Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9сыныптарга арналган тест.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
191.74 Кб
Скачать
  1. Салқынқанды омыртқалыларға жатпайды:

А) шеміршекті балық B) құстар C) қосмекенділер D) жорғалаушылар E) сүйекті балық

  1. Сүтқоректілерде астың қорытылуы басталады: А) өңеште

B) қарында C) ауыз қуысында D) ішекте E) ұлтабарда

  1. Сүтқоректілердің мойын омыртқаларының саны:

А) 8 B) 6 C) 5 D) 7 E) 4

  1. Сүтқоректілердің зәр шығару мүшелері үрмебұршақ пішіндес жұп бүйректерінің денеге орналасқан жері: А) көкірек қуысында B) кеуде қуысында C) арқа омыртқаларының екі бүйірінде

D) құрсақ қуысынд, бел омыртқасының екі бүйірінде E) құймышақ омыртқасының тұсында

  1. Сүтқоректілердің ң зәр шығару жүйесіне жатады:

А) жүрек B) екі бүйрек, несепағар, қуық және тері C) өкпе D) ақуыз E) демтүтік

  1. Сүтқоректілерде тұз бен несеп қышқылының артық мөлшері ... бөлініп шығады:

А) сүт безімен B) май безімен C) слекей безімен D) иіс безімен E) тер безімен

  1. Сүтқоректілердің қорегі ауыз қуысынан кейін … түседі:

А) жұтқыншаққа B) он екі елі ішекке C) қарынға D) ішекке

E) жемсауға

  1. Сүйекті балық: А) көк акула B) тікенекті жұп балық C) тұтасбас D) шортан E) жалпақ акула

  2. Суда да, құрлықта да тіршілік ететін сүтқоректілер қайсысы:

А) маймыл B) бегемот C) піл D) тапир E) жираф

  1. Суда тіршілік ететін ағзаларды атайды: А) тұқымдастар

B) планктондар C) бентостар D) жүйкелер E) гидробионттар

  1. Тасбақа тәрізділердің ерекшелігі:

А) денесі қабыршақпен қапталған B) денесі мүйізді сауытпен қапталған

С) денесі қауырсынмен, саусақтары мүйізді қабыршақпен қапталған

D) денесін плакоидты қабыршақ қаптаған

E) денесі түкпен қапталған

  1. Тек құрылықта ғана алғаш тіршілік еткен нағыз омыртқалы жануарлардың тұңғыш класы:

А) сүтқоректілер B) жорғалаушылар C) құстар D) қосмекенділер E) балықтар

  1. Терісінде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері бар: А) құстар

B) қосмекенділер C) балықтар D) жорғалаушылар E) сүтқоректілер

  1. Торғайтәрізділер өкілі: А) дуадақ B) сары шымшық C) пингвин D) шағала E) бұлдырық

  2. Тікентерілілердің қозғалуын, тынысалуын, бөліп шығаруын реттейді:

А) асқорыту жүйесі B) өкпе C) ауыз D) демтүтік

E) гидравликалық

  1. Төменгі сатыдағы желілілерде желі тақташасы:

А) өмір бойы B) өмірінің соңында C) өмірінің алғашқы кезеңінде

D) өмірінің орта кезеңінде E) өмірінің белгілі бір кезеңдерінде

  1. Төменгі сатыдағы желілілерге жатады: А) қандауырша B) балықтар C) қосмекенділер D) құстар E) жорғалаушылар

  2. Шеміршекті балық: А) табан, сазан B) бекіре, алабұға C) акула, жұпбалық D) латимерия E) майшбақ

  3. Шеміршекті балық: А) шортан B) бекіре C) сауытбалық

D) акула E) бахтах

  1. Ірі қара малдың етті қолтұқымы:

А) Қара- ала B) Шортгорн C) Қырдың қызыл сиыры D) Ярослав сиыры E) Холмогор сиыры

  1. Ішекте өмір сүретін паразиттер:

А) мегопаразиттер B) эктопаразиттер C) эндопаразиттер

D) мезопаразиттер E) экзопаразиттер

  1. Үй қойларының арғы ата-тегі: А) тарпан B) есек C) муфлон D) тур E) қодас

  2. Үйректұмсық пен эхидна мекендейді: А) Оңтүстік Америка

B) Африка C) Еуропа D) Азия E) Австралия

  1. Ұлудың тіршілік етуі:

А) теңізде, құрылықта B) теңізде, тұщы суда, құрылықта C) топырақта, ауада, суда D) құрылықта, ауада E) тұщы суларда, мұхитта

  1. Ұша алмайтын құс: А) өзен шағаласы B) бүркіт C) түйеқұс

D) жапалақ E) сұр қарлығаш

  1. Уылдырықтау- бұл:

А) балықтардың көбею кезіндегі күрделі инстинкті мінез – қылығы

В) шартты рефлекс

С) өрістегіш балықтардың шалғай жерлерді жүзіп өтуі

D) ұрпағына қамқорлық жасауы E) көбею жағдайы

  1. Хордалылардың тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі:

А) танау тесігі B) көмей C) желбезек D) өкпе E) кеңсірік