
- •1.Өлшеу.Өлшеу әдістері.
- •2. Өлшеу және оның түрлері
- •3. Өлшеу объектілері және субъектілері
- •4.Өлшеу проц-ң элементтері
- •5. Физикалық шама. Активті және пассивті фш
- •6.Физкалық Шама,қасиеттері
- •7. Өлшеу шкалалары,тәртіп шкаласы
- •13. Бақылау,Бақылау түрлері
- •14. Өлшеу құралдары
- •15. Өлшеу аспаптары мен қондырғылары
- •17.Өлшеу құралдары. Механикалық өлшеу құралдары
- •21.Эталон.Мем-к эталон
- •22.Эталон. Екін-к эталоны
- •23. Өлшеу. Өлшеу объектісінің матем-қ моделі
- •25.Өлшеу әдістері. Жіктелуі
- •26. Өлшеу.Өлшеу шарттары
- •27. Өлшеу.Нақтылық.Анықтылық.Дұрыстылық....
- •31. Өлшеу құралдары.Өлшеу құрал-ң функциялары
- •33. Қателік. Физ-қ шаманың шынайы және нағыз мән-і
- •34. Қателік түрлері
- •36.Қателік.Дөрекі қателік
- •39.Қателік. Статистикалық және динамикалық қателіктер
13. Бақылау,Бақылау түрлері
Бақылау – өнім параметрінің мәніннің қойылған талаптарға және нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Кезкелген бақылаудың мәні екі негізгі кезеңнен тұрады.
Біріншісінде – кейбір обьектілердің нақты жағдайы, белгілері және қасиет көрсеткіштері жөнінде ақпарат алады. Ол ақпарат біріншілік деп аталады.
Екіншісінде – біріншілік ақпарат алдын-ала қойылған талаптармен, нормалармен, критерийлермен салыстырылады. Осыған байланысты нақты берілгендерге сәйкестігі немесе сәйкессіздігі көрсетіледі.
Оларды салыстыру туралы ақпарат екіншілік болып аталады. Ол обьекттіні бақылау себебі бойынша сәйкес шешім жасау үшін қолданылады.
Бақылау қарапайым іс-әрекеттер қатарынан тұрады: бақыланатын шаманың өлшеу түзгішінен; бақылау енгізудің айналым процестерінен; салыстыру операциялары; бақылау нәтижесін анықтау.
Бақылау мен өлшеу бір-бірімен тығыз байланысты, барлық ақпараттық түсінігі жақын және жалпы операциялар қатары бар (мысалы, салыстыру, өлшеу түзгіші). Сонда да олардың процедуралары көп жағдайда ерекшеленеді:
•өлшеудің нәтижесі сандық сипаттама , ал бақылаудікі – сапалық болып табылады;
•өлшеу өлшенетін шама мәні кең диапазонда, ал бақылау – көп жағдайда мүмкін жағдайлардың аз ғана мәндерінен тұрады;
•бақылау құралдары өлшеу құралдарына қарағанда параметрлері берілген және төменгі шектерде өлшенетін өнімнің жағдайын тексеру үшін қолданылады;
•сапаны өлшеу процедурасының негізгі сипаттамасы – дәлдік, ал бақылау процедурасынікі – сенімділік болып табылады.Бақылау белгілері бойынша жіктеледі:
Бақыланатын параметрлер санына байланысты бірпараметрлік- өлшемі бойынша обьектінің жағдайы анықталатын, және көппараметрлік обьектінің жағдайы көптеген параметрлермен анықталатын.
Салыстырмалы белгілердің қалпы бойынша аналогтық, ол кезде салыстыруға аналогтық белгілер тап болады, сандық-бұл кезде тек сандық белгілер салыстырылады.
