Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аналитизм шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
52.77 Кб
Скачать

3)Қазақ тіліндегі морфонология саласының зерттелуі.

Морфонологиятіл білімінің толық зерттеліп болмаған жас салаларының бірі.Оның тарихы көне дәуірдегі үнді грамматикалық еңбектерінен бастау алады, бірақ жиырмасыншы ғ. Ескерусіз қалған. ілімінің негізін салушы ғалымдар - Н.С. Трубецкой, бодуэн де Крутэне, В.Б. Кастерич. Татар тіл. Зерттеген М.З.Закиев түркі тілдеріндегі морфеманың орыс және басқа да үндіевропа тілдерінен ерекшеленетіндігін , осы уақытқа дейін оның бағыт бағдарының толық зеттеліп анықталмағандығын ескертеді. Морфемалардың анықталмағандығын ескертеді. Морфемалардың алты түрін көрсетеді. Ол алмасатын дыбыстардың барлығын морфонема деп атауды ұсынады. З.Закиевтың бұл пікірін қаз. тіл білімінде А.Қалыбаева толық қолдайды. Ол морфонологияның бірліктері ретінде морфонема, морф, субфорфты қабылдап, оларды түркі тілд. Тиянақтау қажеттігін айтқан жәнеде морфонеманың алты моделін қабылдайды. С.Мырзабеков: алмасу / альтернация әр түрлі сөзформаларының құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрсеткіші дыбыстардың әсерінен басқа дыбыстарға өзгеруі.Б.Сағындықұлы тілдің ұзақ уақыт дамуы барысында тіл арты, тіл ортасы арқ, айтылатын дауыстыларды да, дауыссыздарды да тіл алдына қарай ығысқандығын қиыннан оңайға ұмтылу заңының әсері барын атап көрсетеді.қазақ тіл білімінен Айтбай Айғабылов, Ж. Аралбаев, А. Қалыбаева, Б. Қалиев т.б.

4)Морфонологиялық дыбыс алмасу құбылыстары.

Дыбыс алмасуы дегеніміз- /альтернация/дыбысстардың парадигмалық қатынасқа түсіп, бірінің орнына екіншісінің қолданылуы. Дыбыстардың алмасуын фонетикалық және грамматикалық дыбыс алмасу деп екіге бөлуге болады. Фонетикалық дыбыс алмасуларда альтернант немесе алмасатын дыбыстар алдында не артында тұрған дыбыстың әсерінен ( ілгерінді және кейінгі ықпал жолымен ) пайда болады. Сондықтан фонетикалық дыбыс алмасулар фонетикалық жағдаймен түсіндіріледі. Мысалы, басшы, он бір деген сөздердің башшы, омбір болып айтылуы сш, нб дыбыстарының тіркесе алмауына байланысты түсіндірілуі керек. Ал грамматикалық дыбыс алмасуларды бұлайша тұрған орнына алдындағы не артындағы дыбысқа байланыстырып түсіндіру мүмкін емес. Мысалы, мұнда – бұнда, түгелде -түгенде, бәйге- бәйгі сияқты тілімізде жарыса қолданылатын сөздердегі б -м, л -н, е-і дыбыстарының алмасу жайын түсіндіре алмаймыз. Бірақ грамматикалық ( морфонологиялық) дыбыс алмасулардың бәрі бірдей дәл осылай бір ізбен келіп, басы ашық тұра бермейді. Кейде морфонологиялық дыбыс алмасуларды фонетикалық дыбыс алмасудан ажырату қиынға соғғады. Мысалы, дауысты дыбысқа біткен сөзге барыс септік жалғауы тек – ға, -ге түрінде ғана жалғанады. Балаға, терезеге дегендегі ұяңнан басталатын қосымшалар артикуляциялық мүмкіндікке байланысты емес, қазақ тілінің дәстүрлі айтылу нормасымен байланысты. Сондай –ақ қазақ тіліндегі дыбыс алмасу сингорманизм заңына да байланысты іске асады. Мысалы, сөздің жуан не жіңішке естілуіне байланысты – лар, - лер көптік жалғауы жалғанғанда а –е дыбыстарының алмасатыны белгілі. Морфонологиялық дыбыс алмасудан кейде морфологиялық жағдаймен ұқсас болып көрінетін кездері де болады. Мысалы, түзіліс – түзілім, тілік –тілім, тұрақталды- тұрақтанды сияқты сөздердің мағыналарын салыстырсақ, бұл жұптардың мағыналары алыс емес. Морфонологиялық дыбыс алмасу құбылыстары арқылы пайда болған сөз нұсқалары сияқты с –м, н –м, л- н дыбыстары ғана алмасып тұрған сияқты. Морфонологиялық дыбыс алмаулар таза фонетикалық жағдаймен де, морфонологиялық өзгерістермен де түсіндіруге келмейтін, сөйлеу барысында нормаға айналған дәстүрлі құбылыстар. Қазақ тіліндегі дыбыстардың алмасуын екі топқа бөліп А.Айғабылұлы позициялық дыбыс алмасулардың көпшілігі фонетикалық заңд. Сәйкес өзгеретіндіктен оларды фонетикалық дыбыс алмасуларға жатқызып, ал позициялық емес дыб, алмасуларды морфологияның объектісіне жатқызады қарастыруға болады: 1. Дауысты дыбыстардың алмасуы. 2. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы.