Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.08 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: «Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттар»

2. Мақсаты: Белгілі бір патологиялық жағдайларда препараттарды таңдау мақсатында, вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар стоматология тәжірибесіндеде. Дәрілік заттарға рецепт жаза білу.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция

1. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың жіктелуімен танысу.

2. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту.

3. Клиникалық тәжірибеде, сонымен қатар стоматолог дәрігердің тәжірибесінде, вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсеткіштері.

4. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттарға, рецепт жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеуді үйрену.

5. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттардың, енгізу жолдары, жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты мөлшерлеу принциптері.

6 Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттарды жұптастырып қолданана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу.

Операциональді компетенция:

  1. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардға рецепт жазу

  2. Бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеуді үйрену

Коммуникативті компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

3. Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (150 мин)

  • Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

  • Студенттердің білімінің бастапқы деңгейін тексеру 10 мин

  • Студенттердің өзіндік жұмысы -72 мин

  • Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -30 мин

  • Білімнің соңғы деңгейін тексеру -29 мин

  • Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

  • Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 3 мин

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • 1.Вирусқа қарсы заттар. Жіктелуі.

  • 2.Тұмауды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын заттар. Әсер ету механизмі, жанама әсерлері.

  • 3.Ұшықты емдеу үшін қолданылатын заттар. Әсер ету механизмі, жанама әсерлері.

  • 4.Интерферондардың қолданылуы, қасиеттері, биологиялық маңызы. 5.Интерфероногендер.

  • 6.ЖИТСті емдеуге арналған заттар Жанама әсерлері.

  • 7.Саңырауқұлаққа қарсы заттар. Патологиялық үрдістің орналасуы туралы түсінік.

  • 8.Саңырауқұлаққа қарсы заттардың жіктелуі.

  • 9.Беткей микозды емдеу үшін қолданылатын заттар, әсер ету механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.

  • 10.Жүйелі микозды емдеу үшін қолданылатын заттар, әсер ету механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.

  • 11.Дерматомикоз кезінде қолданылатын препараттар. Жергілікті және резорбтивті әсер ететін заттар, әсер ету механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.

  • 12.Саңырауқұлақ ауруларын емдеу үшін йод препараттарын қолдану.

  • 13.Саңырауқұлаққа қарсы заттардың басқа препараттармен өзара байланысуы.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, рецепті талдаумен және бір реттік мөлшерін есептеумен сараптау, қорытындылау.