
- •2.Тоңазыту агентін қайта салқындату циклы.
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8.Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3 Суыту машиналарын автоматтандыру
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •Суыту машиналарының сығымдағыштары
- •17 Билет
- •Жылулық s, t-диаграммасымен қатар і, lg p диаграммасы да қолданылады: абсциссаға энтальпия і, ордината осіне қысым логарифмі lg p сәйкес келеді.
Билеттер
кайталанады:
48 билет - 7 билет
49-8
50-9
51-10
52-11
53-12
54-13
55-14
56-15
57-16
58-17
59-18
60-19
61-20
62-21
63-22
64-23
65-24
66-25
67-26
68-27
69-28
70-29
71-30
1 билет
1. Тоңазытқыш техника және технологияның даму тарихы туралы қысқаша мәлімет?
Жасанды жолмен салқындатуды адамдар ерте заманнан пайдалана бастаған. Салқындату тамақ өнімдерін сақтауға тікелей қатысты болды. Салқандату көзі ретінде алғашқыда қар, мұз пайдаланылды. Мысалы, терең қазылған шұңқырға мұз салып, өнімді салқындату, салқын суға салып салқындату т.с.с. 11 ғасырдан бастап тоңазытқыш агенті ретінде тұз қосылған суды қатыру жолымен тұзды мұз пайдаланылды. 1834 жылы Лондонда тоңазытқыш құрылғысы Джекоба Перкинстің жобасы бойынша құрастырылды. Салқындату агенті ретінде этил эфирі пайдаланылатындықтан бұл құрылғы кеңінен қолданылмады. 1871 жылы француз Шарль Телье метил эфирімен жұмыс істейтін құрылғы ойлап тапты. 1872 жылы ағылшын Бойль амиакты тоңазытқышты ұсынды. Х1Х ғасырдың ортасында абсорбциялық тоңазытқыш пайда болды. 1880 жылдары Карл Линде амиакпен жұмыс істейтін өндірістік тоңазытқыш құрасытрып шықты. Мұндай машиналар етті тоңазытып, Австралиядан еуропа елдеріне рефрижератльді кемелермен тасымалдап жеткізу үшін қолданылды. Осыдан бастап сыра, кондитер өндірістері мен сүт өнімдерін қайта өңдеу салаларында тоңазытқыштар енгізіле бастады. Жасанды салқындату өндірістің басқа да салаларына енгізілді: химия, металлургия, тау-кен, тоқыма, құрылыс материалдары, мұнайды қайта өңдеу, медицина салаларында, тұрмыста т.б.
2.Тоңазыту агентін қайта салқындату циклы.
Қазіргі кездегі қондырғылардың көпшілігі тоңазыту коэффициентін арртыру мақсатында тоңазыту агентін қайта салқындатумен жұмыс жасайды. Конденсацияланган сүйық тоңазытқыш агенттің температурасын, конденсатордағы қаныққан қысымның температурасынан бірнеше градусқа төмен түсірмей салқындату үшін қайтасалқындатқыштарды қолданады. Диаграммада s, T қайта салқындату процесі сол жақтағы шекаралық қисықтықпен сәйкес келетін 3’–3 сызығымен бейнеленген (3.3 сурет), өйткені көптеген тоңазыту агенттері үшін заттың сұйық күйіндегі изобарасы сол лақтағы шекаралық қисықтыққа сәйкес келеді. Суытқыш агенттің қайта салқындату кезіндегі шекті температурасы (3 нүкте) қайта салқындату температурасы деп аталады және былай белгіленеді tп. Осы температурамен тоңазытқыш агент реттегіш вентильге жіберіледі. Қайта суытуда температура 5-10оС-қа, конденсациялану температурасынан төмен температурада тоңазыту агенті қайта суытыла алады. Бұл құбылыс конденсаторда немесе конденсатор мен реттегіш вентильдің арасында орналасқан бөлек аппаратта – қайта суытқышта орындалады.
3.3 Сурет. Қайта салқындату процесі кезіндегі компрессордың ылғал жүрісі орындалатын тоңазыту циклының s, T диаграммасы.
3. Суықпен тамақтық өнімдерін консервілеу.
Салқынмен консервілеу әдісі өнімнің температурасын түсіріп микроорганизмдердің өмір сүруі мен клетка ферменттерінің белсенділігін төмендетіп, өнімде жүретін реакцияларды (ет анатолизі, жемістердің пісіп жетілуі мен демалуы), микроорганизмдердің өмірсүруіне қолайлы жағдай туғызатын реакциялар.Температураға және тоңазытып өңдеудің сипатына байланысты тамақ өнімдерін: тоңазытылған температурасы 0о тан 4о С дейін; мұздатылған -6о С төмен температурадағы өнімдер; дефростирленрен /дефростированные/ мұздан ерумен мұздату температураларының арасындағы температура. Өнімді тоңазытқанда ең негізгі әсер ететін фактор төмен температура болып табылады; сонымен қатар өнімді мұздатқанда судың қатты күйге өтуі - клеткалардың сусыздануы әсер етеді. Дегенмен су микроорганизмдердің дамуының маңызды факторларының бірі болсада, мұздату кезінде ол толығымен қатпайды. Судың өнім құрамындағы бөлігі қатты заттармен тығыз байланыста болғандықтан, ол өте төмен температураларда қатпайды. Микроорганизмдердің суыққа төзімділігі әр түрлі болып келеді. Кейбір микроорганизмдер төмен температураға шыдамды келеді. Сондықтан тоңазыту технологиялық жабдықтарының тиімді режимін тағамның түріне қарап тағайындау қажет.
