айтылады. М. Уқала уала, жиіркен жирен, емгіз еміз, тамғыз тамыз т.б 2) Ал, болғ кел, қал, қыл, сал етіс.көсемш. ып, іп жұрнағы жалғанғанда л дыбысының түсуіне байл. Алып ап, болып боп, салып сап варианттары жасалады. Са, се шартты рай жұрнағы: алса аса, болса боса, келсе кесе т.б Мақ, мек есімше жұрнағы: алмақ амақ, болмақ бомақ, қылмақ қымақ т.б. Ған, ген, есімш, жұрнағы алған аған, келген кеген, салған саған, Л дыб. Түсуі, ол, бұл, сол есімд, көптік жалғауыжалғ. Да байқалады. М. Ол лар олар, сол лар солар. Бұйрық райдың үшінші жақ жіктік жалғауы алсын асын, болсын босын, келсін кесін. Дегеминаңиы жолымен Махаббат махабат, ләззат ләзат, өшшер осы жер т.б Және адамдарды сыйлауда Жәке, Сәке,Мырзеке, Еркелету мәнде Сақыпжамал Сақып, Жұмабек Жұмаш т.б 1. Аферезис. Сөз басындағы кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы. Әзір-кәзір, қазір, үрмет-құрмет, әжет-қажет, айран қалу-қайран қалу т.б. Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстарының Түлкібас, Сайрам ауд. тұрғындарының тілінде, Шу бойы қазақтарының тіл-е, араб-парсы т-нен енген сөздерде кездеседі. 2. Эпентеза. Сөздерге дауыссыз дыбыс қосылып айтылуы. Шоршып-шошып, суғару-суару, құмған-құман, заһар-зәр, һардагер-ардагер, һәулет-әулет, һәл-әл. Оңтүстік облыстарда кездеседі. 3. Синкопа. Сөз ортасында кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы. Ұсармын-ұқсармын, уқалау-уалау, жантаспа-жақындаспа, бәсі-бағасы, боған-болған, уақия-уақиға, тақан-талқан, қамауы-қалмауы. 4. Метатеза – сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы, не буынның өзара алмасып келуі. Айлану-айналу, тәпкіш-тәптіш, екші-ешкі, дайра-дария, қапқыш балық-қақпыш балық, мәниға-мағына, әпке-әкпе, өпке-өкпе, сепкіл-секпіл, тексеру-тескеру, құрмысқа-құмырсқа. 

14 сұрақ.Гаплология құбылысының морфонологиялық сипаты

Гаплология ( гр. gaplos - жай,logos – түсінік ) - диссимиляцияның әсерімен біркелкі буындардың біреуінің түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде гаплология құбылысы негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.

1.Қазіргі қазақ тілінде варианттас дегеннен гөрі жеке-жеке сөз ретінде қалыптасқан

Буылтық-бұлтық

Буалдыр-бұлдыр

Буырқан-бұрқан т.б сөздер бар. Бұлардың алғашқы жолынан крігу жолымен соңғылары пайда болғанын мағына жағынан да, құрылымы жағынан да көруге болады.

2. Соң шылауы шығыс септігіндегі сөзбен тіркесіп айтылады. Бірақ -ған, -ген пішінді есімшеден сөйлемнен кейін шығыс септігінің дыбысталуы да, дыбысталмауы да мүмкін:

Барғаннан соң- барған соң

Келгеннен соң – келген соң

3. көсемшенің-ып, -іп,-п, -а, -е, -й қосымшалы пішіндері жіктелгенде үшінші жақта жіктік жалғауы –ды, -ді, -ты, -ті болып келетіні белгілі . Бірақ көсемшенің осы жіктелген түріне сұраулық шылау тіркесіп айтылса –ды, -ді жалғауы түсіп қалады:

Бара(ды) ма?

келіп(ті) ме?

4.жедел өткен шақ пішінде «е» көмекші етістігі жекеше бірінші, екінші жақта ж/е бірінші жақ көптік пішінде -ді жұрнағы түсіп:

Едім- ем

Едің –ең

Едік-ек

5.Әбділда, Әбдісаттар,Әбдіжаппар, Әбдісалам сияқты кісі есімдеріндегі тұлғасы түсіп Әбілда, Әпсаттар, Әпжаппар болып айтылады.

