
- •2.Тоңазыту агентін қайта салқындату циклы.
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8.Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3 Суыту машиналарын автоматтандыру
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •Суыту машиналарының сығымдағыштары
- •17 Билет
- •Жылулық s, t-диаграммасымен қатар і, lg p диаграммасы да қолданылады: абсциссаға энтальпия і, ордината осіне қысым логарифмі lg p сәйкес келеді.
8.Билет
1. Буландырғыштар олардың қызметі мен классификациясы Буландырғыш-суытылатын ғимарат,камера немесе тоңазыту машиналарына орнатылған газ тәрізді немесе сұйық орта болатын жылу алмастырушы аппарат.Суылтылатын орта жылуын қабылдау арқылы буландырғыштың ішкі көлемінде төменгі температурада хладагент қайнайды. Буландырғыштардың классификациясы: Суытылатын негізгі ортаға байланысты: технологиялық өнім мен сұйық суықтасушыларды суытуға арналған -Ауа және газ тәрізді технологиялық өнімдерді суытуға арналған, -қатты технологиялық өнімдерді суытуға арналған, -буландырғыш-конденсатор. Суытылатын сұйықтың циркуляциясына байланысты:1.системасы жабық циркуляциялы(кожухотрубные,кожухозмеиковые).2.системасы ашық циркуляциялы(вертикальді-трубалы,панельді буландырғыш). Суыту агентінің қай бөлікте қайнайтынына байланысты 1)суыту агенті трубалық кеңістікте қайнайтын 2) суыту агенті труба ішінде немесе каналда қайнайтын
2.Суыту машиналарын агрегаттандыру
Қазіргі заманғы суыту машиналарын өндіруші зауыттарда әр түрлі агрегаттар өндіреді.себебі суыту машиналарының агрегатты қондырғылары тоңазытқыштарды монтаждауды жеңілдетеді және қысқыартады.Элементтерді дайындау және қондырғылардың жұмысшы заттарын,төзімділікке сынау,автоматика приборларын монтаждау,системаны кептіру,электродвигательді комрессормен қосу сияқты жұмыстарды жеңілдеуге агрегаттау көп жеңілдік тигізеді. Тоңазыту жабдықтарын агрегат түрде өндіру,агрегаттың унификациялық элементінің талаптарын алға жылжыту өндірістің шығындарын қысқыртады.Қосымша бөлшектердің номенклатурасын төмендетеді.Көмекші элементтердің көмегімен ғана агрегаттауда минималды габариттік өлшемдер арқылы типтік компоновка жасауға болады. Суыту агрегаты қосылған тоңазыту машинасының көлеміне байланысты агрегаттарды 5 топқа бөлуге болады:1.компрессорлық агрегаттар 2.компрессорлы- конденсаторлы агрегаттар 3.компрессорлы-буландырғыш агрегаттар 4.аппаратты агрегаттар 5.комплексты агрегаттар
3. Тамақ өнімдерін тоңазытып консервілеу.
Салқынмен консервілеу әдісі өнімнің температурасын түсіріп микроорганизмдердің өмір сүруі мен клетка ферменттерінің белсенділігін төмендетіп, өнімде жүретін реакцияларды (ер анатолизі, жемістердің пісіп жетілуі мен демалуы), микроорганизмдердің өмірсүруіне қолайлы жағдай туғызатын реакциялар.Температураға және тоңазытып өңдеудің сипатына байланысты тамақ өнімдерін: тоңазытылған температурасы 0о тан 4о С дейін; мұздатылған -6о С төмен температурадағы өнімдер; дефростирленрен /дефростированные/ мұздан ерумен мұздату температураларының арасындағы температура. Өнімді тоңазытқанда ең негізгі әсер ететін фактор төмен температура болып табылады; сонымен қатар өнімді мұздатқанда судың қатты күйге өтуі - клеткалардың сусыздануы әсер етеді. Дегенмен су микроорганизмдердің дамуының маңызды факторларының бірі болсада, мұздату кезінде ол толығымен қатпайды. Судың өнім құрамындағы бөлігі қатты заттармен тығыз байланыста болғандықтан, ол өте төмен температураларда қатпайды. Микроорганизмдердің суыққа төзімділігі әр түрлі болып келеді. Кейбір микроорганизмдер төмен температураға шыдамды келеді. Сондықтан тоңазыту технологиялық жабдықтарының тиімді режимін тағамның түріне қарап тағайындау қажет.