
- •1.Өлшеу.Өлшеу әдістері.
- •2. Өлшеу және оның түрлері
- •3. Өлшеу объектілері және субъектілері
- •4.Өлшеу проц-ң элементтері
- •5. Физикалық шама. Активті және пассивті фш
- •6.Физкалық Шама,қасиеттері
- •7. Өлшеу шкалалары,тәртіп шкаласы
- •13. Бақылау,Бақылау түрлері
- •14. Өлшеу құралдары
- •15. Өлшеу аспаптары мен қондырғылары
- •17.Өлшеу құралдары. Механикалық өлшеу құралдары
- •21.Эталон.Мем-к эталон
- •22.Эталон. Екін-к эталоны
- •23. Өлшеу. Өлшеу объектісінің матем-қ моделі
- •25.Өлшеу әдістері. Жіктелуі
- •26. Өлшеу.Өлшеу шарттары
- •27. Өлшеу.Нақтылық.Анықтылық.Дұрыстылық....
- •31. Өлшеу құралдары.Өлшеу құрал-ң функциялары
- •33. Қателік. Физ-қ шаманың шынайы және нағыз мән-і
- •34. Қателік түрлері
- •36.Қателік.Дөрекі қателік
- •39.Қателік. Статистикалық және динамикалық қателіктер
5. Физикалық шама. Активті және пассивті фш
Қоршаған ортадағы барлық объектілер өздерінің қасиеттерімен сипатталады.
Қасиет – объектінің басқа объектілермен жалпылығын немесе айырмашылығын растайтын және оларға деген қатынасын анықтайтын жақтарын көрсететін философиялық категория. Қасиет –сапалық категория. процесстермен физикалық денелердің әртүрлі қасиеттерін сандық анықтау үшін шама дейтін түсінік енгізіледі. Шама – бұл қандайда бір заттың қасиеті, ол басқада қасиеттер арасында және қандайда бір жағдайлармен бағаланаты, мөлшерлі белгіленуі мүмкін. Шама өз –өзімен қалыптаспайды. Ол қасиеті бар объект пайда болған кезде ғана орын алады.
Шаманы 2-түрде талдауға болады:
1. идеалды 2. шынайы
Идеалды шамалар математикаға байланысты және нақты шынайы түсініктерді растау болып табылады. Олар әртүрлі әдістермен есептеледі.
Шынай шамалар- олар физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық шама жалпы жағдайда нақты және техникалық ғылымдарда оқытылатын материалды объектілерге қасиеттелетін шама ретінде анықталған. Физикалық емес шамаға жалпы ғылымдар жатады – философия, социология, экономика және т.с.с.
Стандарт физикалық шаманы физикалық объектілердің бір қасиеттері ретінде жолдайды, сапалы қатынаста көптеген физикалық объектілерде-жалпы, ал сандық әрқайсысына жеке болады. Жеке сандық қатынасты егер қасиет бір объектіге болса, яғни сан көп немесе аз болған уақытта анықталады. Осыған байланысты физикалық шамалар бұл- физикалық объектілердің өлшенген қасиеттері. Физикалық шамаларды жалпылай 2-ге бөледі: өлшенетін және бағаланатын.
Өлшенетін физикалық шамалар орнатылған өлшем бірліктерінің анықталған саны түрінде сандық белгілененеді. Соңғы енгізу және қолдану мүмкіндіктері өлшенетін физикалық шамалардың қажетті айырмашылығы болып табылады. Өлшем бірлігі қандайда бір себептермен енгізілмейтін физикалық шамалар тек бағаланады. Сонымен бағалау операциясы берілген шамаға қандайда бір орнатылған ережелер бойынша жүргізілетін санды көшіру. Шамаларды бағалау шкалалар көмегімен жүргізіледі.Шамалар шкаласы нақты өлшеулер нәтижесі негізінде келісу бойынша қабылданған мағынасының ретті жүруі.
Физикалық емес шамалар – өлшем бірлігі енгізілмейді, олар тек бағаланады.
Физикалық шамаларды жетік танып білу үшін, жалпы метрологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу керек. Пайда болу түрлеріне байланысты олар келесідей болып бөлінеді:
-Қоғамдық, яғни материалдар ме олардан жасалатын өнімдердің физикалық және физика-химиялық қасиеттерін сипаттайды. Бұл топқа салмақ, тығыздық, электрлік кедергі, сыйымдылық, индуктивтілік және т.б. жатады. Кей жағдайда физикалық шамалар пассивті болып аталады. Оларды өлшеу үшін өлшеу ақпаратының белгісі қалыптасатын, көмекші энергия көзін қолдану керек. Соған байланысты физикалық шамалар белсендіге айналады, олар өлшенеді:
-Энергетикалық, яғни, ол энергияның қолданылу, берілу, қайта түзілу сияқты процестерді сипаттайды. Оларға кернеу, қуат, энергия жатады. Ол шамалар белсенді шамалар деп аталады. Олар қосымша энергия қорларын қолданбай өлшенетін ақпараттық сигналдарды түзуі мүмкін. Уақыттағы процестердің ағымын сипаттаушы. Бұл топқа әртүрлі түрдегі спектрлі сипаттар, корреляциялық қызметтер және т.б. жатады.
Басқа шамалардан шартты тәуелсіздік дәрежесі бойынша осы топқа байланысты физикалық шамалар негізгі, туынды және қосымша болып бөлінеді. Физикалық шамалардың өлшемділігінің бар болуына байланысты өлшемді және өлшемсіз болып бөлінеді.