6.Сондай-ақ

Әзіз-әз

Менен-мен

Кешкітұрым- кештұрым

Түнеугігүні-түнеугүні т.б болып келеді

15. Сөз соңында кейде дауыссыз дыбыс та, дауысты дыбыста қосарлана түсетін кездері болады.

1.Дауысты дыбыстардың түсірілуі қатарласа келген ашық буындарды жабық буындармен айту үрдісіне сәкес келеді. Мысалы: БА+БА+БА буын үлгісіндегі сөз жалғасады. Бағана-баған, барады-барат, келеді-келет т.б.

2. Дауыссыз дыбыстардың ішінде сөз соңында қ,к дыбыстары көбірек түседі: Мысалы: ұлық-ұлы, толық-толы, тыныштық-тыншы, өршік-өрші, кішік-кіші, мәңгілік- мәңгілі т.б.

3. Сөз соңында дауысты және дауыссыз дыбыстардың түсірілуі –мын, -мін, жіктік жалғауының көсемшенің –а, -е, жұрнағанан және есімшенің –ған, - ген, жұрнағынан кейін барамын (барам-ын)- барам, көремін (көрем-ін) көрем, т.б. айтылуы кең тараған. Ал шартты рай етістік пен нақтылы (жедел) өткен шақ етістіктер жіктелгенде жіктік жалғауы (-мын, -мін) тек қана түрінде жалғанып, толық түрі тіпті кездеспейді. Мәселен: бара-м, келе-м, көре-м т.б.

16 сұрақ. Граммема, морф, морфонема, фонема туралы түсінік.

Граммема ағылш. grammeme — грамматикалық денгейдегі ен шағын бірлік (единица), Граммема грамматикалық категориялардың тектік түрлері. Граммема грамматикалық категория сиякты мағына мен оны білдіретін форманын бірлігінен тұрады, Мысалы, зат есімніңжекеше, кепше түрлері зат есім категориясының тегі бір түрлері болып табылады.

Морф (гр. mогрһе — тұлға) - морфеманың тектестігі нақтылы қолданылатын түрі. 1947 ж. Ч. Ф. Хоккет морф терминін терминімен қоса ұсынған. Аллофон фонеманың, морф морфеманың қолданыстағы түрі деп түсіндіреді. Морфема бір болмаса, бірнеше морфтан да тұруы мүмкін. Мысалы, үйлер, үйге, үймен, үйшік дегенде үй түбір морфемасы ешқандай өзгеріссіз бір морф қаппында қолданылып тұр. Ал септі, себеді, сеуіп дегенде бір морфема үш морфта (сеп, себ, сеу) қолданылып тұр. Морфты әдетте сөз тұлғасының бірлігі ретінде таниды. Соссюрдың таңбалық таңбалық тұжырымдамасын мойындайтын ғалымдар морфқа сөйлеудің тілдік емес екі жақты бірлігі деген анықтама береді.Морфонема - морфонолгияның ең кіші бірлігі. «М» ұғымын 1927 ж ұсынған Х.Улашин оны фонеманың семасиологиялық- морфологиялық қызметі деп түсінген. Осы мағынада «м» термині А.Реформатскийдің «фонема», М.Аванесовтың «фонемалық қатар», М.Пановтың «пардигма- фонема» терминдерімен ұштасады. Улашинмен қатар «м» терминиін Трубецкой да қолданған. Труб. «М. Екі я одан да көп фонемалардың күрделі образы, олар бір морфеманың ішінде бір-бірінің орнын басуға қабілетті» деген. М. Сөз тұлғасының морфологиялық деңгейіндегі элемент ретінде қарастырылады. Ол графикалық не фонетикалық, кейде фонологиялық деңгейлерге қарсы қойылады.

Фонема ( грек.рһоnеmа дыбыс, дауыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, ягни дыбыс типі.Тілдегі негізгі қатарды құрайтын бірлік.

Мысалы: казак тілінде сөздің бір дыбысынын түрленуі (мол — кол — сол — жол — бол — тол); біркатар дауыссыздардын жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас— ее); бір дыбыстың артык келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тур. Фонемалы тілдерде Фонема саны эр түрлі болады.

