
- •2.Морфонологияның зерттеу нысаны,бірліктері.
- •3)Қазақ тіліндегі морфонология саласының зерттелуі.
- •4)Морфонологиялық дыбыс алмасу құбылыстары.
- •5)Дауысты дыбыстардың алмасуы.
- •6)Дауыссыз дыбысттардың алмасуы.
- •8)Сөз құрамының ұлғаю амалдары.
- •9)Селбеспелі дыбыстар
- •10)Тұлғасын, түрлері, ерекшелігі.
1)Морфонология саласы туралы жалпы түсінік. Фонетика, лексикология,сөзжасам салаларының тоғысқан жері морфонология Морфонология – морфеманың фонологиялық құрылымын және фонеманың морфологиялық қызметін зерттейтін тіл білімі саласы. Морфонологияның зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар (сеп-сеуіп) мен дыбысталудың түрлі нұсқалары (мұнда-бұнда) танылады. Зерттеушілер морфонологияны фонетика мен морфологияны жалғастырушы буын ретінде қарастырады кейде морфологияның бір саласы деп таниды. Қазақ тіл білімінде морфема жігінде болатын дыбыстық өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы, апакопа, гаплология құбылыстары морфонологияға жатады. Мысалы, ағайын, әкел, әпер, қарлығаш, бүгін, былтыр, сәресі, сексен. Дыбыстық алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың барлығы тек фонетикалық тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс өзгерістері морфемалар жігінде пайда болып, Морфонологияның зерттеу нысаны болады. Морфонология тар және кең мағынада қолданылады: алғашқы мағынасында бір морфема морфтар құрамындағы фонемалардың алмасуын зерттейді. Кең мағынасында:
морфемалардың дыбыстық құрамын, оларды ажыратуды;
сөзжасамда морфемалар жүйесін қарастырады.
Ықшамдалудың барлық түрі морфонологиялық құбылысқа жатады. Өйткені олар сөйлеу дәстүрінің қалыптасуына байланысты ықшамдалып, сөздің бұрынғы толық қалпымен жарыса айтылады. Бұған дауысты дыбыстардың редукциясы (орын орны, ауыз - аузы, жеңеше -жеңше), дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы (недәуір - едәуір, жубану - жуану, суғару - суару, бірдеңке бірдеңе, барғансын - барғасын), апокопа (ерсілі-қарсылы - ерсіл-қарсыл, келеді - келед, барамын - барам), гаплология (әнәугүгүні - әнәугүні, Мәмедәлі - Мәдәлі, Мәметжан - Мәтжан) жатады[ Бір морфема құрамында алмасып отыратын фонемалар морфонема деп аталады. Морфонологияның қалыптасуына И.А. Бодуэн де Куртене (19 ғасырда), Н.В. Крушевский, Н.С. Трубецкой, А.А. Реформатский, Е.Курилович, т.б. ғалымдар үлес қосты. Қазақ тіліндегі Морфонологияны А.Байтұрсынұлы, А.Қалыбаева, Х.Кәрімов, А.Айғабыловтар зерттеді.
2.Морфонологияның зерттеу нысаны,бірліктері.
Морфонология немесе фономорфология – фонетика мен морфология жігінде пайда болған тіл білімінің саласы. Морфонология термині морфофонология сөзінен кірігу ( гаплология) әдісімен ықшамдалып жасалған. Морфонология сөз тұлғаларының (морфемалардың ) фонологиялық құрылысын зерттейді. Морфонологиялық құбылысқа сөз ішінде өзара қатынасып тіркесу барысында пайда болатын түрлі өзгерістер жатады. Артикуляциялық өзгерістер фонетика еншісінде болады дегенмен фонетика мен морфонологияның төл нысандарын ажырата білу керек. Артикуляцияға байланысты өзгерістерді бағалағанда олардың шектеулі ме жоқ жарыса қолданылу мүмкіндігі бар ма деп салыстырып қараған жөн. Артикуляция жағынан шектеулі және шектеусіз құбылыстарды ғылымда позициялық және позициялық емес өзгерістер деп атайды. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы өзінің тіл нысаны ретінде позициялық өзгерістерді бөліп қарастыру жұмысын игеріп жатса морфонологияның да нысаны айқындала түспек. Осы сияқты морфология саласында да аралас жүрген морфонологиялық құбылыстар да баршылық. Морфонологияның нысандарын айқындау үшін оның нысандарын фонетика мен морфологиядан бөліп алып, ажырату айғақтарын ( критерийлерін) табу керек.
Морфонологиялық құбылыстардың фонетикалық нысандардан өзгешелігі мыналар: 1. Дыбыс алмасудың 2 түрі бар. 1- көрші дыбыстардың әсерінен болатын комбинаторлық өзгерістер. Бұл өзгерістер фонетикалық заңдылықпен түсіндірілгендіктен бұндағы алмасуларды фонетика ғылымы қарастырады. Ал, морфонологиялық дыбыс алмасулар көрші дыбыстардың әсерінсіз жүзеге асатын комбинаторлық емес алмасуларға жатады. Бұл өзгерістер қазақ (түркі) тіл білімінде дыбыстар сәйкестігі деп аталады. Фонетикалық дыбыс алмасуларда белгілі бір позицияларда бір ғана өзгеріс іске асса, морфонологиялық дыбыс алмасуда бір позицияда түрлі өзгерістер пайда болуы мүмкін. Мысалы, бір тұлғаға ( морфемаға) жататын –шік пен –тік және –шек пен –тек жұрнақтары бір ғана сөзге жарыса жалғанып сөз вариантын жасайды. Бүршік –бүртік, бөлшек – бөстек.
Позициялық дыбыс алмасуда ешқашан ауытқулар болмайды. Мысалы, « с» дыбысы мен «ш» дыбыстары қатар келсе әрқашан ш түрінде дыбысталады. Ал морфонологиялық дыбыс алмасуларда әрқашан ауытқу болады. Мәселен, қазақ тілі фонетикасында үнді дыбысқа аяқталған сәтте жалғанатын қосымша дауыссыз дыб-тан баст. Болса, ол әрқашан үнді не ұяңнан басталады деп түсіндіріледі.
Морфонологияның негізгі бірліктері- морфонема және тұлғасын (субморф) Морфонема ең кіші бірлігі ( сыпырғы /ш, қызық/ты) Тұлғасын ең үлкен бірлігі. Ол 2-ге бөлінеді: еркін және дәнекер тұлғасын. Тұлғасын- сөз құрамының ұлғайуы мен ықшамдалуына негіз болатын бірлік. Дәнекер тұлғасын – түбір морфема мен қосымша морфонеманың арасында тұрады. Еркін – сөз ортасында да сөз соңында да тұра береді. Қыстырма ( сөз ортасында: Сыпыр/т/қы), селбеспелі (сөз соңында саза/й/, майса/ң/ ) болып бөлінеді