Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хол.тех.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

13 Билет

1. Суытқыш қоймалар

Суытқыш қоймалар-бұл өзінің белгілі бір көлемі бар,ортасы бөлінген әр түрлі көмекші бөлмелер орналасқан суыту камерасы орнатылған ғимарат болып табылады.Қоймалар өнімді қабылдау және жіберу үшін қажет темір жол рампаларымен немесе автомобиль жолымен қамтамасыз етіледі.Барлық суыту камераларында арнайы жылу изоляциялы есіктер мен тамбур және ауалы жылу ұстағыштары бар. Температура режиміне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: 1.t-сы орташа суыту қоймалары 10С-0С 2.t-сы төмен суыту қоймалары +0С- -10С 3.t-сы төмен мұздату камералары -10С- -30С Жасалуы бойынша 2 түрге бөлінеді 1.бөлшектеліп жиналатын 2.көлеміне байланысты (индивидуалды размерлі) Суытқыш қоймаларда әр түрлі полуфабрикаттарды,ет, балық ,сүт өнімдерін сақтауғаа арналған.кейбір суытқыш қоймалар өнімдерді мұздатуға немесе белгілі бір уақыт аралығында сақтауға арналған.

2. Төменгі температураны алудың термодинамикалық негіздері

Жылу температурасы жоғары денеден төмен денеге табиғи жолмен тасымалданады. Машиналық тоңазыту принципі салқын ортадан жылуды жылы ортаға беруге негізделген, мысалы, қоршаған ортаға. Термодинамиканың 2 заңы бойынша жылу салқын ортадан жылы ортаға өту үшін сырттан механикалық немесе жылу энегиясы жұмсалады. Ол үшін арнайы термодинамикалық тоңазыту циклдары орындалады. Тоңазытқыш шкафтарда температура төменгі деңгейден жоғары деңгейге қандай да бір болмасын дененің көмегімен өтеді. Мұндай денелерді жұмысшы заттар деп атайды. Қысым р мен көлем координатасы арқылы тоңазыту циклы 1 суретте көрсетілген. 1 – а - 2 процесінде жұмысшы дене ұлғаяды. Жұмысшы дененің ұлғаюы қоршаған орта температурасынан төмен температурада орындалады, нәтижесінде қоршаған орта температурасы төмендейді, жұмысшы дене қызады да 2 – в – 1 процесінде сығылады. Сығылу кезінде жылу қоршаған ортаға бөлінеді /ауаға немесе суға/. Цикл орындалуы үшін жасалатын сыртқы механикалық жұмыс - р диаграммасындағы 1-а-2 және 2– в –1 қисықтықтарымен шектелген геометриялық ауданға тең. Осы жұмысқа теңесетін жылуды жұмысшы дене қабылдап, салқындатылған ортадан бөлінген жылумен бірге қоршаған ортаға береді. Цикл бойынша жұмысшы дене салқындаған ортадан qo жылуды қабылдаса, оны сығымдау үшін l жұмыс жасалады. Олай болса энергияның сақталу заңы бойынша денеден шығарылуға тиіс жылу мынаған тең болады: q = qo + l .

3. Тоңазытқыштардың изоляциялық құрылымдары Құрылыстық құрылымдарда құрылыс материалдарынан басқа жылулық және гидоризоляциялық қабаттар болады, оларды изоляциялық құрылымдар деп атайды. Тоңазытқыштардың изоляцлық құрылымдары белгілі бір тағайындалған есептік жылулық изолялық қабаты болады. Оны изоляциялық материалдың орнатылатын құрылыстық құрылымға қабаттастырып ылғалдан, механикалық бүлінуден, кеміргіштердің зақымдаунан сақтандырып бекітеді.Жылулық изоляциның ылғалдануы әртүрлі себептерге байланысты болады. Олардық негізгілері: сытқы ауаның су буының диффузиясы және жуын – шашынның әсері.Құрылымдарды ылғалдан қорғау үшін: а) материалдың жылуөткізгіштік коэффициентінің мәні жоғары болуы, тығыздығы жоғары, буөткізріштігі (бу изоляцының болуы) төмен материалдарды қоршаудың сыртына немесе жайдың неғұрлым жылы жағына, теплоизоляциялық материалды ішкі суық жағына орнату; б) гидроизиолялық қабатты жылу ағыны келетін жылуизолялық жағына орнатады. Гидроизоляциялық қабатқа жоғары тиімді орамалы гидроизиолялық материалдар немесе сәйкес келетін битумды мастиктермен полиэтилен түріндегі материалдар қолданылады; в) буизоляциялық қабат, жылуизоляциялық қабаттан қалың болмауы керек.Кеміргіштерден изоляцияны қорғау үшін болат торларды тоңазытылатын жайдың /охлаждаемое помещение/ еденінен 0,7м биікте, еденнің периметрі бойынша енін 0,5м етіп орнатады.Тоңазытқыштардың тоңазытылатын бөлігінің изоляциялық қоршауларын құрылымдағанда бөлініп қалмауын қадағалау керек. Мысалы, колонналармен балкалардан өткенде изоляция үзіліп қалса, ол жерде суық мостиктері пайда болады. Бұл өз кезегінде тоңазытылатын жайда ылғалмен тамшылардың пайда болуына әкеліп соқтырады..