Мысалы, казак тілінде 9 жалаң дауысты Фонема, 25 дауысыз Фонема болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз Фонема бар.Абстрактілі бірлік ретінде фонема дыбысқа қарам-қарсы қойылады, өйткені дыбыс нақтылы бірлік. Бір фонеманың бірнеше түрі аллафондар деп аталады. «Фонема» және «фонология» теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX ғ.70-80 жж жасаған. 1873 ж А.ДЮфрми-Джекет, 1879 ж Ф.де Соссюр қолданған.

Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атауыдың лайықтығын дәлелдейді.

18 сұрақ. Буын, сөздің буын санының артуы мен кемуі. Бунақ туралы түсінік.

Буын — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық Буын— бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық Буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу Буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт. Қазақ тілінде Буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонететикалық заң — үндестік заңы (сингармонизм). Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.

19 сұрақ. Морфема жігіндегі диссимиляциялық құбылыстар.

Диссимиляция (лат. dissimilatio - ұқсамау) — Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Сөз ішінде қатар келген ұксас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы. Диссимиляциялық құбылыстар түгел морфонологиялық құбылысқа жатуы тиіс. Себебі қазақ тіліндегі дисс.қ құбылысқа жататын өзгерістердің қай-қайсысы да да артикуляциялық жағдаймен шектелген, сөйлеуде бірыңғайлық танытпайтын, бұрынғы қалпымен жарыса қолданыла беретін сөз нұсқалары.Қазақ тілінде дисс. Құбылысын К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» еңбегінде : ауылда, молда деген сөздердің әуелі ауылдаа, молла болып айтылуын дисс.ға жатқызады.

Шындығында екія одан да көп дыбыстың қатар келгенде , соңғысының басқа ұяң, шұғыл айналуын екеуі де үнді бола тұрып, соңғысының шұғыл, ұяңға айн.н тіркескен дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсататынымен алыстататын да кезі болатынын осы мысалдан байқаймыз.

Қазір қазақ тілінде морфемаға жіктелмейтін тұтас сөздер ішінен:

Күллі-күллі, ыстық-ыстық, ашты-ашты сөздер ғана кездеседі. Ал шеттен кірген сөздерде бұлардың қатары молырақ: молла-молда, Алла-Алда т.б

Демек, қазақ тілінде геминацияланған сөздер жиі кездеседі. Бұл жағдай қазақ тілінде басқа түркі тілдеріне қарағанда геминаторлардың сирек кездесуінен олардың деминацияланып кететіне байланысты.

20 сұрақ. Метатеза туралы түсінік . Қазақ тіл білімінде зерттелуі.

Метатеза немесе ауысым(гр.metathesіs – ауыстыру) – сөзде дыбыстың не буынның орын ауыстыруы. Ол :

1.тарихи метатеза (өкпе – өпке, қақпан – қапқан),

2.кірме сөздердегі метатеза (құтпан – құптан), диалект(жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін) метатеза (дария – дайра, қолбақ – қолғап) деп бөлінеді.

Негізінен сөзді аз жұмсап ыңғайлы дыбыстаға әрекеттені нәтежиесінде пайда болған.

Көрші дыбыстардың өзара орын ауыстырылып қолданылуы ПҚ>ҚП, ПК <КП, БЖ>ЖБ

Мыс:қапқақ-қақпақ, әпкіш-әкпіш, күбжеңде- күжбеңде;

Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың арасында: жарықшақ-жарғышақ, бағзыда-бағызда, есіт-есті;

Алыс тұрған дыбыстардың орын ауыстыруы. Мыс: айналсоқта-айналқоста, селқос-селсоқ, жалаңаш-жаңалаш;

Метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналады. Оны тану үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің деректері тіліміздің бүгінгі жай-күйімен салыстырылады, дыбыстардың орын алмасуы анықталады. 11 ғ-да М. Қашқари “Диуани-лұғат ат-түрік ” атты зерттеуінде түркі тайпалары тілінде қ мен ч; ғ мен д; ш мен н; ғ мен м; ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсеткен. Мысалы, қарлығаш – қарғылач, қоңсы – қошны, жаңбыр – йағмур. Түркі тілдеріндегі метатеза құбылысын В.В.Радлов зерттеді. Ол дыбыс тіркестерінің орын алмастыру түрлерін көрсетті:

