Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.08 Mб
Скачать

Тест №6

«Әсерінің потенцирленуі» түсінігі нені білдіреді?

  1. Екі заттың әсер тиімділігі әр затты жеке алғандағы әсер тиімділігінің қосындысына тең

  2. Антагониздерінің әртүрлілігі

  3. Екі заттың әсер тиімділігі әр затты жеке алғандағы әсер тиімділігінің қосындысынан артық болады

  4. екі затты жұптастырғандағы олардың биожеткіліктілігінің өзгеруі

  5. Дәрілік заттардың биожеткіліктілігі

Тест №7

Сәйкестікті анықта. Түсініктерге анықтама беріңіз:

1. Ішкі белсенділік

2. Аффинитет

3. Аллостериялық өзара әсерлесу

4. Сенсибилизация

Анықтамасы

А – заттың олармен кешен түсуіне алып келетін рецептормен туыстастығы

Б – екі агонисттің рецептор макромолекуласының әртүрлі аймағымен байланысуы

В- рецептордың затқа сезімталдылығының артуы

Г- рецептормен байланысқан кезде заттың сол немесе басқа әсерді шақыра алу мүмкіндігі

Тест №8

Затты анықтау: ағзада зат әртүрлі тосқауылдар арқылы оңай өтеді: ішек қабырғасы, қантамырлары, жасуша мембранасы, субклеткалық құрылымдар мембранасы арқылы және т.б. негізгі сіңірілу механизмі пассивті диффузия жолымен. Бүйрек өзекшелерінде қайта реабсорбцияланады. Ағзадан метаболит түрінде шығарылады.

1. Иондалған

2. Липофилді

3. Гидрофилді

4. Төртіншілік

5. Майда ерімеитін

Тест №9

Метаболикалық трансформация жүзеге асырылады:

1. Конъюгация есебінен

2. Тотығу есебінен

3. Этилдену сесбінен

4. Тотықсыздану есебінен

5. Гидролиз есебінен

Тест №10

Сәйкестікті анықта:

Түсінік

1. Этиологиялық

2. Патогенетикалық

3. Профилактикалық

4. Орын басушы

5. Симптоматикалық

Ескерту: тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыларда

4 сабақ.

1. Тақырыбы: «Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар: м және н - холиномиметиктер және холиноблокаторлар. М-холиномиметиктер және м-холиноблокаторлар».

2. Сабақтың мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, холинергиялық заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.

Когнитивті компетенция

  1. М- және Н-холинергиялық заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

  2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

  3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

  4. Емдеудің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

  5. Дәрілік заттардың қалыптарын таңдау, қабынуға қарсы заттарды енгізу жолдары туралы білімді қалыптастыру

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

  2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

  3. Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 3 сағат (150 мин.)

  1. Ұйымдастыру бөлімі - 3 мин.

  2. Білімнің алғашқы деңгейін бағалау - 10 мин.

  3. Студенттердің өзіндік жұмысы - 72 мин.

  4. Студенттердің оқытушымен бірігіп өзіндік жұмысы - 30 мин.

  5. Білімнің соңғы деңгейін бағалау - 29 мин.

  6. Білімді жалпы бағалау - 3 мин.

  7. Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар - 3 мин.