Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_pravo_-_Tuka_-_kopia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
165.54 Кб
Скачать

74. Жәрдемақы түсінігі мен түрлері, төлемдері мен тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.

Зейнетақылар азаматтарға не заңдарда белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.

Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін кездері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді.

Жәрдемақылар заңдарда көзделген жағдайларда беріледі. Олар, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат есебінен немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен беріледі.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы жәрдемақылар – бұл заңдарда көзделген жағдайларда берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына ие мерзімдік ақшалай әлеуметтік төлемдер.

Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылған кездері болған. Бұл 90-жылдарда әлеуметтік күйзеліс пен жұмыссыздық белең алған кезде, әсіресе, көпбалалы жас отбасылар үшін аса қажет болды.

Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.

75. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес нысаналы мақсаты бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер ;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері;

6) су қорының жері;

7) босалқы жер. 2003 жылдың 20 маусымында қабылданған ҚР Жер кодексi негiзiнде жер құқығы қатынастары – жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер телiмдерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар болып табылады. Жер кодексiнiң 167-бабының талабына сәйкес жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады.

76. Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі мен құрамы.

Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекет мүдделеріне зиян келтіретін жеке құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын нақты әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері ӘҚБтК-тің ерекше бөлігінің 80-537 баптарында қаралған.

Құқыққа қарсылық пен қоғамға қауіптіліктен басқа, әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгілері әрекеттің кінәлілігі және жазаланушылығы болып табылады. Кінәлілік құқық бұзушының қасақана немесе абайсызда өз еркімен әдейі жасалған әрекетін білдіреді. Ұйымның кінәсі оның лауазымды адамдарының өкілдерінің кінәсіне қарай анықталады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы – бұл заңдық элементтердің жиынтығы, солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды.

Басқаша айтқанда, бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағдайжа ғана ол әкімшілік жауаптылыққа жатады. Мұндай элементтер әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]