- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
- •3. ҚРның зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.
- •4. Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі және мақсаты.
- •Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі.
- •9.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •Құқықтың түсінігі мен белгілері.
- •Сайлау жүйесінің түсінігі мен түрлері.
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері.
- •13.Құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
- •14.Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері
- •15. Еңбек құқығы пәні,әдісі,жүйесі және қайнар көздері.
- •16.Мемлекет механизмінің (аппараты)түсінігі.
- •17 Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері.
- •18. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы органдары.
- •19. Мемлекеттің функциясы (қызметі).
- •21. Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы
- •22. Конституцияның ұғымы мен мәні
- •23. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.
- •24. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •25. Қазақстан Республикасының Президенті
- •26. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •27. Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
- •28. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
- •29. Әкімшілік жауапкершілік: түсінігі мен негізгі белгілері.
- •30. Меншік құқығының түсінігі мен түрлері.
- •31. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •32. Отбасы құқығының түсінігі мен жүйесі.
- •40. Мемлекетті басқарудың нысаны
- •41. Каржы құқығының жүйесі
- •42. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
- •46 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары
- •47 Азаматтық құқықтың обьектісі және оның түрлері
- •48 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
- •49 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен негізгі сипаттары
- •50 Конституциялық құқықтық бостандықтар мен міндеттердің жүйесі
- •51. Шарттың ұғымы мен жасалу нысаны(формасы)
- •52. Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері
- •53. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы
- •54.Құқықтық катынастар
- •56 Мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық бөліністердің қаржылық қызметінің түсінігі және құқықтық нысаны.
- •57. Қылмыс жасау сатылары және қылмысқа қатысушылар
- •58. Қаржы құқығының түсінігі, пәні әдісі
- •59.Қүқық бүзушылық түсінігі және түрлері.
- •61. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
- •62. Қаржылық бақылаудың түсінігі, міндеттері, түрлері және әдістері.
- •63. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •1. Ұжымдық келісім шартының түсінігі мен маңызы
- •2. Ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар
- •65. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •66. Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
- •67. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет
- •68. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастары
- •69. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •70. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен құрылымы
- •71. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері
- •72. Экологиялық құқығының объектілері.
- •73. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
- •74. Жәрдемақы түсінігі мен түрлері, төлемдері мен тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.
- •75. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.
- •76. Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі мен құрамы.
- •77. Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі.
- •78. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары
- •79. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары
- •81. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
- •90. Заңды тұлғаның ұғымы мен түрлері
- •1 Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны.
22. Конституцияның ұғымы мен мәні
Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдумқабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды.Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзербайжанның,Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.
1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
23. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығыбелгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады [1]
