Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.08 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. –М.:Гэотар. –Мед., 2008. Б.243-254

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: Гэотар. – Мед, 2006. Б. 262-273

  3. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005. Б.174-185.

Қосымша:

1. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. –М., 1999 г. 325 б.

2. Вебер В.Р., Мороз Б.Т. Клиническая фармакология для стоматологов.-С-П.:2003. .351 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200б.

4. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г. Кукеса. –ГЭОТАР.: Медицина, 2004.– 517 б.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н.–Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669 б.

6. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. 782 б.

7. Трезубов В.Н., Марусов И.В. Мишнев Л.М., Соловьева А.М. Справочник врача-стоматолога по лекарственным препаратам: Учебное пособие/Под ред. акад. РАМН, проф. Ю.Д.Игнатова. – 2-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Фолиант, 2002. – 400 б.

8. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000. -740 б.

9. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669 б.

Бағдарламалық препараттар: изадрин, салбутамол, фенотерол, адреналин гидрохлориді, эфедрин гидрохлориді, ипратропий бромиді, эуфиллин, беклометазон дипропионаты, дитек, кетотифен, зафирлукаст, тиотропий бромиді, беродуал, зилеутон, этил спирті, фуросемид, бензогексоний, маннит, натрий нитропруссиді, нитроглицерин.

Рецепт жазуға арналған препараттар: эуфиллин, изадрин, беклометазон дипропионаты, фуросемид

Өз бетінше бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1

Селективті бета 2- адреномиметикті атаңыз:

1. Изадрин

2. Кетотифен

3. Зафирлукаст

4. Сальбутамол

5. Эуфиллин

Тест №2

Миотропты әсерлі бронхолитик:

1. Кромолин-натрий

2. Сальметерол

3. Эуфиллин

4. Метацин

5. Тиотропий бромиді

Тест №3

Бронх демікпесінің ұстамасын тоқтату үшін қолданылады:

1. Изадрин

2. Сальбутамол

3. Метацин

4. Тиотропий бромиді

5. Преднизолон

Тест №4

Бронх демікпесінде қолданылатын аллергияға қарсы зат:

1. Тиотропий бромиді

2. Изадрин

3. Эуфиллин

4. Кетотифен

5. Беродуал

Тест №5

Фенотерол, бронхолитикалық әсермен қатар, көрсетеді:

1. Миотропты спазмолитикалық

2. Гипертензивті

3. Токолитикалық

4. Қабынуға қарсы

5. Аллергияға қарсы

Тест №6

Өкпе ісінуінің фармакотерапиясы үшін келесі топ препараттары қолданылады:

1. Ганглиоблокаторлар

2. М-холиномиметиктер

3. Наркотикалық анальгетиктер

4. Зәр айдайтын заттар

5. Альфа-адреноблокаторлар

Тест №7

Өкпе ісінуінде көбікті басатын зат ретінде қолданылады:

1. Этил спирті

2. Морфин

3. Маннит

4. Нитроглицерин

5. Пентамин

Тест №8

Өкпе ісінуінде натрий нитропруссиді қолданылады, себебі:

1. Кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетеді

2. Кіші қан айналым шеңберінде қысымды жоғарлатады

3. Диурезді күшейтеді

4. Кардиотоникалық әсер көрсетеді

5. Көбік басушы әсер көрсетеді

Тест №9

Препаратты аңықтаңыз: антисептикалық және дезинфициялаушы зат хирургтың қолын өңдеу үшін, операциялық аймақты және хирургиялық инструменттерді дезинфекциялау үшін қолданылады. Сонымен қатар, альвеолаларда транссудаттардың беткейлік тартылуын азайтады, сондықтан тыныс жетіспеушілігінде қолданылады:

1. Нитроглицерин

2. Морфин

3. Фуросемид

4. Бензогексоний

5. Этил спирті

Тест №10

Жедел тыныс жетіспеушілігінде фуросемид қолданылады:

1. Бронхолитикалық зат ретінде

2. Кардиотоникалық зат ретінде

3. Қабынуға қарсы зат ретінде

4. Диуретик ретінде

5. Көбік басушы ретінде

Тесттік тапсырма жауаптары

Тест

Жауаптары

Тест 1

4

Тест 2

3

Тест 3

1,2,5

Тест 4

4

Тест 5

3

Тест 6

1,3,4,5

Тест 7

1

Тест 8

1

Тест 9

5

Тест 10

4

11 сабақ.

  1. Тақырыбы: «Витаминдік және коферменттік препараттар»

  2. Мақсаты. Витаминдік және коферменттік препараттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

  3. Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

  1. Витаминдік және коферменттік препараттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

  2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

  3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

  4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

  5. Витаминдік және коферменттік препараттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

  2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Витаминдердің және витамин тектес қосылыстардың жіктелуі.

  2. Суда еритін витаминдердің қолданылуы, олардың коферменттері, жанама әсерлері.

  3. В тобына жататын витаминдердің зат алмасу үрдісінде алатын орны, олардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамалары.

  4. Аскорбин қышқылы, негізгі фармакологиялық әсерлері.

  5. Коферментік препараттардың әсер ету ерекшеліктері жанама әсерлері.

  6. Майда еритін витаминдер, қолданылуы, олардың жанама әсерлерінің даму мүмкіндіктері.

  7. Ретинол, фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.

  8. Д тобының витаминдері, олардың фосфор және кальций алмасуына әсерлері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.

  9. Токоферолдар, олардың биологиялық маңызы, препараттардың фармакодинамикасы, антиоксиданттық қасиеттері.

  10. К витаминінің препараттары, фармакодинамикасы, қан ұюына әсерлері.

  11. Филлохинонның синтетикалық алмастырушылары – викасол, әсерлерінің ерекшеліктері.

  12. Витаминтәріздес қосылыстар (кофакторлар), карнитин, орот және липой қышқылдарының фармакодинамикасы, қолдануға көрсетулері.

  13. Биофлавоноидтар, алыну көздері, негізгі фармакологиялық әсерлері.

  14. Антивитаминдердің жіктелуі және қолданылуы.

  15. Витаминдік жетіспеушілік, олардың даму себептері.

  16. Гипервитаминоз жөнінде түсінік. Витаминдік препараттармен улану.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша оқытушының кеңестері, ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді және нұсқаулық бойынша тапсырмаларды қорытындылап шешу, талдап жазылған рецепті тексеру шағын топтармен жұмыс жасау, көрнекті материалдармен жұмыс жасау.