
- •2.Морфонологияның зерттеу нысаны,бірліктері.
- •3)Қазақ тіліндегі морфонология саласының зерттелуі.
- •4)Морфонологиялық дыбыс алмасу құбылыстары.
- •5)Дауысты дыбыстардың алмасуы.
- •6)Дауыссыз дыбысттардың алмасуы.
- •8)Сөз құрамының ұлғаю амалдары.
- •9)Селбеспелі дыбыстар
- •10)Тұлғасын, түрлері, ерекшелігі.
5)Дауысты дыбыстардың алмасуы.
Дауысты дыбыстардың алмасу жайы қазақ тілінде, негізінен диалегтологтар тарапынан зерттеліп, әдеби тіл мен диалектизмдер арасында және диалектизмдердің өз ішінде кездесетін дыбыс сәйкестіктерін фонетикалық ерекшелік ретінде түсіндірді. Қазақ диалектологтері С.А. Аманжолов, Ж. Досқараев, Ш.Ш. Сарыбаев, А. Нұрмағамбетов, Ғ. Халиев, С.Омарбеков, Т.Айдаров, О. Нақысбеков, Н. Жүнісов еңбектерінде дауысты дыбыстардың алмасу жайы бірсыпыра сөз болады. Бұлардың ішінде дауысты дыбыстардың диалектизмдердегі алмасуын арнайы зерттеген Н. Жүнісов болатын. Ә. Қайдаров бір буынды түбір және негіздердің вариантын жасаудағы дауысты дыбыстар сәйкестігін зерттеп, а-ә,а-е,е-і,ы-і жұптарының жиі алмасып қолданылатынын әңгімеледі. Дауысты дыбыстардың алмасу жайын қарастыру барысында ашық дауыстылардың қысаңға алмасуы жиі байқалатынын көреміз. Мысалы, арқалы-арқылы,анда-анды,арбай-арбый,томпай-томпый т.б.Дауысты дыбыстардың алмасып қолданылуына жуан –жіңішке, ашық-қысаң, езулік-еріндік дыбыстардың сәйкестігіне қарай болуге болады. Жуан – жіңішке дауыстылардың алмасуы: А-Ә: Ары-әрі, абиыр- әбүйір, абдыра –әбдіре, ажым- әжім. Кейде сөз ортасында ғ,п дыбыстары түсіріліп айтылғанда, олардың алды артындағы дауысты дыбыстар а болса, олар ә дыбысына айналады. Мысалы, бағасы –бәсі, мағына-мән,сағат- cәт. А-е: сандалу-сенделу,дамыл-деміл,адырай-едірей,бадырай-бедірей,бекер-бекар. Ұ-Ү: ұшыр-үшір,үбір –шүбір,мұжы-мүжі. Бұл сөздердің қайсысы болса да жуаннан жіңішкеге алмасқаны байқалып тұр.шұңғыл –шүңгіл. Мысалы: ауылда шұңғыл сай бар. Шүңгіл көз тура өзім сияқты. Түркологиядағы пікірге сүйенсек, негізінен алғаш сөздер жуан айтылған да, кейіннен жіңішке нұсқалары пайда болған . Бұл пікірді Д.Г.Киекбаев, А.М. Шербак, С. Омарбеков қолдайды. Дауысты дыбыстардың алмасуы А/Е. Бірқатар сөздерде Қарақалпақстанда тұратын қазақтар әдеби тілдегі а дыбысы орнына е дыбысын айтады. Қалегенін – қалағанын. Қалегенің осы болса алып кетің. Мақсет – мақсат, бикарга – бекерге. А/ы. Бұл алмасу Шу, Маңғыстау сөйленістерінде, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында тұратын қазақтар тілінде, Семей облысының кей аудандарында кездеседі. Дыбыл – дабыл, жуап – жауап, шатқыл – шатқал, аз – мыз – аз-маз. О/ұ. Бұл алмасу Шу, Арал, Маңғыстау сөйленістерінде кездеседі. Ұйран – ойран, сұрақы – сорақы, құтару – қотару, құрамсақ – қорамсақ, құрқақ – қорқақ, дұп – доп. Соншалықты сұрақы іске баруға бола ма екен. Ұ/ы. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы, ШҚ кей аудандары тұрғындарының тілінде кездеседі. Пышық – пұшық, жылын – жұлын, бықтыру – бұқтыру, шыбар – шұбар, ымыту - ұмыту. Төрт қыбыласы түгел. Ө/Ү. Бұл алмасу батыс сөйленістеріне тән: үрлік – өрлік, үгей – өгей, күміскі – көмескі, бүлдірік – бөлтірік, төнеру – түнеру. Баяғы үшін күмескілене бастапты. Ы/і. Тірнектеп –тырнақтап, пысқан-піскен, зәлім-залым, іләж-ылаж, т.б Қарап келші барып пысқан чығар (сен).
6)Дауыссыз дыбысттардың алмасуы.
