
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
- •3. ҚРның зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.
- •4. Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі және мақсаты.
- •Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі.
- •9.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •Құқықтың түсінігі мен белгілері.
- •Сайлау жүйесінің түсінігі мен түрлері.
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері.
- •13.Құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
- •14.Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері
- •15. Еңбек құқығы пәні,әдісі,жүйесі және қайнар көздері.
- •16.Мемлекет механизмінің (аппараты)түсінігі.
- •17 Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері.
- •18. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы органдары.
- •19. Мемлекеттің функциясы (қызметі).
- •21. Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы
- •22. Конституцияның ұғымы мен мәні
- •23. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.
- •24. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •25. Қазақстан Республикасының Президенті
- •26. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •27. Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
- •28. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
- •29. Әкімшілік жауапкершілік: түсінігі мен негізгі белгілері.
- •30. Меншік құқығының түсінігі мен түрлері.
- •31. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •32. Отбасы құқығының түсінігі мен жүйесі.
- •40. Мемлекетті басқарудың нысаны
- •41. Каржы құқығының жүйесі
- •42. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
- •46 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары
- •47 Азаматтық құқықтың обьектісі және оның түрлері
- •48 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
- •49 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен негізгі сипаттары
- •50 Конституциялық құқықтық бостандықтар мен міндеттердің жүйесі
- •51. Шарттың ұғымы мен жасалу нысаны(формасы)
- •52. Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері
- •53. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы
- •54.Құқықтық катынастар
- •56 Мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық бөліністердің қаржылық қызметінің түсінігі және құқықтық нысаны.
- •57. Қылмыс жасау сатылары және қылмысқа қатысушылар
- •58. Қаржы құқығының түсінігі, пәні әдісі
- •59.Қүқық бүзушылық түсінігі және түрлері.
- •61. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
- •62. Қаржылық бақылаудың түсінігі, міндеттері, түрлері және әдістері.
- •63. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •1. Ұжымдық келісім шартының түсінігі мен маңызы
- •2. Ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар
- •65. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •66. Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
- •67. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет
- •68. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастары
- •69. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •70. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен құрылымы
- •71. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері
- •72. Экологиялық құқығының объектілері.
- •73. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
- •74. Жәрдемақы түсінігі мен түрлері, төлемдері мен тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.
- •75. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.
- •76. Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі мен құрамы.
- •77. Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі.
- •78. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары
- •79. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары
- •81. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
- •90. Заңды тұлғаның ұғымы мен түрлері
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
17 Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері.
Меншік дегеніміз — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.
Меншік құқығын иемдену тәртібі
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.
Меншік құқығың тоқталуы
Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.
Меншікті иелену, пайдалану, билік ету
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.
Пайдалану құқығы дегеніміз
Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.
Билік ету құқығы дегеніміз
Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.