пк, бг дыбыс тіркестері кп, гб болып жұмсалады: өкпе – өпке, әпкел – әкпел;

алтай, хакас, тува, т.б. түркі тілдерінде гм дыбыс тіркесінің орнына мг, ңм, ңб тіркестері қолданылады: йағмыр – йамғыр;

лт – тл дыбыстарының алмасуы: мылтық – мытлық;

ғл – лғ дыбыс тіркесінің ауысуы: оғлан – олған;

рб (рп) дыбыс тіркесінің бр ретінде қолданыс табуы: арба-абра, топырақ-торпоқ, торбоқ.

Қазақ тілінің орфоэпиясында (айтылуда) қапқан – қақпан, тепкі – текпі, түкпір – түпкір, арпалыс – алпарыс, т.б. қолданыстардың кездесуі метатеза құбылысының нәтижесі. Тарихи метатеза атаудың қалыптасу тарихын, этимологиясын айқындауға көмектеседі. Орфоэпиялық сөздіктерде лағынет-нағылет түрінде жарыса қолданылатын нұсқалар да метатеза жемісі. метатеза сөздің айтылуын жеңілдетуден туындаған құбылыс ретінде де қарастырылады.

22 сұрақ. Морфонология саласының тілдің басқа салаларымен байланысы.

Морфонолгия саласының түркі тіл білімінде зерттелуі.

Фонетика, лексикология, сөзжасам үшеуінің тоғысқан жері морфонология. М.ң негізгі бөлігі- морфонема. Морфонема тек сөз мағынасына әсер етпейді, сөздің морфемалық құрамындағы фонологиялық өзгерістерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Морфонологияның тіл білімінің басқа салаларынан өзгешелігі:

1.м.ң зерттеу нысаны анықталған;

2. тілдің дыбыс жүйесіндегі алмасу заңдылықтарын фонетикалық заңд. Басқа грамматикалық ұғымдармен түсіндіре алады.

3.сөз тұлғаларындағы морфемалар жігіндегі қосымшаларды морфонологиялық тұрғыдан қарастырады.

4.фонетика комбинаторлық құбылыстарды қарастырса, м.я комбинаторлық емес құбылыстарды қарастырады.

5. м. Сөздер мен сөз тұлғ.ң морф.қ құрылымындағы дыб. Тіркесіне немесе олардың орын ауыстыруына байл. Құбылыстарды қарастырады.

Морфонолгияның фонетикадан өзгешелігі:

Дыбыс алмасудың екі түрі бар. Біріншісі көрші дыбыстардың әсерінн болатын комбинаторлық өзгерістер. Бұл өзгерістер фонетикалық заңдылықпен түсіндірілгендіктен бұндағы алмасуларды фонетика ғылымы қарастырады.Ал, м.қ дыбыс алмасулар көрші дыбыстың әсерінсіз жүзеге асатын комбинаторлық емес алмасуларға жатады. Бұл өзгерістер қызық тіл білімінде дыбыстар сәйкестігі деп аталады. Фонетикалық дыбыс алмасуларды белг. Бір позицияда ғана өзгеріс іске асса, морфонологиялық дыбыс алмасуда бір позицияда түрлі өзгерістер пайда болады

Позициялық алмасуда ешқашан ауытқу болмайды. Мыс: «е» дыбысы мен «ш» дыбыс қатар келсе әрқашан «ш» түрінде дыбысталады.

Ал морфонологиялық дыбыс алмасуда әрқашан ауытқу болады. Мәселен, қ.т фонетикасында үнді дыбысқа аяқталған сәтте жалғанатын қосымша дауыссыз дыбыстан басталатын болса, ол әрқашан үнді не ұяңнан басталады деп түсіндіріледі. Бұл түсінік үнді дыбыстарының басқа дыбыстармен тіркесу мүмкіндігін ескермейден пайда болады.

Морфонологияның морфологиядан өзгешелігі

Қазақ тіл білімінде морфология ережесімен түсіндіруге көне бермейтін өзгеше, ерекше құбылыстар бар. Бұл құбылыстар морфонологияда қарастырылуы тиіс. Оларды морфологиядан ажырату үшін мыналарды ескеру қажет:

Сөздердің тұлғалық ерекшелігіне назар аударылуы, морфологиялық талдау жасағанда түбір мен қосымшаның қосынды мағынасы байқалмайды.