2 Билет
1.Суыту агентін сығу тәсілі бойынша сығымдағыштардың қызметі мен классификациясы. Сығымдалатын тоңазыту агентіне байланысты компрессорлардың амиакты, фреонды т.б. түрлері бар. Тоң өндіру өнімділігіне байланысты компрессорлар мынадай түрлерге бөлінеді: аз өнімділікті: 14 000 Вт /12 000 ккал/сағ/; орташа – 14 000 – 105 000 Вт /12 000-90 000 ккал/сағ/; жоғары өнімділікті – 105 000 Вт-тан /90 000 ккал/сағ/ жоғары. Сығымдау сатыларының санына байланысты компрессорлар бірсатылы, қоссатылы және үшсатылы түрлерге бөлінеді. Цилиндрлерінің санына байланысты компрессорлардың қос-, төрт-, алты- және сегізцилиндрлі түрлері белгілі. Цилиндрлерінің орналасу ретіне байланысты компрессорлар көлденең, тік, У-тәрізді және УУ-тәрізді /желпуіш тәрізді/ түрлерге бөлінеді. Цилиндрде тоңазытқыш агент буының қозғалу бағытына байланысты компрессорлар буды тек бір бағытта қозғалтатын тірағынды /прямоточные/, буды ілгері-кейін қозғалтатын қарсы ағынды түрлерге ажыратылады. Поршеньнің жұмысшы жақтарының санына байланысты компрессорларды мынадай түрлерге бөледі: поршеньдегі жұмыс істейтін жақтардың санына қатысты қарапайым, немесе біржақты жұмыс істейтін және поршенінің екі жағы да жұмыс істейтін қосарлы.
2. Тоңазытқыштардың жылу изоляциясы.
Жылу изоляциялары тоңазытылатын жайға сырттан жылу келуін азайтып, қажетті температураны сақтауға мүмкіндік жасайды. Изоляцияны арнайы материалдардың көмегімен іске асырады. Оларды таңдағанда мынадай қасиеттерін ескереді : жылуөткізгіштік қасиеті, тығыздығы, ылғал сіңіру қабілеті, буөткізгіштігі, отқатөзімділігі, аязғатөзімділігі, иісті қабылдау және бөлу мүмкіндігі, микроорганизмдердің әсеріне қарсы тұра алу қабілеті, паразиттермен кеміргіштерге материалды бүлдіруіне қарсы тұруы, механикалық мықтылығы, геометриялық формасы, басылып қалуға қарсылығы, бағасы.
3.Көмекші аппараттар, арматуралар. Периодты жұмыс істейтін қамыр араластырғыш машиналар.
Амиакты машиналардың қосымша аппаратурасына майбөлгіштер, майжинақтар, сүзгілер, сұйықажыратқылар, ауаажыратқылар, қайтасалқындатқыштар мен ресиверлер жатады. Майбөлгіштер. Тоңазыту агентінің буы компрессордан жүйеге майлау материалының бірбөлігін алып кетеді. Майлау материалы жылуберу аппаратының қабырғасына тұтылып, жүйенің жұмысына кері әсер етеді. Майжинақтар. Ауқымы мен өнімділігі жоғары аммиакты машиналарда қолданылады. Құрылымы бойынша аппарат тік орналасқан, жабық болат сиымдылық /сосуд/. Қабырғалық бұрыштарындағы вентильдердің екеуі оны майбөлгіш пен компрессордың сорғыш түтіктеріне жалғауға, ал үшіншісі маонметр орнатуға, төртіншісі – сиымдылықтың төменгі жағына тұндырылған май қабатын сыртқа шығаруға арналған. Сүзгілер. Тоңазытқыш машинаның монтаждау жұмыстарынан кейін қалып ккеткен таттар мен құм сияқты механикалық кірлерді тұтып қалуға арналған. Тоңазыту агенті циркуляцияланғанда құрамдас кірлер компрессор цилиндрінің клапанының төменгі жағына, вентильдерге түсіп кетіп, жұмыс ритміне кері әсер етуі мүмкін /желіну т.б./, әсіресе дроссельдеу автоматтары үшін айрықша тиімсіз.Сұйықбөлгіште тоңазыту агентінің ылғал буы жылдамдығы мен қозғалу бағытын өзгерткенде сұйық тамшы түрінде будан бөлінеді. Сұйық төменге, батареяға немесе буландырғышқа қайта келеді, ал тоңазыту агентінің буы компрессорға бағытталады. Шағын фреонды машиналарда сұйықбөлгіштер орнатылмайды. Компрессордың құрғақ жүрісі жылуалмастырғыштың немесе автоматикалық саймандардың көмегімен қамтамасыз етіледі.
Ауабөлгіштер. Тоңазыту жүйесіне ауа еніп кеткенде қалыпты жұмысы бұзылады: тоңазыту өнімділігі төмендейді, жылу беру аппараттарының жұмысқа тиімділігі төмендейді, машина тетіктерін реттеу қиындап, энергия шығыны жоғарылайды. Сондықтан жүйеде ауа болмауы тиіс.
Ресиверлер. Болат цилиндрден жасалған ыдыс. Сұйық тоңазытқыш агенттің сығымдалып сақталатын сиымдылығы болып табылады. Тұрқысына тоңазыту жүйесінің құбырларына, вентильдерге жалғауға арналған түтіктерді дәнекерлеп орнатады. Үлкен машиналарға арналған ресиверлерге сақтандырғыш клапан, деңгейлік көрсеткі мен майжинақ орнатылады.