Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSNOVY_PRAVA_DAJYN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың іс-әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді. Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді және жаңадан сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет мүшелерінің өкілетті органдарда (мысалы: Парламент,мәслихат) депутат болуға, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жок. Үкіметке кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің бәрі — Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

[Өңдеу]Үкіметтің жауапкершілігі

Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе (белгілі бір жағдайда, себептермен) өздерінің орнынан түсетіндігі туралы (мысалы, Үкімет мүшелерінің өз бастамасымен кызметтен кетуі) Президентке мәлімдеуге құқылы. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген ретте Үкімет орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Президент өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға құқылы. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оның қызметтен босатылуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді.

Сонымен, Президент — мемлекет басшысы, мемлекеттін ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілеттік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының (заң, атқарушы және сот) келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Парламенті — заң шығарушылық қызметі жүзеге асыратын республиканын жоғары өкілетті органы. Үкімет — атқарушы биліктің жоғары органы, оны Президент құрады және оған экономика, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси басқару, сыртқы саясат салаларында кең аукымды өкілеттік берілген.[1]

Ата-ана және бала құқықтары мен міндеттері

Балалардың ата-аналарынан туғандығың анықтау

АХАТ органдарында адамдарды әкесі мен шешесі (асырап алушылар) ретінде жазу және баланың тууы (асырап алынуы)туралыкуәлік беру баланың туғандығың куәландыратын құжаттар болып табылады.

Баланың анасынан туғандығын анықтау, әдетте, киындық туғызбайды. Бала туған медициналық мекеменің берген анықтамасы, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда — баланы қабылдаган медицина қызметкері толтырған құжат, сондай-ақ куәлардың айғағы және басқа да дәлелдер, соңғысына, әдетте, медициналық сараптамалар жатады (каң сараптамасы) гендік дактилоскопия және басқалары баланың нақ осы әйелден туғандығын айғақтайтын дәлелдемелер болып табылады.

Баланың әкесінен туғандығын анықтау бұдан едәуір күрделірек. Сондықтан ежелгі қазақта бала әкеге — күмөн, шешесіне — аян деген мәтел бар. Бала тіркелген некеден туған жағдайда бала анасының күйеуі болып табылатын адамның өкелік дәлеліәрекет етеді. Бұл адам баланың әкесі деп есептеледі және дәлелді қажет етпейді. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып табылады.

Бала өзара некеде тұрмайтын ата-аналардан туғандығын әкесі жағынан ерікті турде не сот арқылы анықтауға болады.

Әкелігін ерікті түрде тану — әкесі мен шешесінің АХАТ органына бірлескен етініш беру жолымен жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған ата-аналар үшін де әкелігін тану құқығы қолданылатын айтуымыз керек.

Баланың мүдделерін қорғау мақсатында әкелік — сот төртібімен анықталады. Баланың әкесі деп жобалаған адамға талап қойылады.

==Баланың құқықтары. Балалар мүдделерін. мемлекеттік қорғау Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.

Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.

Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім — анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі — анасының тегі болады.

Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т.б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ен әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады.

Ер балаларга ат кою басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан бірінші кезекте олардың туған ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі. Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары(асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорганшы және қамқоршы органдар, coт, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын киянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды. Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.

Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.

Баланың мүліктік құқығғы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.

! Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің; еңбекпен айналысып тапкан кіріс меншігінің; жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді.

Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес. Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын үміт іңі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.

Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы телейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.

Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір керінісі болып табылады.[1]

  1. ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.

Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкіметесеп береді.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:

тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай әселелер қаралады;

қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;

қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;

тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.

Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Азаматтық құқықтағы шарттар

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Халықаралық шарттар (конвенциялар).

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады

Заңды тұлға түсінігі және түрлері

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

3-бап. Заңды тұлға ұғымы 1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. 2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

34-бап. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. 3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы). 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi. Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 1998.12.16. N 320, 2007.01.12. N 225 Заңдарымен.

35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi

1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. 2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. 3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi. Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.

56. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтыққатынас түсінігі және түрлері

Бұл қай орган және қандай мәселелер бойынша оларды қабылдағанына қарай ажыратылатын нормативтік құқықтық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.

…Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы саясаты адамның жақсы өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған саясатқа ие әлеуметтік мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы қорғалады, отбасын, балаларды және аналарды, мүгедектерді және қарт адамдарды мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған қоса, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтары ҚР Конституциясының жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары).

… Бұл заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен реттеледі.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық заңдарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін білдіреді.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін былайша түрлерге бөлуге болады:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (28, 29, 30-баптары);

2. Халықаралық-құқықтық актілер – халықаралық конвенциялар, декларациялар, ТМД елдерінің арасындағы келісімдер;

ҚР Конституциясына және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге болады:

А) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (33-б. 4-т.);

…Еңбекті қорғаудың негіздері туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейді.

Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және т.б.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар.

57. Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі Конституциялық КеңесКонституциялық кеңес – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ерекше сот органы (Франция, т.б. елдерде). Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері бойынша талқылау жолымен емес, кеңестің бір мүшесінің осы мәселе бойынша баяндамасын талқылау арқылы қарайды. Конституциялық кеңес Конституциялық сот сияқты, әдетте, аралас негізде жасақталады: мүшелердің бір бөлігін республика президенті, бір бөлігін парламент палаталарының төрағалары немесе өзге органдар тағайындайды. Қазақстан Республикасында Конституциялық кеңес – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік организация Конституцияның мәртебелілігі – билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі. Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелсіз болып табылады және тек Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді негізге ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі жеті мүшеден жасақталады. Бұған қоса республиканың экс-Президенттері де оған өмір бойы мүше болады. Конституциялық кеңестің Төрағасын Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады: дау туған жағдайда республика Президенті сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді; Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім қабылдағанға дейін және республика Президентін қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін – белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді. Сондай-ақ, сот қолданыстағы заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан жағдайда, акт Конституцияға сай келмейді деп тану туралы соттардың өтініштерін қарау және конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жіберу өкілеттіктері де Конституциялық кеңестің құзырына жатады. Аталмыш 5 өкілеттік тобын Конституциялық кеңес республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша жасақтайды.

Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.

  1. Қылмыс құрамы

Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс. Қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14, 18-ге толған жеке адамдар жатады.

Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы белгілері болып жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Қайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субъектісі болып тек әскери қызметкерлердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін анықтауда маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмыстың құрамының қажетті міндетті белгілері және факультативтік белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмыстық іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыс құрамының қажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлдем болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: әрекет немесе әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы, оның белгілі бір жасқа толуы.

Қылмыс құрамының факультативтік нышандары дегеніміз бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады. Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, ниет, мақсат, қылмыс заты, арнайы субъект, қылмыс зардабы, себептік байланыс.

Егер факультативтік белгі сол немесе басқа бір құрамда атап көрсетілсе, онда ол өзінің мәні жағынан осы құрамның қажетті міндетті белгісіне айналады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі – мүлікті ашықтан-ашық алу, осы қылмыстың белгісі. Егер факультативтік белгі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қылмыстық құқықтық жаза тағайындалғанда ғана ескеріледі. Мысалы, қызметкердің құжаттарды қолдан жасауы қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай құралмен жасағаны есепке алынбайды. Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат жаза тағайындалғанда ескеріледі. Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы ерекше.

Қылмысты дұрыс саралау үшін нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну керек. Осындай әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады.

Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету, нақты істелген іс-әрекеттерді дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілері бойынша өзара бөлінуі мүмкін

  1. Некені бұзу, тоқтату, жарамсыз деп тану

НЕКЕНІ БҰЗУ. Некені тоқтату және оның негізі.    Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.    Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:  ерінің қайтыс болуы;  соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;  некенің бұзылуы (ажырасу).    Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.    Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.    Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.    Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді. Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.    Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.    Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.    Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.    Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:  АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;  кәмелетке толмаған балаларының болмауы;  бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.    Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.       Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.    АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ. Некені сот тәртібімен бұзу.    Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:  ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;  ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;  егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;   ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.    Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.    Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.    Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.    Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәс балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».    Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.    Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады. Некені тоқтатудың құқықтық салдары.    Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.    Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.    Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.

  1. ҚР құқық қорғау органдарының жүйесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]