
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
- •3. ҚРның зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.
- •4. Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі және мақсаты.
- •Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі.
- •9.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •Құқықтың түсінігі мен белгілері.
- •Сайлау жүйесінің түсінігі мен түрлері.
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері.
- •13.Құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
- •14.Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері
- •15. Еңбек құқығы пәні,әдісі,жүйесі және қайнар көздері.
- •16.Мемлекет механизмінің (аппараты)түсінігі.
- •17 Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері.
- •18. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы органдары.
- •19. Мемлекеттің функциясы (қызметі).
- •21. Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы
- •22. Конституцияның ұғымы мен мәні
- •23. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.
- •24. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •25. Қазақстан Республикасының Президенті
- •26. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •27. Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
- •28. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
- •29. Әкімшілік жауапкершілік: түсінігі мен негізгі белгілері.
- •30. Меншік құқығының түсінігі мен түрлері.
- •31. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •32. Отбасы құқығының түсінігі мен жүйесі.
- •40. Мемлекетті басқарудың нысаны
- •41. Каржы құқығының жүйесі
- •42. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
- •46 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары
- •47 Азаматтық құқықтың обьектісі және оның түрлері
- •48 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
- •49 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен негізгі сипаттары
- •50 Конституциялық құқықтық бостандықтар мен міндеттердің жүйесі
- •51. Шарттың ұғымы мен жасалу нысаны(формасы)
- •52. Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері
- •53. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы
- •54.Құқықтық катынастар
- •56 Мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық бөліністердің қаржылық қызметінің түсінігі және құқықтық нысаны.
- •57. Қылмыс жасау сатылары және қылмысқа қатысушылар
- •58. Қаржы құқығының түсінігі, пәні әдісі
- •59.Қүқық бүзушылық түсінігі және түрлері.
- •61. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
- •62. Қаржылық бақылаудың түсінігі, міндеттері, түрлері және әдістері.
- •63. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •1. Ұжымдық келісім шартының түсінігі мен маңызы
- •2. Ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар
- •65. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •66. Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
- •67. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет
- •68. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастары
- •69. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •70. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен құрылымы
- •71. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері
- •72. Экологиялық құқығының объектілері.
- •73. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
- •74. Жәрдемақы түсінігі мен түрлері, төлемдері мен тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.
- •75. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.
- •76. Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі мен құрамы.
- •77. Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі.
- •78. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары
- •79. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары
- •81. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
- •90. Заңды тұлғаның ұғымы мен түрлері
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
50 Конституциялық құқықтық бостандықтар мен міндеттердің жүйесі
Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституция жеке тұлғаның аса маңызды, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Олар оның ерікті адами тұлғаға тән ар-ожданы мен қадір-қасиетін қамтамасыз етеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар қоғамды құру және басқару ісі мәселелерін шешуге қатысуға табиғи құқықтарды бекітеді. Сонымен қоса конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру мемлекеттің конституциялық екендігін дәлелдейтін демократиялық бастауларды іске асыруды қамтамасыз етеді.Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды.
51. Шарттың ұғымы мен жасалу нысаны(формасы)
Екі немесе одан да көп тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт болып танылады. Шарттық қарым-қатынастарды қоғамдық қатынастардан айырып қарауға болмайды, олар да қоғамдық қатынастардың бір тармағы. Шартты мәміледен ажырата қарағанымыз жөн, себебі мәміле біржақты да болуы мүмкін. Мәселен, сыйға тарту шарты немесе өсиет қалдыру. Шартқа екі тарап қатысқандықтан екеуінің де еркі қажет, яғни екі тараптың негізгі мақсаты – өздеріне қажетті құқықтық салдарды туғызу. Тараптардың арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Шарт жасасу шарттық қатынастарға түсу жөніндегі ұсынаыстан басталады. Бір тараптың екінші тарапқа бағытталған ұсынысын оферта деп, ал екінші тараптың бұл ұсынысты қабылдауы акцепт болып есептеледі. Шарт жасасу жөніндегі ұсыныс, біріншіден белгілі тарапқа бағытталуы тиіс, екіншіден, жеткілікті дәрежеде айқын болуы тиіс. Егер ұсыныста шарттың елеулі ережелері немесе оларды анықтау туралы тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп танылады.
52. Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы Конституцияның тарихи дамуы қоғам мен мемлекет дамуының негізгі кезеңдерімен байланысты және соған сай келеді.
І. 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.
ІІ. 1937 жылғы 26 наурызда Советтердің Х Бүкілодақтық сьезінде қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.
ІІІ. Қазақ КСР-ның кезектен тыс ІХ шықырылған Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1978 жылдың 20 сәуірінде қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.
IV. 1993 жылғы ҚР Конституциясы.
Қазақ КСР Жоғарғы Советінің 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған конституциялық құрылысты жасаудың басы болып саналған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»
Конституция белгілі бір кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде демократияның даму деңгейін белгілейтін, аталмыш қоғамдағы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын көрсететін, экономикалық және әлеуметтік өмірдегі мемлекеттің рөлін айқындайтын, халықтың қоғамдық белсенділігі мен саяси жүйесін сипаттайтын құжат болып саналады. Басқаша айтқанда, Конституция мемлекет пен тұтастай қоғамның тек негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге жоғары заң күшіне ие және Қазақстан құқының бүкіл жүйесі үшін нормативтік база болып санала отырып, саяси-құқықтық құжат болып саналады, сондай-ақ қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет белгілері жүйесінде айрықша орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады.