
- •2.Тоңазыту агентін қайта салқындату циклы.
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8.Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3 Суыту машиналарын автоматтандыру
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •Суыту машиналарының сығымдағыштары
- •17 Билет
- •Жылулық s, t-диаграммасымен қатар і, lg p диаграммасы да қолданылады: абсциссаға энтальпия і, ордината осіне қысым логарифмі lg p сәйкес келеді.
6 Билет
1. Тоңазытқыш машиналардың жылуалмастырғыш аппараттары
Бір ортадан екінші ортаға жылу беруге арналған аппараттар жылуалмастырғыш деп аталады. Тоңазытқыш қондырғыларда жылуалмастырғыш аппараттардың мынадай түрлері кездеседі: конденсаторлар, буландырғыштар, жылуалмастырғыш аппараттар, айналымдағы суды салқындатуға арналған салқындатқыш батареялар, ауаға арналған салқындатқыштар, қайта суыту аппараттары. Конденсаторлар. Тоңазытқыш машиналардың конденсаторлары компрессорда сығылған тоңазыту агентінің буын салқындатып сұйылтуға арналған. Конденсаторлар тоңазыту агентінің компрессордан, буландырғыштан, төмен қысымды құбырлардан барлық жылуды қабылдайды. Конденсатордың уақыт бірлігі ішінде тоңазыту агентінен қабылдаған жылу мөлшері жылу ауырлығы деп аталады: Qк /Вт/.Конденсатор өзіне қабылдаған жылуды арнайы берілетін салқын сумен немесе қоршаған ортадағы ауамен салқындатады. Осындай атқаратын функцияларына байланысты конденсаторларды сумен және ауамен салқындататын түрлерге ажыратады. Конденсатордағы жылуалмасу процесіне әсер ететін факторлар:1)салқындатылатын судың, немесе ауаның қозғалу жылдамдығы; 2)жылуды беру бетінен сұйық тоңазыту агентін алып кету жылдамдығы; 3)жылу беру бетінің май, тұнбалармен былғануы.
2. Бу суыту машиналарының классификациясы және жалпы жұмыс істеу принциптері /т-s және I –Id/.
Булы машиналар ауамен тоңазыту машиналары сияқты жылуды салқын ортадан жылы ортаға энергия жұмсап, ауыстыру принципі бойынша жұмыс істейді. Булы тоңазытқыш машиналар салқындатылатын ортадан жылуды жұмысшы дененің қыздырылуы есебінен емес, қайнатылуы нәтижесінде қабылдайды. Жұмысшы дене конденсацияланғанда жылу сытрқа бөлініп шығады. Компрессор буландырғыштағы тоңазыту агентінің буын сорып алып, қайнау қысымынан р0 конденсация қысымына р дейін 1’ – 2’ адиабатасы бойынша сығымдайды да, конденсаторға айдайды. Конденсаторда тоңазытқыш агенттің энегиясы ауаның немесе судың көмегімен әкетіліп, сығымдалған будың температурасымен Т қысымы р тұрақты жағдайда конденсацияланады (изотерма 2’ – 3’ ). Сұйық тоңазытқыш агент реттегіш вентильдің көмегімен конденсатордан буландырғышқа бағытталады. Реттегіш вентильден өтіп жатқан тоңазытқыш агент конденсация қысымынан р қайнау қысымына дейін дроссельденеді және температурасы Т дан Т0 төмендейді. Дросселдену процесі тұрақты энтальпияда жүреді деп қабылданады. Сондықтан реттегіш вентильдегі процесс қарастырылып отырған диаграммада 3’ – 4’ сызықтарымен бейнеленген, бұл сызық изоэнтальпаны көрсетеді. Буландырғыштағы тоңазытқыш агент тұрақты температурамен Т0 қысымда р0 қайнайды ( 4’ – 1’ процесс).Тоңазытқыш агенттің буының компрессормен сорылуы диаграммада 1’ нүктесімен сипатталған.
3.2 сурет. Булы компрессорлық тоңазытқыш машинаның s. T диаграммадағы жұмыс циклы.
3. Суықпен тамақтық өнімдерін консервілеу әдістері
Салқынмен консервілеу әдісі өнімнің температурасын түсіріп микроорганизмдердің өмір сүруі мен клетка ферменттерінің белсенділігін төмендетіп, өнімде жүретін реакцияларды (ер анатолизі, жемістердің пісіп жетілуі мен демалуы), микроорганизмдердің өмірсүруіне қолайлы жағдай туғызатын реакциялар.Температураға және тоңазытып өңдеудің сипатына байланысты тамақ өнімдерін: тоңазытылған температурасы 0о тан 4о С дейін; мұздатылған -6о С төмен температурадағы өнімдер; дефростирленрен /дефростированные/ мұздан ерумен мұздату температураларының арасындағы температура. Өнімді тоңазытқанда ең негізгі әсер ететін фактор төмен температура болып табылады; сонымен қатар өнімді мұздатқанда судың қатты күйге өтуі - клеткалардың сусыздануы әсер етеді. Дегенмен су микроорганизмдердің дамуының маңызды факторларының бірі болсада, мұздату кезінде ол толығымен қатпайды. Судың өнім құрамындағы бөлігі қатты заттармен тығыз байланыста болғандықтан, ол өте төмен температураларда қатпайды. Микроорганизмдердің суыққа төзімділігі әр түрлі болып келеді. Кейбір микроорганизмдер төмен температураға шыдамды келеді. Сондықтан тоңазыту технологиялық жабдықтарының тиімді режимін тағамның түріне қарап тағайындау қажет.