
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
- •3. ҚРның зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.
- •4. Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі және мақсаты.
- •Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі.
- •9.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •Құқықтың түсінігі мен белгілері.
- •Сайлау жүйесінің түсінігі мен түрлері.
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері.
- •13.Құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
- •14.Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері
- •15. Еңбек құқығы пәні,әдісі,жүйесі және қайнар көздері.
- •16.Мемлекет механизмінің (аппараты)түсінігі.
- •17 Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері.
- •18. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы органдары.
- •19. Мемлекеттің функциясы (қызметі).
- •21. Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы
- •22. Конституцияның ұғымы мен мәні
- •23. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.
- •24. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •25. Қазақстан Республикасының Президенті
- •26. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •27. Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
- •28. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
- •29. Әкімшілік жауапкершілік: түсінігі мен негізгі белгілері.
- •30. Меншік құқығының түсінігі мен түрлері.
- •31. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •32. Отбасы құқығының түсінігі мен жүйесі.
- •40. Мемлекетті басқарудың нысаны
- •41. Каржы құқығының жүйесі
- •42. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
- •46 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары
- •47 Азаматтық құқықтың обьектісі және оның түрлері
- •48 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
- •49 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен негізгі сипаттары
- •50 Конституциялық құқықтық бостандықтар мен міндеттердің жүйесі
- •51. Шарттың ұғымы мен жасалу нысаны(формасы)
- •52. Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері
- •53. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы
- •54.Құқықтық катынастар
- •56 Мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық бөліністердің қаржылық қызметінің түсінігі және құқықтық нысаны.
- •57. Қылмыс жасау сатылары және қылмысқа қатысушылар
- •58. Қаржы құқығының түсінігі, пәні әдісі
- •59.Қүқық бүзушылық түсінігі және түрлері.
- •61. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
- •62. Қаржылық бақылаудың түсінігі, міндеттері, түрлері және әдістері.
- •63. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •1. Ұжымдық келісім шартының түсінігі мен маңызы
- •2. Ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар
- •65. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •66. Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
- •67. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет
- •68. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастары
- •69. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •70. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен құрылымы
- •71. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері
- •72. Экологиялық құқығының объектілері.
- •73. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
- •74. Жәрдемақы түсінігі мен түрлері, төлемдері мен тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.
- •75. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.
- •76. Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі мен құрамы.
- •77. Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі.
- •78. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары
- •79. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары
- •81. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
- •90. Заңды тұлғаның ұғымы мен түрлері
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
26. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
Сонымен, тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
Неке және отбасы туралы Заңның 29 бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады, тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты,тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу,балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі – зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін.Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Қорыта келгенде, сонымен ерлі-зайыптылар арасындағы құқық екі топқа: жеке құқыққа және мүліктік құқыққа бөлінеді. Жеке құқық адамның өзімен байланысты, оны одан бөліп тартып алуға болмайды. Оған тегін, мамандығын, жеке қалауы бойынша қызмет таңдау құқығы жатады. Заң бойынша әйел қыз кезіндегі тегін сақтауға немесе ерінің тегін алуға құқылы. Отбасылық өмірдегі мәселелерді шешкен кезде ерлі-зайыптылардың бірінің өз пікірін екіншісіне тануға құқығы жоқ, әйтпесе ол жеке бостандықты шектейді. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің мамандық, қызмет орнын таңдауын шектеуіне құқығы жоқ. Бұл мәселелер мәжбүрлеусіз, бірі-бірінің бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып шешілуі тиіс. Конституция бойынша еңбек етуге, мамандық таңдауға, қызмет түрлерін алуға ері мен әйелі тең құқылы. Ерлі-зайыптылар сондай-ақ бірінің алдында бірі жауапты. Ол ізгілікті Адами жауапкершілік қана емес, сонымен бірге заң алдындағы да жауаптылық. Заңды жауаптылық ерлі-зайыптылардың бірі көмекке (сырқаттануына, еңбек қабілетінен айырылуына байланысты, материалдық кемтарлық жағдайында және т.б.) мұқтаж болған, ал екіншісі көмек көрсетуден саналы түрде бас тартқан кезде туады. Мұндай жағдай заң көмекке мұқтаж жағының екіншісінен алимент өндіріп алу туралы сотқа жүгіну құқын береді. Іс жағдайын мұқият қарағаннан кейін мәселені сот шешеді. Кейбір жағдайларда ерлі-зайыпты алимент төлеуден босатылуы мүмкін. Егер отбасының ажырасуына зайыбы кінәлі болып табылса (аналық міндетін орындамаса, ішімдікке салынса, және т.б.) онда ол алимент алу құқығынан айырылады.
Конституцияда бірінші рет тек ана мен баланы қорғау ғана емес, әкені қорғау орнықтырылған, ол отбасында ішкі отбасылық мәселелерді шешуде болсын, балаларды тәрбиелеуде болсын, ерлі-зайыптылар құқығының теңдігі принципін нығайтудан, еріктілік тәртібімен әкелікті тану мүмкіндігін, оның ішінде болашақ ананың жүктілік кезеңінде, кеңейтуден, жәрдемақы түрінде мемлекеттік көмек алудан, іс жүзінде балаға күтім жасайтын баланың әкесіне баланы күтуі бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беруден көрінеді.
Неке мен отбасын, аналықты, әкелікті және балалықты кімнің болсын отбасы ісіне орынсыз араласуына жол бермеу принципін нығайту жолымен, некеге отыру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік және қай дінге жату белгілеріне қарап, азаматтардың құқығын шектеудің кез келген нысанына тиым белгілеу, неке және отбасы қатынастарында азаматтардың құқығын тек заң негізінде және заңда көрсетілген негіздерде шектеу мүмкіндігі, неке және отбасы қатынастарын қорғау жөніндегі мәселелерді, сот, мемлекеттік органдар немесе қамқоршылық не қорғаншылық органдар арқылы заң тұрғысынан реттеу жолымен мемлекет жүзеге асырады.