
- •2.Морфонологияның зерттеу нысаны,бірліктері.
- •3)Қазақ тіліндегі морфонология саласының зерттелуі.
- •4)Морфонологиялық дыбыс алмасу құбылыстары.
- •5)Дауысты дыбыстардың алмасуы.
- •6)Дауыссыз дыбысттардың алмасуы.
- •8)Сөз құрамының ұлғаю амалдары.
- •9)Селбеспелі дыбыстар
- •10)Тұлғасын, түрлері, ерекшелігі.
8)Сөз құрамының ұлғаю амалдары.
Қазақ тілінде ықшамдалу амалы мен ұлғаю амалы қатар жүреді. Ол амалдар жолы тіл білімінде белгілі болып, ұғым терминдері де қалыптасып үлгерген.ықшамдалу мен ұлғаю амалдары бір біріне тең келетін симметрияны көрсететіндіктен қанша ықшамдалу амалы болса сонша ұлғаю амалдарын білдіретін антонимдес термин қалыптасқан. Олар мыналар: протеза- сөз басында келетін артық дыбыс.( ырахмет, ылайық, ырза,ірет, ыстақан)
Эпентеза- сөз ішінде қойылатын артық дыбыс. Эпентеза (грек. еpenthesіs – қоспа) – сөз ішінде екі дауыссыз дыбыстың арасында дауысты дыбыстың қосылып айтылуы. Эпантеза белгілі бір тілде сол тілге бөгде дыбыс тіркесімді кірме сөздерді игеру, меңгеру барысында пайда болады. Мыс., ұйғыр тілінің фонет. заңдылығына қайшы келетін дауыссыз дыбыстардың сөз басында немесе сөз соңында қатар келу құбылысы дауыстының Эпантезасын (яғни сөз ішінде дауыстының пайда болуын) керек етеді; құлұп<клуб, акыт< акт. Эпантеза құбылысы негізінен қалыптаспаған, яғни әдеби тілден басқа тұрпайы сөздер, диалектілер, балалар тілі, т.б. сөйлеу тілінде кездеседі. Әр тілдің өзіне тән дыбысталу заңдылықтары сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі десек, сол тіл басқа тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Өйткені ондай сөздер айтылу машығына, артикуляциясына қарай қайта қорытылып, дыбыстық өзгерістерге ұшырап, кірмеліктен айрылады. Дыбыстық өзгерістер әр түрлі болуы мүмкін. Кірме сөз құ-рамындағы кейбір дыбыстар төл дыбыстармен алмастырылып, кейбір дыбыстар керісінше ендігі бір дыбыстар мен буындар жамалып айтылуы заңды. Сөйтіп, сөз сапалық, сандық өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер көбінесе төл сөздерде кездеседі. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуымен жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жеребий), кереует (кровать), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы. Ал бірқатар сөздер тек айтылуда ғана Эпантеза құбылысына ұшырайды (метр – метір, пленум – піленум, т.б.).
Эпитеза- сөз соңында қойылатын артық дыбыс. (бүк-бүге, шік- шіге, лық-лықа, мүлде-мүлдем т. б.);
9)Селбеспелі дыбыстар
Селбеспелі дыбыстар - сөз соңына қойылып айтылатын дауысты және дауыссыз дыбыстар. Бұндай дыбыстар оұулықтар мен кейбір әдебиеттерде сөз боп жүрген банк банкі, киоск киоскі, ромб ромбы сияқты сөздерде жиі кездеседі. С.дыбыстардың тілімізде пайда болу жолына қарай бөлсек, үстемелеу принципі жиі жабық буынмен айту үрдістері қайталанды. 1)Үстемелеу принципі көбіне бір ғана жабық буында айтылатын бүк, шік, тік, нақ, тарс, лық, сияқты сөздерде дауысты дыбыс қосылып айтылып бүге, шіге, тіке, нақа, тарса, лықа түрінде айтылады. Сөз соңында кездесетін а,ы,і сияқты дыбыстардың сөзге қосар лексикалық немесе грамматикалық мағынасы болмағанымен кездейсоқ құбылыс емес сияқты. Оны мына жағдайдан аңғаруға болады «біріншіден дау\ы дыб. Қосылып айтылып жүрген сөздер экпрессивті эмоц\қ мағыналы сөздерден тұрады, оларға дауысты дыбыс қосылып айтылғанда экс.эмоц. мағына күшейіп, айтылғанда сөйлеушінің ойын артығымен ерекшелеп жеткізуге көмектеседі.Екіншіден, дау\ы дыб. Қосылып айтылған сөздер ішінде бір буынды сөздердің ішінде көбірек кездесуінде де білінер білінбес сыр жатқан сияқты. Тік, нақ, тарс, лық, жон т,б сөздерді сөйлеуші оны дағдылы айтылысынан өзгертіп созу арқылы ерекше естілу мүмкіндігін жасайды. Ал екі я оеае да көп буынды сөздерде д\ы дыб. Қосылып айту аз кездеспеуі бұл тәсілдің көтере бермейтінін көрсетеді.» 2) Жабық буынмен айтылу үрдісіне байланысты сөз соңына қосылып айтылатын дау\з селбеспелі дыбыстардың көпшілігі (Б) АБ БА буын үлгісіндегі сөзге жалғанып Б АБ БАБ үлгісінде айтылады. Мыс. Мүлде мүлдем, майса майсақ, тақта тақтай, бәлкі бәлкім, қалқа қалқан т.б Бұл үлгі қос сөздерде де кездеседі. Бірте бірте, бертін бертін, алқа салқа, алқам салқам т.б