Мыс: қобдиша, кітапша деген сөздердегі қобди және – ша, кітап және –ша сөздерінің мағынасы анық байқалып тұр. Ал күлше сөзінде басқаша. Мұнда жоғардағы сөздердегідей кішірейту мағынасын білдіргенмен күлдің кішкентайы емес нанның кішкентайы дегенді білдіреді.

Кей сөздердің соңында қосымша жалғанып тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ олардың жалғанған сөзіне үстеген мағынасы болмайды. Мыс: тиіс-тиісті, дәл-дәлді, қызық-қызықты, ес-естияр т.б Бұлар грамматикалық мағна үстемейді

Морфологиялық талдау жасағанда сөз бен қосымшаның арасында басы артық дыбыстар қойылатыны байқалған. Мыс: Мынадай-мынандай, соққыла-соққышта. Бұндағы «н», «ш» дыбыстары қыстырма дыбыс болып есептелмейді.

Кей сөздің соңында артық дыбыстар кездеседі. Мыс: пияла-пиялай, тақта-тақтай майса- майсаң т.б

Сөз ішінде кей дыбыстардың ауысым нәтежиесінде тұлға тұрпаты өзгеріп келеді.

Мыс: сорық- сорғы, есіт-есті, сілік-сілікті т.б

6.Кейбір тұлға бүтіндей түсіріліп айтылуы мүмкін. Бірақ ол морфеманың мағынасы сақталып қалады. Мыс.барған едің- барған ең, барған еді- барған ед.

7. Кейбір сөз бен қосымша жарсарындағы ұқсас дыбысталатын буын не дыбыстар тізбегінің біреуі түсіп қалуы мүмкін: барғаннан соң- барған соң.

Морфонологиялық құбылыстардың морфологиядан өзгешелігі сөздер мен сөзпішіндерінің морфологиялық құрылымы сәйкессіздігінің пайда болуына байланысты.

23 сұрақ. Морфонолгия саласының түркі тіл білімінде зерттелуі.

Қазақ тіл білімінде сөз құрамына талдау жасағанда дәстүр бойынша түбір сөзді және оған жалғанған қосымшаларды жік-жігімен ажыратсақ мақсат орындалатын сияқты. Шындығында сөз формасы сөйлем ішінде тек қана түбір морфемалар мен қосымша морфемаға бөлініп,олардың лексикалық немесе грамматикалық мағынасы сол морфеманың мағынасы көз деген түбір морф-ң мағынасы мен оған жалғанатын етістік тудырушы –де жұрнағының, -ген есімші жұрнағының және – мен жұрнағының мағынасын тудырады.

Ал сол мор морфемаларды «көздегенмін» әрі қарай бөлуге әрекет жасайтын болсақ, мағынасыз бөлшектер қалады.

Сол дыбыстар туралы көп айтылмай, сол туралы түсінікті тұмшалап келуге белгілі ғалымдар В.А.Богородицкийдің «Бір кездердегі сүйікті қыстырма дыбыс арқылы түсіндіру дәуірі өтті» деген пікірі себеп болған.

Қыстырма дыбыстарды морфеманың қатарына келетіндер де бар.

В.В Лопатин орыс тіліндегі сөз тудырушы морфемаларды сөз еткенде қыстырма дыбыстарда синтагмалық мән мағына береді деп дәлелдейді.

С.Е Маловтан кейін көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің тілі туралы зерттегенде Ә Құрысжанов тәуелдік жалғауын айтады.

Э.Р Геншиев Сары ұйғыр тілінде тәуелдік жалғауының 3 жағынан кейін барыс, жатыс, шығыс септіктері бар екенін айтады.

Морфонология ілімінің негізін салушы ғалымдар – Н.Трубецкой, Бодуэн де Куртене, В.Б. Касерич. Қазақ тіл білімінде Айтбай АЙғабылұлы, Ж. Аралбаев, А. қалыбаева, Б.Қалиев т.б

А.Айғабылов В.А.Реформатский Н.С Трубецой ілімінің біраз сынағанын қажет жерлерін қабвлдайды.

