Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_pravo_-_Tuka_-_kopia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
165.54 Кб
Скачать

77. Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі.

Кез келген жүйе – біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келіруші көптеген элеметтерден тұрады. Экология құқығының өзіндік пәні ( реттейтін қоғамдық қатынастары) әдістері, қағидалары мен жүйесі бар. Экология құқығының пәні ретінде құқықтық нормалармен реттелетін қоғам мен табиғат ортасындағы қарым – қатынастар, мысалы қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану қатынастары.

Экология құқығының әдістері дегеніміз – экологиялық құқығының қатынастарды реттеуге қолданатын тәсілдер жиынтығы, олар қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, экологиялық заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталууына негізделінеді. Экология құқығында императивтік және диспозитивтік әдістері қолданылады. Императивтік әдістер бір тараптың екінші тарапқа басымдылығын білдіреді. Ал диспозитивтік әдістер тараптардың теңдігін білдіреді, бұл әдіс экология саласында шартты қатынастарды жүзеге асыруда қолданылады.

78. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары

Еңбек Тәртібі –  қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория.] Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбүрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.Материалдық жауапкершілік — еңбек құқығы бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы бір-біріне келтірген зиянды өтеу міндеті. Жұмыскерге келген зиян жұмыс барысында жарақат алудың, денсаулықтың зақымдануының, нашарлауының салдарынан еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқандықтан алып жүрген табысынан және емделуге жұмсаған шығындарынан тұрады. Өз кезегінде еңбек шарты бойынша жауапкершілігіне алған мүліктің заңсыз, басқа біреудің иелігіне кетуі, талан-таражға түсуі немесе бүлінуі бұл шығынды жұмыскердің өтеуіне апарып соқтырады. Өтемнің көлемі нақты жағдайдың мәнісіне, жұмыскердің қаншалықты кінәлі екендігіне қарай анықталуы мүмкін. Азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін мынадай жауапкершілік түрлері бекітілген:

  • құқығы бұзылған тараптың залалдарын өтеу,

  • айып төлеу,

  • кепілпұл сомасын төлеу,

  • моральдік зиянның орнын толтыру.

Кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірім біреуге зиян келтірсе, оны өз есебінен өтеуге міндетті, ал қаражаты болмаса не жетпесе, қосымша жауапкершілікке ата-анасы тартылады. Борышкер адам еркінен тыс күштердің салдарынан міндеттемені орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдеген жағдайда ғана жауапкершіліктен босатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]