
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
- •3. ҚРның зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.
- •4. Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі және мақсаты.
- •Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі.
- •9.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •Құқықтың түсінігі мен белгілері.
- •Сайлау жүйесінің түсінігі мен түрлері.
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері.
- •13.Құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
- •14.Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері
- •15. Еңбек құқығы пәні,әдісі,жүйесі және қайнар көздері.
- •16.Мемлекет механизмінің (аппараты)түсінігі.
- •17 Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері.
- •18. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы органдары.
- •19. Мемлекеттің функциясы (қызметі).
- •21. Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы
- •22. Конституцияның ұғымы мен мәні
- •23. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.
- •24. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •25. Қазақстан Республикасының Президенті
- •26. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •27. Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
- •28. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
- •29. Әкімшілік жауапкершілік: түсінігі мен негізгі белгілері.
- •30. Меншік құқығының түсінігі мен түрлері.
- •31. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •32. Отбасы құқығының түсінігі мен жүйесі.
- •40. Мемлекетті басқарудың нысаны
- •41. Каржы құқығының жүйесі
- •42. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
- •46 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары
- •47 Азаматтық құқықтың обьектісі және оның түрлері
- •48 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
- •49 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен негізгі сипаттары
- •50 Конституциялық құқықтық бостандықтар мен міндеттердің жүйесі
- •51. Шарттың ұғымы мен жасалу нысаны(формасы)
- •52. Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері
- •53. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы
- •54.Құқықтық катынастар
- •56 Мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық бөліністердің қаржылық қызметінің түсінігі және құқықтық нысаны.
- •57. Қылмыс жасау сатылары және қылмысқа қатысушылар
- •58. Қаржы құқығының түсінігі, пәні әдісі
- •59.Қүқық бүзушылық түсінігі және түрлері.
- •61. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
- •62. Қаржылық бақылаудың түсінігі, міндеттері, түрлері және әдістері.
- •63. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •1. Ұжымдық келісім шартының түсінігі мен маңызы
- •2. Ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар
- •65. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •66. Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
- •67. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет
- •68. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастары
- •69. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •70. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен құрылымы
- •71. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері
- •72. Экологиялық құқығының объектілері.
- •73. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
- •74. Жәрдемақы түсінігі мен түрлері, төлемдері мен тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.
- •75. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.
- •76. Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі мен құрамы.
- •77. Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі.
- •78. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары
- •79. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары
- •81. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
- •90. Заңды тұлғаның ұғымы мен түрлері
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
81. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері
Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады.
82. Конституцияның түсінігі мен түрлері. Конституция ұғымын ерте заманда Грекияда Аристотель қалыртыстырған болатын. Ол кезде к-я деген сөз саяси құрылыс ұғымын білдірген. XVII ғ Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын білдірген. Ұлы Франция төңкерісі кезінде к-я сөзі мемл-ң жай күйі дегенді білдірген. К-я ұғымының қазіргі түсінігі XVIII ғ бастап орнықты. Алғашқы к-я 1787 ж АҚШта қабылданды, сосын 1789 ж Францияда қабылданды. Кез келген к-я қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстанымдарын бекітіп береді.
К-ң ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемл-те ең жоғары күші бар, бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемл-ң арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конст-лық құрылыстың негіздерін адам азаматтың нег.құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, мемл.құрылысын, ел басының өкілеттілігін өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот органдарын, жергілікті өзін өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаларын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Оның басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, конс-лық құрылыстың мызғымайтындығын, еліміздің экон-лық және әлеуметтік дамуын оның халықаралық қатынастарын қаматамасыз ету болфп табфлады.
К-ны: 1.нысанына; 2.қолдану тәртібіне; 3.өзгертілу әдісіне қарай бірнеше түрлерге, белгілерге бөлу қабылданған. Нысанына қарай к-ң екі түрі бар, олар: жазбалы және жазбалы емес. Ж.К – тұтас жинақталған кодификациялық акт, мысалы Қазақстанда, Ресей Федерациясында, Финляндияда, бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған. Әдетте Ж. К кіріспеден, нег.мәтінннен, өтпелі кезең ережелерінен тұрады. Ж.емес К – сирек қолданылатын әртүрлі заңдардың, сот үрдістерінің және әдет ғұрыптардың жиынтығы. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда бар. Ж емес К-я ЖК сияқты басқару нысанынан, мемлекеттік құрылыс нысанынан, мемлекеттің жоғары және жергілікті органдарының құрылымын, жеке адамның құқықтық жағдайын және т.б.белгілейді, бірақ сол елдердің негізгі актілері деп формальды түрде болса да жарияланбаған.
К-ларды өзгертілу әдісіне қарай қатаң және олқы деп бөлуге болады. Қатаң к-ларды сайлаушылар қауымы тікелей референдумда немесе арнаулы құрылтай жиналыстарда мақұлдап қабылдайды. Олқы к-ларды әдетте парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетілер енгізу жай заңдарға тәріздес тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң органдары енгізеді.
83.Ммемлекеттік меншік пен жеке меншіктің түсінігі және түрлері. Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей нысандары бар: жеке және мемлекеттік. Ж.М.азаматтардың мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншіктері ретінде анықталады. М.М негізінде құралмаған барлық заңды тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қаиарына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік кооперативтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдар да заңда нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру құқықтық нысандары жеке меншікке негізделеді.
