
- •Оның негізгі принциптері:
- •Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері
- •Азаматтық құқықта
- •Бухгалтерлік есепте
- •3.1. Конституциялық құрылыс түсінігі және оның
- •3.2. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі
- •Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы
- •Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •[Өңдеу]Құқықтық мәртебенін түрлері
- •Еңбек шартының мерзімі
- •Атқарушы билік органдарының жүйесі
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
- •Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі
- •[Өңдеу]Үкіметтің жауапкершілігі
- •Балалардың ата-аналарынан туғандығың анықтау
- •Құқық қорғау органдары
- •Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері
Азаматтық құқықта
Шартпен ресімделген азаматтық-құқықтық қатынас. Міндеттеме бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасауға не оны жасаудан тартынуға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттеменің пайда болу негіздемесі – заңи фактілер, бір жақты мәмілелер, әкімш. актілер, заңсыз әрекеттер, оқиғалар. Міндеттемеде әрқашан да белгілі бір субъективтік құрам (міндеттеме тараптары) болады. Тараптардың бірі – борышқор, яғни тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, мүлікті табыстауға, ақшалай қаражат аударуға, өзге де әрекеттерді жасауға міндетті тұлға. Екінші тарап – несиегер, яғни борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы тұлға. Жалпы мағынада алғанда міндеттеме бір тұлғаның (борышқордың) екінші тұлғаға (несиегерге) борышы деген ұғымды білдіреді, яки міндеттеме дегеніміз тұлғалардың міндеттемелік құқық нормаларымен реттелген өзара қарым-қатынасы. Міндеттеме мүліктік қатынастар тобына жатады, өйткені қоғамдағы айырбас үдерісін ресімдейді. Екі тарапты; көп тұлғалар қатысатын; үшінші тұлға қатысатын; тараптары ауыстырылатын міндеттеме түрлері болады. Басқа да жіктелімдері бар. Міндеттемелер заңның, өзге де құқықтық актілердің шарттары мен талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға, ал мұндай талаптар болмаған жағдайда іс қағаз айналымының ғұрыптарына және ғұрып бойынша қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттеменің орындалуы несиегер мен борышқордың өз құқықтары мен міндеттерінен құралатын әрекеттерді жасауы. Міндеттемені тиісінше орындау қағидатынан басқа міндеттемені нақты орындау қағидаты да қолданылады, мұндағы міндеттемеде көзделген әрекеттердің орнына залалды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде ақшалай қолданбай заттай орындау міндеттілігі өкім етіледі.
Бухгалтерлік есепте
Міндеттеме термині дебиторлық және кредиторлық берешек, яғни алашақ пен берешек ұғымын біріктіреді. Дебиторлық берешек дегеніміз ұйымға басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың берешегі, яғни алашақ (мыс., сатып алушының сатып алынған өнім үшін, есеп беруші тұлғаның өзіне есеп беру кепілдігімен берілген ақшалай сома үшін берешегі). Кредиторлық берешек деп ұйымның басқа ұйымдарға, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға (несиегерлерге) берешегін айтады. Бухгалтерлік баланста кредиторлық берешек ұйым қаражаты көздерінің құрамында, яғни пассивте көрсетіледі.
Қылмыстық құқық – құқық қайнар көзі ретінде
Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, алмемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.[1]
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.
ҚР конституциялық құрылыс