
- •1. Есеп
- •2. Есеп
- •3. Есеп
- •5. Есеп
- •Қан талдауының нәтижесі:
- •Спирометрия нәтижесі (қалыпты мөлшерден %-ы):
- •Артериялық қанның газдық құрамы мен спирометрияның көрсеткіштері:
- •Қан талдауы: Hb 136 г/л, эритроциттер 5,51012/л; лейкоциттер 9109/л, эозинофилия. Өкпе рентгенограммасында — өкпе суретінің жоғары мөлдірлігі.
- •Жүрек қан тамыр жүйесі бойынша ситуайиялық есептерге арналған эталондар
- •Ас қорыту жүйесі бойынша ситуациялық есептерге арналған жауап эталондары
- •Зәр шығару жүйесі патофизиолгиясы бойынша студенттерге арналған сируациялық есептердің жауап эталондары
- •3. Мүмкін асқынуды атаңыз
- •2, Қажет қосымша зерттеулерді атаңыз.
- •3. Мүмкін асқынуды атаңыз
- •4. Науқасқа қатысты созылмалы әрекетіңіз, емдеу прициптері, ауру болжамы және профилактика
3. Мүмкін асқынуды атаңыз
Мүмкін асқынулар жүректің жедел жетіспеушілігі, жіті бүйрек жетіспеушілігі, эклампсия, миға қан құйылу, торлы қабықтың ісінуіне және тамыр спазмынан соқырлық дамиды.
4. Науқасқа қатысты созылмалы әрекетіңіз, емдеу прициптері, ауру болжамы және профилактика
Этиотропты ем этиологиялық факторды жоюға бағытталған (патогенді әсерін төмендету). Патогенетикалық принцип жіті гломерулонефрит патогенезі қоздырушыларын жоюға бағытталған. Ол үшін қабынуға қарсы антиаллергиялық преапараттар қолданылады. Симптоматикалық принцип жіті гломерулонефрит шақырған (ісіну, АГ,т.б.) екіншілік асқынуларды жоюға (жеңілдендіруге) бағытталған. Болжамы көпшілік жағдайда жақсы
10-20% науқастарда созылмалы ағымға өтеді. Профилактикасына жіті (жиі стрептококкты) инфекцияларды дұрыс емдеуге және созылмалы инфекция ошақтарын санациялау жатады. Бұл шаралар, аурудың созылмалы формасына ауысып кетпеуі үшін қажет. Жіті гломерулонефритпен ауырған науқастар екі жыл диспансерлік бақылауда болады.
Есеп 9
Сұрақ және жауап
1. Болжам диагноз қойыңыз, оны негіздеңіз
Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі созылмалы ағымның дәлелі жіті гломерулонефритпен ауыруы
2, Қажет қосымша зерттеулерді атаңыз.
Қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализі, зәр қалдықтарын микроскопиялық зерттеу, қанның биохимиялық анализі, бүйрек УДЗ, көз түбі, урография, ЭКГ, Рентгендік зерттеу, сфигмонометрия. Нақты диагноз қоюда тиімді болып стрептококқа антидене титрін зерттеу, тәуліктік протеинурия, Реберг сынамасы жатады.
3. Мүмкін асқынуды атаңыз
Мүмкін асқынуларға жүрек жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, эклампсия, миға қан құйылу, торлы қабық ісінуі және тамыр спазмы нәтижесінде соқырлық дамиды.
4. Науқасқа қатысты созылмалы әрекетіңіз, емдеу прициптері, ауру болжамы және профилактика
Уремиялық интоксикацияда негізгі тиімді әдісі арнайы прибор – жасанды бүйрек (гемодиализатор) қолдана отырып гемодиализ жасау. «Жасанды бүйрек» аппараты жұмысы ақуыздық емес қосылыстардың өткізгіш мембранасы арқылы арнайы диализденген ерітіндіде қаннан диффузделуіне негізделген. Профилактикалық шараларға жіті және ошақтық инфекцияларды емдеу жатады.
Есеп 10
Сұрақ және жауап
1. Болжам диагноз қойыңыз, оны негіздеңіз
Жіті оң жақты пиелонефрит диагнозы пальпациялау негізінде жорамалданады. Зақымданған бүйрек аумағында ауырсыну анықталадығ Пастернацкий симптомы оң.
2, Қажет қосымша зерттеулерді атаңыз.
Диагностикада пассивті гемоглютинация, иммуноферментті анализ және комплемент байланыстырушы реакциялар көмегімен қанда бактериальді антиген және антидене анықтауға негізделген иммунологиялық әдістер қолданылады. Зәр жолдарының жалпы урограммасында, томаграммасы немесе зонаграммасында бүйректің вертикальді орналасуын, көлемінің ұлғаюын немесе кішіреюін, сыртқы контурының біркелкі еместігін көруге болады. Экскреторлы урограммада зақымданған бүйректе рентгеноконтрасты заттардың жылжуының және концентрациясының төмендеуі тостағанша және түбекше деформациясы, жоғарғы зәр жолдары тонусы төмендеуі анықталады. Бүйректік ангиография, радионуклидті ринография.