Обьектіге қатысты іс-әрететіне байланысты бақылау пассивті- бұл кезде обьектіге ешқандай әрекет жасалмайды. Белсенді-бұл кезде обьектіге тестті белгілік арнайы генератор арқылы әрекет жасалады. Тәжірибе жүзінде ең көп таралған бақылау ол жіберілетін бақылау, оның мәні бақыланатын обьектінің параметр мәнін сынау немесе өлшеу мәнімен анықтаудан және алынған нәтижені берілген шекті мәндермен салыстырудан тұрады. Жіберілетін бақылаудың жекеленген жағдайы жіберілетін шектерде өлшеу құралдарына қателіктің тура болуы процесінде өлшеу құралдарын салыстырып тексеру. Талданатын жағдайдың аймақтың орналасуына бойынша жіберілетін бақылау жағдайы бөлінеді:
• жіберілетін мәннен төмен X < Хн;
• жіберілетін мәннен жоғары X > Хв;
• жоғары және төменгі жіберілетін мәннің ортасындағы мән Хн< X < Хв. Бақылаудың нәтижесі сан емес, өзара рұқсат етілетін тұжырымдардың бірі болып табылады:
• "бақыланатын сипаттама (параметр) жіберілетін мән шегінде тұр", бақылау нәтижесі — "жарамды";
• "бақыланатын сипаттама (параметр) жіберілетін мән шектен асып тұр", бақылау нәтижесі — "жарамсыз" немесе "ақау";
Анықтау үшін шешімді «жарамды» деп таңдаймыз, егер шарты Хн X Хв болса, мұндағы X, Хв Хн - бақыланатын параметрдің жоғарғы және төменгі жіберілетін мәндері және шынайы мәндері. Шынында жіберілетін Хв и Хн мәндерімен Х шынайы мән (ол белгісіз) салыстырылады, өлшеу нәтижесінде Х0 оның бағасы. Х0 мәні Х мәнінен қлшеу қателігінің шамасы бойынша ерекшеленеді: Х = Х0 + . «Жарамды» шешімі ХН Х0 ХВ теңсіздігі кезінде қабылданады. Бұл жерден жіберілетін бақылауда төрт шығыс (исход) бар екенін байқауға болады.
1. Егер бақыланатын параметр мәні жіберілетін шекте тұрса, яғни, Хн X Хв және ХН Х0 ХВ теңсіздігі болса, «жарамды» шешімі қабылданады. Егер бақыланатын Х параметрдің тарату заңдары ықтималдықтардың белгiлi тығыздық f(X) болса, бақыланатын X параметр және оның өлшеу қателігі f(), осы заңдардың тәуелсіздігіне және берілген параметрдің жоғарғы және төменгі мәндерінің ықтималдығы «жарамды».
2. «Ақау» шешімі қабылданады, егер бақыланатын параметр жіберілетін мән шегінен алыс болса, яғни, X < Хр немесе X > Хв және Х0 < Хн немесе Х0 > Xв болса. Ықтималдық жорамалдарында «жарамсыз» немесе «ақау» деп аталады.
3. Егер бақыланатын мәннің шынайы мәні жiберiлетiн мәндердiң шектерiндегi жатса, яғни, Х0 < ХН немесе Х0 > Хв және Хн £ X £ Хв және жөнделген обьект ақаулы. Ондай жағдайда І текті қателік болады.
4. Егер бақыланатын мәннің шынайы мәні жiберiлетiн мәндердiң шектерiнен алыс жатсағ яғни, X < Хн немесе Х > Хв және ХН £ Х0 £ ХВ және жөнделмеген объект жарамды. Ондай жағдайда ІІ текті қателік болады.
Белгілі болғандай, І және ІІ текті қателіктер бақыланатын өнімдер дайындаушылар және тұтынушылар (тапсырыс берушілер) үшін әртүрлі мағына береді.
І текті қателік дайындаушыны тікелей шығынға әкеледі, себебі, зерттеу кезінде жарамды өнімді жарамсыз деп тану қосымша шығынға, қайта өңдеуге және өнімді реттеуге әкеп соқтырады.
ІІ текті қателіктер сапасыз өнім алып отырған тұтынушыларға тікелей әсер етеді. Тұтынушы мен дайындаушы арасындағы қарым-қатынасты қалыпты ұйымдастыру кезінде, бірінші болып жарнамалау өндірушіні шығынға ұшыратады. Бақылауды жоспарлаудың маңызды тапырмаларының бірі – бақыланатын параметрлерді өлшеудің оптимальді дәлдігін таңдау. Өлшеу кезінде жіберілетін қателік жоғарылап кетсе, онда өлшеу құралының құны төмендейді, бірақ бақылау кезінде нәтижесінде жоғалтуға әкелетін қателік мүмкіндігі жоғарылайды. Жіберілетін қателік төмендеген кезде өлшеу құралының құны жоғарылайды, бақылау кезіндегі қателік мүмкіндігі төмендейді, шығарылатын өнімнің өзіндік құны жоғарылайды.