
- •1. Pon технологиясына шолу
- •1.3 Pon даму болашақтары
- •2 Pon технологиясы негізінде желіні құрастыру
- •2.1 Мақсаттың қойылуы және жоба тапсырмалары
- •Желіні жобалау және құрылғыларды таңдау Бас станцияны жобалау (бс).
- •1 Сурет хPon қолжеткізім желісі құрылымы
- •1 Сурет. «Жұлдызша» топологиясы
- •2 Сурет. «Шина» топологиясы
- •3 Сурет. «Ағаш тәріздес» топологиясы
2 Pon технологиясы негізінде желіні құрастыру
2.1 Мақсаттың қойылуы және жоба тапсырмалары
Тұтынушылар сұраныстарына сай, және олардың сұраныстарын өтеуінен, сұраныстың қызмет көрсетуінен асып, сол сұраныстарға сәйкес кең жолақты қатынаудың жаңа технологияларын қолдану, мысалы PON.
Бұл тапсырмаларға байланысты келесі шарттарды орындау тиіс:
жүктеме есебі;
құрылғыларды таңдау және екі түрлісінен таңдау;
тұтынушы қатынау тапсырмаларын шешу;
PON технологиясын енгізу.
Желіні жобалау және құрылғыларды таңдау Бас станцияны жобалау (бс).
Сонымен, желі жұмыс істейтін технология таңдалып алынған соң, тікелей желі құрастыруға, құрал-жабдықтар мен сымжелілерді таңдауға және іс-құжаттарды әзірлеуге көшеміз. Нәтижесінде әрбір тұтынушы цифрлық теледидар, Интернет және IP-телефония қызметтерін алуы тиіс.
Алдымен бас станцияның жобасын жасап алу қажет. Ол үшін станцияның қандай қызмет атқаратынын анықтау керек:
Халықаралық және мемлекеттік арналарды спутник тарелкаларынан қабылдап, цифрлық қалыпқа келтіру. Спутник арналарының IP-желісіне трансляциялай үшін олардың шартты рұқсатының кодировкасын алып тастау керек және DVB-IP шлюзі арқылы IP-желісіне жіберу қажет.
Трафикті желі ішінде және тұтынушыға әрі қарайғы тарату үшін X провайдері арқылы Интернетке кіру мүмкіндігін алу.
Қазақтелекомның бөлінген ISDN арнасын әрі қарайғы телефон нөмірлерін тарату және телефонияны VoIP цифрлық қалыпқа келтірумен қабылдау.
Тұтынушыға арналған фильмдері, әуендері, ойындары және т.б. бар серверлердің оңтайлы жұмысын ұйымдастыру.
Тұтынушыларды, олардың биллингімен ұйымдастырылған бағдарламалық басқару, компания ұсынған қызметтерге кететін шығынды есептеу.
Желіні ұйымдастыруға қажетті негізгі құрал-жабдықтарды анықтайық:
Спутник тарелкалары және спутник белгісін қабылдауға және өңдеуге қажетті құрал-жабдықтар.
Қызметтік ақпаратты және тұтынушылар туралы деректерді сақтауға арналған серверлер (тапсырыс бойынша бейне, виртуалды кинозал, т.б.).
Деректер ағынын басқаруға арналған негізгі Router.
Негізгі Router-ден келетін белгілерді қабылдауға және деректерді пассивті оптикалық желі арқылы ONT (Optical Network Terminal) териминалына тасымалдауға арналған ONT (Optical Line Terminal).
Тұтынушы жағындағы оптикалық белгіні қабылдауға арналған ONT (Optical Network Terminal).
Оптикалық белгіні бөлуге арналған желінің пассивті элементтері - сплиттерлер.
Оптикалық және UTP сымжелілері.
Сонымен, төменде бас станцияны ұйымдастырудың мен ағашты желісінің жеңілдетілген жобасы көрсетілген (сурет 2.1).
Сурет 2.1. Бас Станция мен PON желісінің сұлбасы
Көрініп тұрғандай бас станцияның барлық компоненттері бас маршрутизатормен байланыстырылған. Бейнебелгі спутник тарелкасынан аналогтік қабылдағышқа келіп түседі, кейін ол цифрлық қалыпқа ауыстыратын цифрлық стримерге жіберіледі, нәтижесінде IP-протокол арқылы маршрутизаторға жіберіледі. Сондай-ақ маршрутизаторға бөлінген арна арқылы ISDN және Интернет-провайдерлері қосылған. NVOD және VOD қызметтері маршрутизатормен байланыстырылған қоғамдық серверде қалыптастырылады. Бас маршрутизатор дерктер ағынын басқарады және OLT-қа белгі жібереді, ол жерден белгі желіге таралып, ONT-қа түседі, ONT-тан Ethernet күйінде үй немесе кеңсе ішіне таратылады.
PON (Passiveopticalnetwork) – пассивті оптикалық желі, пассивті оптикалық желі технологисы. PON қатынаудың таратушы желілері – тораптардағы пассивті оптикалық таратушыларымен ағаш тәрізді талшықты-кабельдік архитектура негізінде пайда болды, ақпараттарды кеңжолақты таратуды қамтамасыз етудің тиімді әдісін ұсынады. Сонымен қатар, PON архитектурасы абоненттік қазіргі сәттегі және болашақтағы қажеттіліктеріне байланысты өткізу қабілеттілігі мен желі тораптарын қажетті тиімді ұзарта алады.
PON архитектурасының негізгі идеясы – көптеген ONT (optical line terminal) абоненттік құрылғыларына (optical network terminal) ақпараттарды тарату және олардан ақпараттарды қабылдау үшін бір қабылдағыш-таратқыш модулін пайдалану (1 сурет).