Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.08 Mб
Скачать

7. Өзіндік бақылау:

Тесттік тапсырмаларды орындау.

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар:

Тест №1 (1жауап)

Ганглиоблокаторлардың гипертензияға қарсы әсер механизмi байланысты

1.симпатикалық ганглилердiң тежелуiне

2.парасимпатикалық ганглилердiң тежелуiне

3.қан тамырлардың адренорецепторлары тежелуiне

4.тамыр қозғалтқыш орталығы тежелуiне

5.М-холинорецецепторларын қоздыруына

Тест №2 (1жауап)

Цититон:

  1. М-холиноблокатор

  2. Ганглиоблокатор

  3. Миорелаксант

  4. Н-холиномиметик

  5. М және Н-холиноблокатор

Тест №3 (1жауап)

Дитилин артық мөлшерленгенде қолданылады

1. Холинэстеразаға қарсы заттар

2. Жаңа цитратты қан құю

3. Цититон

4. Тубокурарин

5. Бензогексоний

Тест №4 (2жауап)

Н-холиномиметиктерге жатады:

1. Ацетилхолин

2. Прозерин

3. Лобелин

4. Галантамин

5. Цититон

Тест №5 (1жауап)

Препаратты анықтау: Н-холиномиметик, каротидті шумақтағы Н-холинорецепторларды қоздыру нәтижесінде тыныс алу орталығын рефлекторлы түрде қоздырады.Симпатикалық ганглилерде Н-холинорецепторларды қоздырып артериялық қысымды жоғарылатады, қысқа уақыт әсер етеді, көк тамырға енгізіледі.Егер тыныс алу орталығының рефлекторлы қозғыштығы сақталса, тыныс алу орталығын ынталандыру үшін қолданылатын зат:

  1. Дитилин

  2. Бензогексоний

  3. Ацетилхолин

  4. Пентамин

  5. Цититон

Тест №6 (1жауап)

Кураре тәрізді заттардың миорелаксанттық әсері байланысты

  1. ретикулярлы формацияның тікелей тежелу әсеріне

  2. қаңға бұлшық етінде орналасқан М-холинорецепторлардың тежелуіне

  3. қаңқа бұлшық етінде орналасқан Н-холинорецепторлардың тежелуіне

  4. атқарушы мүшелердегі эффекторлы жасушалардың холинергиялық талшықтардың ұштарының тежелуіне

  5. парасимпатикалық және симпатикалық ганглилердегі нейрондардың тежелуіне

Тест №7 (2)

Деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонистері:

  1. Прозерин

  2. Пентамин

  3. Галантамин

  4. Атропин

  5. Жаңа цитратты қан

Тест №8 (1жауап)

Дитилиннің әсер ету механизмі

  1. қозғалтқыш нерв ұшында ацетилхолиннің синтезделуін бұзады

  2. постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация тудырады

  3. постсинапстық мембранада гиперполяризация тудырмайды

  4. постсинапстық мембрананы тұрақтайды

  5. ацетилхолиннің гидролиздену жылдамдығын жоғарылатады

Тест №9 (4 жауап)

Деполяризацияға қарсы миорелаксанттарға жатады:

1. Мелликтин

2. Пипекуроний

3. Дитилин

4. Тубокурарин

5. Атракурий

Тест №10 (4 жауап)

Ганглиоблокаторлардың қолданылу көрсеткіштері:

  1. артериялық қысымның жоғарылауына байланысты өкпе ісінуінде

  2. эндоартериитте, тамырлардың қатты тарылуларында

  3. тамырлық коллапсында

  4. басқарылатын гипотензияда

  5. гипертониялық криздерді тоқтату үшін

Өзіндік дайындыққа арналған тапсырмалардың жауаптары

Тест №1

1

Тест №2

4

Тест №3

2

Тест №4

3,5

Тест №5

5

Тест №6

4

Тест №7

1,3

Тест №8

3

Тест №9

1,2,4,5

Тест №10

1,2,4,5


5 сабақ.

Тақырып: «Ұйықтатқыш заттар. Транквилизаторлар.»

Мақсаты: Әр түрлі патологиялық жағыдайларда препараттарды тиімді қолдану мақсатында ұйықтатқыш заттардың және транквилизаторлардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру, соның ішінде стоматологиялық практикада.

Оқыту міндттері

Когнитивті компетенция:

1. Ұйықтатқыш заттарға және транквилизаторларға рецептті безендірудің негізгі принциптерін және рецепт жазуды білу, соның ішінде стоматология практикасында. 2. Ұйықтатқыш заттардың және транквилизаторлардың фармакодинамика мен фармакокинетика жалпы заңдылықтарын білу.

3. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын ұйықтатқыш заттарды және транквилизаторларды мөлшерлеу тәртібін және енгізу жолдарын таңдай білу, соның ішінде стоматологияда.

4.Көрсетілген қасиеттеріне қарай ұйықтатқыш заттарды және транквилизаторларды қолдану мүмкіндігін білу, соның ішінде стоматология практиктикасында.

5. Ұйықтатқыш заттарды және транквилизаторларды қолдануға көрсетулерді, қарсы қолдану көрсетулерін, жанама әсерлерін білу және олардың алдын алу.

6. Ұйықтатқыш заттарды және транквилизаторларды жұптастыру мүмкіндігін білу. Операционалды компетенция:

1. Ұйықтатқыш заттарды және транквилизаторларды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттың бірреттік, тәуліктік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

3.Осы топқа жататын препараттардың жанама әсерлерін тани білу, алдын алу және жою.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу

Құқықтық компетенция:

1 Құқықтық білімді және дағдыны қалыптастыру: дәрілік заттарды дұрыс жазуды және медициналық құрал жабдықтарды сақтауды, жіберуді реттейтін ҚР негізгі заңды актілерін білу

Өзбетімен және үздіксіз білім алу:

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)