Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.08 Mб
Скачать

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция

1. Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың жіктелуімен танысу.

2. Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту.

3. Клиникалық тәжірибеде, сонымен қатар стоматолог дәрігердің тәжірибесінде, сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың қолдануға негізгі көрсеткіштері.

4. Сульфаниламидтік препараттарға, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттарға, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттарға, рецепт жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеуді үйрену .

5. Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттардың, енгізу жолдары, жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты, мөлшерлеу принциптері.

6 Сульфаниламидтік препараттарды, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттарды жұптастырып қолдана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу.

Операциональды компетенция:

1. Сульфаниламидтік препараттарға, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттарға рецепт жазу.

2. Бір реттік дозаны есептеу.

Коммуникативті компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сульфаниламидты препараттар (САП). Ашылу тарихы. (Г.Домагк)

  2. САП - тың химиялық құрылымы, микробқа қарсы активтілігіне радикалдардың маңызы.

  3. САП жіктелуі, әсер ету механизмі және спектрі.

  4. Сульфаниламидтердің фармакокинетикасы

  5. Резорбтивті әсер ететін, ішек қуысында әсер ететін және жергілікті қолдануға арналған сульфаниламидтердің салыстырмалы сипаттамасы.

  6. САП қолданылуы. Жанама әсерлері және олардың алдын алу.

  7. Триметоприммен жұптастырылған сульфаниламидтер. Әсер ету ерекшеліктері және қолданылуы.

  8. Салазоқосылыстар, олардың әсерлері, қолданылуы, жанама әсерлері.

  9. Әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттар.Жалпы сипаттамасы.

  10. Нитрофуран, 8-оксихинолин, хинолон, хиноксалин туындыларының бактерияға қарсы әсер ету механизмі және спектрі.

  11. Фторхинолондар. Жалпы сипаттамасы. Әсер ету механизмі. Бактерияға қарсы әсер ету спектрі.

  12. Фторхинолон туындыларының жеке препараттарының әсерінің ерекшеліктері. Қолдануға көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

  13. Оксазолидинондар. Қолдануға көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, рецепті талдаумен және бір реттік мөлшерін есептеумен сараптау, қорытындылау.