
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
- •3. ҚРның зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.
- •4. Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі және мақсаты.
- •Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі.
- •9.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •Құқықтың түсінігі мен белгілері.
- •Сайлау жүйесінің түсінігі мен түрлері.
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері.
- •13.Құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
- •14.Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері
- •15. Еңбек құқығы пәні,әдісі,жүйесі және қайнар көздері.
- •16.Мемлекет механизмінің (аппараты)түсінігі.
- •17 Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері.
- •18. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы органдары.
- •19. Мемлекеттің функциясы (қызметі).
- •21. Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы
- •22. Конституцияның ұғымы мен мәні
- •23. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.
- •24. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •25. Қазақстан Республикасының Президенті
- •26. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •27. Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
- •28. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
- •29. Әкімшілік жауапкершілік: түсінігі мен негізгі белгілері.
- •30. Меншік құқығының түсінігі мен түрлері.
- •31. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •32. Отбасы құқығының түсінігі мен жүйесі.
- •40. Мемлекетті басқарудың нысаны
- •41. Каржы құқығының жүйесі
- •42. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
- •46 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары
- •47 Азаматтық құқықтың обьектісі және оның түрлері
- •48 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
- •49 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен негізгі сипаттары
- •50 Конституциялық құқықтық бостандықтар мен міндеттердің жүйесі
- •51. Шарттың ұғымы мен жасалу нысаны(формасы)
- •52. Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері
- •53. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы
- •54.Құқықтық катынастар
- •56 Мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық бөліністердің қаржылық қызметінің түсінігі және құқықтық нысаны.
- •57. Қылмыс жасау сатылары және қылмысқа қатысушылар
- •58. Қаржы құқығының түсінігі, пәні әдісі
- •59.Қүқық бүзушылық түсінігі және түрлері.
- •61. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
- •62. Қаржылық бақылаудың түсінігі, міндеттері, түрлері және әдістері.
- •63. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •1. Ұжымдық келісім шартының түсінігі мен маңызы
- •2. Ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар
- •65. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •66. Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
- •67. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет
- •68. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастары
- •69. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •70. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен құрылымы
- •71. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері
- •72. Экологиялық құқығының объектілері.
- •73. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
- •74. Жәрдемақы түсінігі мен түрлері, төлемдері мен тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.
- •75. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.
- •76. Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі мен құрамы.
- •77. Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі.
- •78. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары
- •79. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары
- •81. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
- •90. Заңды тұлғаның ұғымы мен түрлері
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
27. Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
Қойылған міндеттерді орындау үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауапқа тартудың негізін жеке адамға, қоғам, мемлекет өміріне қандай қауіпті іс – қимыл қылмыс болып табылатындығын, жасалған қылмысқа қандай жаза, қылмыстық – құқықтық шаралар қолданылатынын белгілейді. Қылмыспен күресу барысында мемлекет әр түрлі әдістер мен шаралар қолданады. Сондай әдістердің бірі – жаза.
Жаза – өзіндік ерекшеліктері мен алдына қойған мақсаттары бар, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық кодекстің 38 – бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік жазалау шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай – ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір – қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
28. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
Конституциялық Кеңестің қызметі Қазақстанның Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Коституциялық заң күші бар Жарлығымен және өз регламентімен реттеледі. Ол құқық қорғау қызметінің жалпы принциптеріне сәйкес құрылады және, сонымен бірге өзінің ерекшеліктері болады.
Өзінің өкілеттілігін жүзеге асыруда Конституциялық Кеңес дербес және мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымда адамдар мен азаматтардан тәуелсіз, тек қана Конституцияға бағынады, әрі саяси және басқа да себептерге сүйенбейді. Оның қызметіне араласу, Кеңес мүшелеріне кез келген нысанда қысым көрсету немесе басқаша ықпал ету заң бойынша қудаланады. Кеңес мүшелерінің есеп талап етуге немесе конституциялық іс жүргізу нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша олардан пікір сұрауға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелер өздерінің өкілеттік мерзімі ішінде қол сұқпаушылық мәртебесін пайдаланады.
Конституциялық Кеңестің міндеті – Қазақстан Республикасының аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады.
29. Әкімшілік жауапкершілік: түсінігі мен негізгі белгілері.
Әкімшілік жауаптылық өкілетті мемлекеттік органның әкімшілік құқықтың қолданылып жүрген нормаларымен қаралған нақты әкімшілік – құқықтық санкцияларды құқық бұзушылықтың ерекше түрің – әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі жеке және заңды тұлғаларға қолдануынан көрініс табады.
Әкімшілік жауаптылықтың өзінің нормативтік – құқықтықт базасы бар. Қазіргі кезде оны регламенттейтін негізгі нормалар ӘҚБтК – те жинақталған.
Әкімшілік жауаптылық жалпы міндетті болып табылатын ережелерді, яғни олардың реттеушілік ықпалына тап болатын барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылатын, бұзған немесе сақтамаған жағдайларда туындайды. Олар әр түрлі, негізінен арнайы сипаты болады. Бұл, мысалы, стандартизациялау; есеп және статистика; қозғалыс қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану; әскери есеп; шекаралық режим; контрабандымен күрес; валюта айналымы және басқалар туралы ережелер.
Әкімшілік жауаптылық әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайда болады. Сонымен бірге ӘҚБтК – те еңбек, қаржылық, жер және тағы басқа, тіпті Конституциялық құқық нормаларын бұзған үшін мұндай жауаптылыққа тарту мүмкіндігі қаралған. Бұл оның салааралық маңызы бар екенін білдіреді.