Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_pravo_-_Tuka_-_kopia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
165.54 Кб
Скачать
  1. Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі.

Атқарушы билік органдары–мемлекеттік биліктің механизмінің мынадай буынын түсініледі,билікті болу принципіне сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы өкім етуші қызметін іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті іс жүзінде жұзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.

9.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.

Қылмыстық құқық деп-қылмыс пен жазаның түсінік белгілерін, қағидаларын, міндетін, мақсатын, қылмыстың құрамын оқытатын пән болып табылады. Қылмыстық қүқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен кағидаттарын, кылмыс ұғымын, кылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын занды нормалардың жиынтығы. Мемлекеттің, жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдык, қатынастар кылмыстық кұқықтың пәні болып табылады.

Кылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары жатады. Аталған субъектілердің өзара күқықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды. Мемлекеттің құзыретті, кұқық қорғау органдары кылмыс жасаушыларды жауапқа тартуға кұқы бар әрі міндетті. Сол сияқты қылмыс жасаған субъектіде заң аддыңда жауап беруге міндетті. Сонымен бірге жауапқа тартылған кылмыс жасаушының кұқықтары бұзылмай, заң бойынша сақталуы қажет.

  1. Құқықтың түсінігі мен белгілері.

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдыққатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту. Құқықтың белгілеріне: жүйелілік – ол екі бөліктен тұрады: 1) табиғи құқықтық-ол адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады; 2) субъективтік құқық., мемлекеттің күшіне сену, формальды анықтылық-ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді; нормативтік сипаты–тұлғалардың іс әрекетінің, мінез құлқының үлгісі; адамдардың еркін білдіруі–ол халықтың еркін білдіреді, ойын жүзенге асыруы.

  1. Сайлау жүйесінің түсінігі мен түрлері.

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]