
- •1 Отбасы туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •2 Отбасындағы тұлға аралық қарым-қатынасты реттеу жолдарын қарастырыңыз.
- •3 Серіктестік және ерлі-зайыптылық қарым-қатынас психологиясын түсіндіріңіз.
- •5 Романтикалық махабаттағы қатынас динамикасына анықтама беріңіз.
- •6 Неке мен отбасының тарихи дамуына анықтама беріңіз.
- •7 Аттракция қатынасындағы психологияға анықтама беріңіз.
- •8 Отбасылық психотерапия туралы түсінік беріңіз.
- •9 Отбасы шырқының бұзылуы себептерін атаңыз.
- •10 Некенің психологиялық концепцияларын атаңыз.
- •11 Некелесуге дейінгі жастардың қарым-қатынасын сипаттап жазыңыз.
- •12 Қазіргі қоғамдағы отбасының ерекшеліктері мен қызметтерін атаңыз.
- •13 Неке туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •14 Қала мен ауылдық отбасыларға тән ерекшеліктерді көрсетіңіз.
- •Гемайншафт угодай
- •15 Жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудың негізгі жолдарын көрсетіңіз.
- •16 Бос уакытты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік мәні мен пайдасын түсіндіріңіз.
- •17 Отбасының әртүрлі кезеңдерде қызмет ету ерекшеліктерін атаңыз.
- •18 Отбасылық дағдарыстардың туындау себептерін атаңыз.
- •19 Отбасы терапиясының дамуына түсінік беріңіз.
- •20 Отбасының қаржысы және оларды орынды жұмсауға тәрбиелеуді түсіндіріңіз.
1 Отбасы туралы жалпы түсінік беріңіз.
Отбасы – некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысының ортақтылығымен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды роль атқарады. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Отбасы – тәрбиенің негізі. Оның құндылығын «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»деген мақалда анық көрінген. Отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды Отбасының құрылымы дегеніміз – туыстық қатынастармен қатар, рухани, адамгершілік қатынастар, яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл бүкіл қатынастардың жиынтығы Отбасының негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды.
2 Отбасындағы тұлға аралық қарым-қатынасты реттеу жолдарын қарастырыңыз.
Қатынас - таным процесі, ал таным және қатынас өзара байланысты. Олар адамдардың таным іс-әрекеттерінде байқалады. Коммуникация құралдарының көмегімен болатын адамдар арасындағы өзара байланысты, түсінушілікті қатынас деп атайды. Осы қатынас арқылы отбасы мүшелері, олардың жақын туған- туысқандары өмір тәжірибесіне үйренеді, мінез-құлық нормасын игереді, өздерінің қуаныштарын, еңбектегі табыстарын, сәтсіздік істерін, кейде өзара өкпелерін ортаға салып, пікір алысады, бір-біріне қамқоршы болып, көмек көрсетеді. Олар өздерінің рухани күш- қуатын қалпына келтіріп, өмірі мен тіршілік іс-әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды. Осындай таным және қатынас процесі нәтижесінде отбасы мен жақын туысқан отбасылар арасында өзара қарым-қатынас бірте-бірте дәстүрге айналады [N2. 15бет].
Отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігі, ата-аналар мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, жұбайлардың сүйіспеншілігі мен өзара түсінушілігі жайлы жоғарыда айтып өттік.
3 Серіктестік және ерлі-зайыптылық қарым-қатынас психологиясын түсіндіріңіз.
Жанұя мамандарының тәжірибелік жұмысы З.Фрейд пен А.Адлердің идеяларын дұрыс деп есептейді, яғни олардың ойынша жаңа жанұя құрған ерлі-зайыптылар өзінің жанұясына өзінің өсіп шыққан моделін дәл суреттейді.
Ата-ана моделі З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясына сәйкес келеді. Идентификация механизмі жұмысының арқасында бала өз жынысындағы ата-анасымен теңеседі, оның өмір бойы сақталатын сенімдерін, қасиетін және мінез-құлық реакциясын алып пайдаланады. Қарама-қарсы жыныстағы ата-ананың бейнесін ерлі-зайыптылардың таңдауы анықтайды. Ағалы-қарындасты жүйе бойынша ағасы мен қарындастың моделі өзара қарым-қатынас тәжірибесіне негізделген модел тұрақты ерлі-зайыптылық үшін ағалы-інілі және қарындасымен өзара қарым қатынас тәжірибесін осы жұпқа суреттеу керек деген А.Адлердің идеясына құрылған. Комплементарлы неке деп – ерлі-зайыптылардың сиблингтивті позициясы өзара толықтырушы болып табылатын неке. Жартылай комплементарлы неке – ағалы-қарындасты жүйе бойынша түрлі тәжірибе игерген ер мен әйелдің арасындағы неке. Комплементарлы емес неке – сиблингтивті позиция туылу тәртібіне сәйкес келетін неке: мысалы, інілердің үлкен ағасы, сіңілілердің үлкен әпкесібірдей тәжірибе алады, бірақ қарама-қарсы жыныстағы құрдастарымен тығыз өзара әрекет тәжірибе ала алмайды.
2. Ата-ананың жанұядағы бала тәжірибесі міндетті түрде болашақ ерлі-зайыптылық қарым-қатынастың құрылуына, баланы тәрбиелеуде, өзінің жанұядағы туысқандармен қатынасына әсерін тигізеді. Бұл әсердің өте толық анализі позитивті психотерапия авторы Н.Пезешкиянға тиесілі. Ол мұндай әсер болатын 3 психикалық сфераны ұсынады: стреске әсер ету тәсілі; эмоционалды және тәрбиелік норма; әлеуметтік және отбасылық қатынас.
4 Ата – аналық құқықтан айыру себептерін атаңыз.
Ата-аналарды құқықтан айыру тәртібі:
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы істе ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жөнделген.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса мұны жеке қаулымен жеткізуге міндетті.