Республика аумағындағы мемл.меншік құқығының субъектісі ҚР болып табылады. Мемл.мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру ҚР атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын мемл-ке беруі мүмкін. М.М: республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді.республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сай мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Респ.бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры , тек қана мемлекеттік мешік объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік ҚР қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады. Комуналдық меншік жергідікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
84. Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері. Сот тек заңда көрсетілген жазаны ғана тағайындайды, әрі ондағы мерзімнен асырап тағайндай алмайды. Жаза жүйесі бойынша ҚК 39-б. 1-бөлімінде мынадай жазаның нег.түрлері келтірілген:
Айыппұл салу;
Белгілі бір лауазымды атқару немес белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
Қоғамдық жұмыстарға тарту;
Түзету жұмыстары;
Әскери қызмет бойынша шектеу;
Бас бостандығын шектеу;
Қамау;
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
Бас бостандығынан айыру;
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Бұлардан басқа маңдайына тек қосымша жаза бөлу жазылған жаза түрлері де бар. Олар:
Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
Мүлкін тәркілеу. Бұлар негізгі жазаға қосақталып тағайындалады. Сол сияқты негізгі де, қосымша да жаза болып алатын жаза түрлері:
Айыппұл салу;
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
85. Қазақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет. Демократиялық мемлекетте конституцилонализм идеялары, билікті бөлісу, құқықтық мемлекет идеялары жүзеге асырылуда, халықтың пікірін ескеру бағдарға алынаған, құқықты жүзеге асыру процесі кезінде орындаушылармен құқықтың ұйғарымының мазмұнын түсіндіру және оны сақтаудың қажеттігіне иландыру жөнінде жұмыс жүргізіледі, мәжбүрлеумен байланысты органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметі бақылауды болады. Мемлекеттік тәуелсіздік – ререспубликаның сапалық жаңа жағдайы, ол оның тіршілік етуінің және дамуының барлық жағына, оның табиғатына, мәртебесіне, құзыретіне, республиканың ішіндегі ішіндегі сияқты сыртындағы да өзара қарым қатынасқа да қатысты. КСРО тарағаннан бастап, Қазақстанның егемендігін шектеуге себепші болатын факторлар жойылды, егемендік толық сақталып қалады. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін бұған дейінгі кезеңдердің барлығында оның егемендігіне келтірілген шектеулер алынып тасталды.
86. Салық қызметінің органдары. Салықтық бақылау нысандары. Салық жүйесі мемлекеттік билік органдары мен салық төлеушілердің өзара қарым қатынастарын ұйымдастыратын императивтік құрылым болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық саясатының заңи күші бар құралы ретінде пайдаланылады. Мемелекеттің салық жүйесі салық салу стратегиясын айқындауға ат салысады және осыған орай мына нысандарды қамтиды:
Салық салу принциптерін;
Салықтарды белгілеу және тиісті аумақта заңи күшіне енгізу тәртібін;
Салықтар жүйесін, жекелеген салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің түрлері;
Салықтан түсетін түсімдерді әр деңгейдегі бюджеттер арасында бөлу тәртібі;
Салықтық қатынастарға қытысушылардың құқықтары мен міндеттерін және олардың тиісті мүдделерін қорғау тәсілдері.
87. Қылмыстың құрамы мен белгілері. Қылмыстың құрамы деген әрекеттің қылмыс ретінде қоғамға қауіптілігін сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы. Қылмыс құрамы – заңдық ұғым, ал қылмыс – адам әрекетінің бір түрі. Қылмыс құрамы тек бір ғана қылмыста емес, барлық қылмыста ұшырасатын белгілердің жиынтығын құрайды. Қылмыс құрамының объективтік белгілерінің жиынтығына қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар және қоғамға қауіпті әрекет, зардап, жасалу орыны, уақыты т.б.сияқты қылмыстың сыртқы көріністері кіреді. Ал субъективтік белгілердің жиынтығына қылмыс жасаушының белгілері және жасаушының әрекетті оны зардапқа техникалық қатынасын көрсететін белгілер енеді. Қылмыс құрамының төрт элементі бар. Жоғарыда аталған белгілер осы төрт элементтің маңайында шоғырланады.
Олар:
Қылмыс объектісі;
Қылмыстың объективтік жағы;
Қылмыс субъектісі;
Қылмыстың субъективтік жағы.
Қылмыстың төмендегідей белгілері бар:
Қоғамға қауіптілігі
Заңға қайшылығы
Айыптылығы
Жазаланатындығы.
ҚР ҚК 9-бабында қылмысқа: “Осы кодексте жазалау қатерімен иыйым салынған, айыпты, қоғамдық қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс деп танылады” деген анықтама берілген.
88. Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік себептері. Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес. Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар: Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды. Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған. Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды. Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді. Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді. Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді. Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
89. Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің ұғымы. Жалпы алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның, мемлекеттік ұйымның толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмұны, оның құқықтары, бостандықтары және заңдық міндеттері болып табылады, ал бұлардың негізді болуы үшін белгілі бір алғышарттар туындауы тиіс. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің алғышарты оның құқықтық қабілеттілігі, әрекет ету қабілеттілігі, сондай-ақ азаматтыққа қатыстығы болып табылады. Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болса да, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек азаматтық қана құқық береді. Азаматтықты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматыққа қабылдану нәтижесінде ҚР азаматтығын алған адамдар үшін азамттық жағдайының мерзімі тиісті адамға азматтық беру туралы ҚР Пр-ң жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледі. Конституция белгілі бір кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде демократияның даму деңгейін белгілейтін, аталмыш қоғамдағы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын көрсететін, экономикалық және әлеуметтік өмірдегі мемлекеттің рөлін айқындайтын, халықтың қоғамдық белсенділігі мен саяси жүйесін сипаттайтын құжат болып саналады. Басқаша айтқанда, Конституция мемлекет пен тұтастай қоғамның тек негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге жоғары заң күшіне ие және Қазақстан құқының бүкіл жүйесі үшін нормативтік база болып санала отырып, саяси-құқықтық құжат болып саналады, сондай-ақ қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет белгілері жүйесінде айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен тұрады.