О.С .Ахманова «Фонология, Морфонология» (1966) атты еңбегінде қолдайды.

1986 шыққан В.Б Касивчтің «Морфонология» монографиясында морфонема ұғымын бірлік ретінде түсіну үшін терең әрекет қажет дейді.

24 сұрақ. Вариант, вариация ұғымдарының морфонологиялық құбылыстармен байланысы.

Варинат(вариация) тілдің әптрүрлі жағдайларда қолданылуына және әлеуметтік, территориялық сипатына байланысты анқталатын түрлері мен өзгерістері. В. тілдің, тіл бірліктерінің коммуникативтік қызметіне қатысты күрделі және жан-жақты қасиеттерінің бірі. Оның мәні «варинат», «инваринат» ұғымы арқылы анықталады. Әрбір лексикалық бірлік оның көп өзінің мағыналық бірлігін сақтай отырып, көптеген варинаттар түрінде көрінеді.

Түбірлік морфеманың варианттылығы негіз сөз бен қосымша сөз арасындағы өзгерстерге тән болып келеді:

Саудагер-сәудегер

Байшыкеш- бәйшешек

Сөздердің толық түрі екі ұдай болып қолд, варинат тудырады:

Көргенмін-көргенбін. Бұлардың қысқарған түрі де өзара варинат жасайды:

Көренмін-көргем.

2.қосымшаның, шылаудың, қос сөздің варинаттылығы көмектес септік жалғауы әртүрлі вариантта қолданылады мен-менен, бен-бененғ пен-пенен.Бірсыпыра сөздер әртүрлі түбірлерден жасалып әрбасқа тұлғаларда жұмсалғанына қарамастан, мағына жағынан бір ұғымды беріп варинат жасайды:

Құлақтама-құлақтандыру,

Хабарлама-хабарландыру т.б

-у, -шылық: мақтану-мақтанушылық;

-хор, -кер: мансапқор-мансапкер;

-шы,- ман: оқушы-оқырман;

-бей, -сыз: бейхабар-хабарсыз;

-малы, -ғақ: созылмалы- созылғақ

- ғой, -шы: ақылғой-ақылшы.

25 сұрақ Фонологиялық және морфонолгиялық құбылыстардың ерекшілегі.

Морфонолгияның фонетикадан өзгешелігі:

Дыбыс алмасудың екі түрі бар. Біріншісі көрші дыбыстардың әсерінн болатын комбинаторлық өзгерістер. Бұл өзгерістер фонетикалық заңдылықпен түсіндірілгендіктен бұндағы алмасуларды фонетика ғылымы қарастырады.Ал, м.қ дыбыс алмасулар көрші дыбыстың әсерінсіз жүзеге асатын комбинаторлық емес алмасуларға жатады. Бұл өзгерістер қазық тіл білімінде дыбыстар сәйкестігі деп аталады. Фонетикалық дыбыс алмасуларды белг. Бір позицияда ғана өзгеріс іске асса, морфонологиялық дыбыс алмасуда бір позицияда түрлі өзгерістер пайда болады.

Мыс: бір тұлғаға жататын –шік пен -тік және –шек пен –тек жұрнақтары бір ғана сөзге жарыса жалғанып сөз варинатын жасайды: бүршік-бүртік, бөшек- бөлтек т.б

Фонетикада бұндай бір тұлғаның түрлі тұлғашықтары жарыса жалғанады. Мыс: -лар көптік жалғауы жалғанған сөзге оның өзге - дар, -дер, -тар, -тер, -лер морфтарының ешқайсысы жалғанбайды.

Позициялық алмасуда ешқашан ауытқу болмайды. Мыс: «е» дыбысы мен «ш» дыбыс қатар келсе әрқашан «ш» түрінде дыбысталады.

Ал морфонологиялық дыбыс алмасуда әрқашан ауытқу болады. Мәселен, қ.т фонетикасында үнді дыбысқа аяқталған сәтте жалғанатын қосымша дауыссыз дыбыстан басталатын болса, ол әрқашан үнді не ұяңнан басталады деп түсіндіріледі. Бұл түсінік үнді дыбыстарының басқа дыбыстармен тіркесу мүмкіндігін ескермейден пайда болады.