Дауыссыз дыбыстардың алмасу жайы қазақ тіл білімінде диалегтологтар қатарынан әдеби тіл мен жергілікті сөз арасындағы дыбыс сәйкестігі тілге тиек болып келді. Б-п дауыссыздарының алмасуы. Бұл шұғыл дауыссыздардан тұратын жұптардың алмасып қолданылуы қ.тде жиі кездеседі. Бұт, бұтақ, балуан, бесін, бенде, бәкі, болат, бал, бақыр сияқты сөздердің пұт, палуан, пәкі, полат сияқты варианттары бар. А.М. Шербак түркі тіліндегі б-п дыбыс алмасуына тоқталғанда алғаш сөз басында п дыбысы пайда болып,келе келе ұяңдану процесімен б болып айтылатын болған деп есептейді. Осыған ұқсас пікірлерді Н.З. Гаджиевадан, өзбек ғалымы Ф.А. Абдуллаевтан да оқуға болады. П/Б-У дыбыстарының алмасуы.Еріндік п және б дыбыстарының , еріндік у дыбысымен алмасу жайы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, тек сөз ортасында морфемалар жігінде байқалады.Мысалы:дыбыс-дауыс,қабақ-қауақ,қапсыр-қаусыр,кепсен-кеусен т.б сөздерден байқауға болады. Б /П-М дыбыстарының алмасуына бағана-мана,бөлтек-мәлтек,бекем-мекем,бекіре-мекіре,бұны-мұны. Есімшенің -мақ, -мек, -бақ,-бек жұрнақтары мен жіктік жалғаудың 1 жақ көрсеткіштері / -мын,-мін,-быз,-біз/ де осылайша қарастырылғаны жөн. Д.Т. дыбыстарының алмасуы. Д-т дыбыстары сөз басында да, сөз ішінде де алмаса береді. Сөз басында алмасу арқылы сөз нұсқаларын пайда ететінін мына мысалдардан көруге болады. Домалақ-томалақ, доп-топ,тілла-ділда,тілмар- ділмар, тағдыр-дағдыр.Түркологиядағы еңбектерден д дыбысының орнына т дыбысының қолданылуын В.Г. Кондратьев, Р. Халикова, Ф. Хисметдинова, Д.Г. Тумашева, Н.Дьячковский сөз етіп, бәрі де көне дәуірдің қалдығы деп есептейді. Түркі тілінің фонологиясын бірсыдырғы зерттеген ғалым А.Н. Шербак үнді дыбыстарының көп өзгеріске түспейтінін айтты. Ал түркі тілінің фонетикасын арнайы зерттеген З.В. Севортян үнді дыбыстарының қатаң және ұяң дыбыстармен тіркесе беретін қасиеті дауысты дыбыстарға ұқсайды деген пікірді айтқан болады. Қ –Ғ және К-Г дыбыстарының алмасуы. Қазақ тілінде қ –ғ,к-г дыбыстарының алмасуы жиі байқалатын процесс. Бұл жұптың жиі алмасатыны соншалықты, тіпті к мен ғның , к мен гнің фонологиялық қызмет жүгіне күмән келтіріп, бір фонеманың аллофоны ретінде танулар да бар. Шынында, Ғайша-Қайша, Гүлжан-Күлжан сияқты кісі заттары мен гүл-күл, гәп-кәп,гәусар-кәусар, гаухар – кеухер сияқты шеттен кірген сөздерде алма кезек қолданыла беретіні бар. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы жайлы туралы арнайы еңбек жазған С. Омарбеков те : Жазу тәжірибесінде еленгені болмаса, ере келді, ала қашты, әрмен қарай, сынды сөз тізбектердің екінші сыңарындағы келді, кешті, қарай дегендердің басқы дыбыстарының айтылуы да ере гелді, ала ғашты болып құлаққа ұяң естілітіні мәлім. Бірақ бұлардың сөз етіліп отырған дыбыстық құбылысқа еш қатысы жоқ, деп ойын қорытады .
7)Керігу (диссимиляция) құбылысының морфонологиялық сипаты.
Диссимиляция –ұқсамау, өзгешелену, ассимиляцияға қарама – комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Ассимиляциялық құбылыстардың бәрі бірдей морфонологиялық құбылысқа жатпайды.Ал диссимиляциялық құбылыстар түгел морфонологиялық дыбыс алмасуға жатуы тиіс. Қазақ тіліндегі диссимиляциялық құбылысқа К.Аханов « тіл білімінің негіздері» деген еңбегінде тоқталып кеткен. Ғалым қазақ тіліндегі ауылда молда деген сөздердің әуеллі ауыллар, молла болып айтыла келе қатар тұрған екі л дыбысының соңғысы д ға айналғанын, ауылды деген сөздің ауылны болып айтылу орнына н дыбысының д дыбысына айналғанын диссимиляциялық құбылыс ретінде қарастырады. Қазақ тілінде сөз бен қосымша жігінде де диссимиляциялық құбылыстарды жиі байқауға болады. Бұл құбылыстар негізінен қосымшалардың өзі жалғанған сөзінің соңғы дыбысына қарай вариант вариантқа бөлінуінен аңғарылады.Л –д дыбыс алмасуы көне түркі тілінен келе жатқан келе жатқан жалпы түркілік қарастырылуы тиіс. Н-Д-Т дыбыстарынан басталатын қосымшалардың қолданылуы. Бұл қосымшаларға –ның, -нің,- дің,-тың,-тің ілік септігінің жалғаулары мен – ны,-ні,-ды,-ді табыс септігінің жалғауларын атауға болады. Бұл екі қосымша да алғашқы кезден н дыбысынан басталған. Н.К. Дмитриев башқұрт тіліндегі н –д алмасуына тоқталып, бұл жағдайдың л,м, н,ң және з дыбыстарынан кейін ілік , табыс септігінің жалғаулары жалғанатын кезінде іске асатынын айтқан болатын: қазан(дың), қазан(ның) т.б. Ал қазақ тілінде де ң-д дыбыс алмасулары осыған ұқсас, бірақ өзгешелікте жоқ емес. Қазақ тіліндегі аталған қосымшалардың басында келетін н дыбысын дға айналдыратын дыбыс саны көптеу.Н.К.дмитриев башқұрт тілінде бес дыбысты атаса (л,м,н,ң,з) қазақ тіліндегі осы дыбыстармен бірге р,у,й үнділерін де қосады.