Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Novy_test_1_sem_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.91 Кб
Скачать

88. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Қазақ, қалмақ баласы ... келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз (Қазыбек би).

A) табысқалы

B) іздегелі C) жарысқалы

D) шабысқалы

Е) алысқалы

89. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

... іс болып, бояуы сіңген соң ғана жеке кәсіпкердің қылмысы әшкереленген.

A) Болар

B) Айтар

C) Жасар

D) Келер

Е) Көрер

90. Көп нүктенің орындарына қажетті сөздер қатарын қойыңыз.

... көрмегенің көп,

... білмегенің көп.

A) Көргеніңнен, білгеніңнен

B) Келгеніңнен, келмегеніңнен

C) Болғаныңнан, болмағаныңнан

D) Жасағаныңнан, жасамағаныңнан

Е) Айтарыңнан, аларыңнан

91. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

... , арамызда домбырада ойнай алатындар бар екен

A) Абырой болғанда

B) Амал не

C) Өкінішке орай

D) Сірә

Е) Бәлкім

92. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

... , Ұлттық арнаның қоржынын толтырған , балаларға базарлығы мол жаңа арнаның болашағы зор болсын.

A) Қорыта айтқанда

B) Байқауымша

C) Менің білуімше

D) Дұрысында

Е) Сірә

93. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Туған елдей ел болмас, … .

A) туған жердей жер болмас

B) ата қоныс жер қымбат

C) туып өскен ел қымбат

D) туған жерге туынды тік

Е) өз еліңде ұлтан бол

94. Шартты мәндегі құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Қазірдің өзінде орыс баласы болса да, басқаның баласы да, қазақ мектептеріне барушылардың саны көбейіп келеді.

B) Соңдықтан балабақшаларды қазақ тіліне өткізу бастамасын барынша қолдап, құптау қажет.

C) Қандай ұлт, ел болмасын, тілі дамымайынша, ол халық ретінде де алға шыға алмайды.

D) Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Мемлекеттік тілдің артықшылығына ешкім таласа алмайды.Түбінде барша қазақстандықтар осы тілге көшетін болады», -деді.

Е) Көктем келді де, күн жылынды

95. Мақалдың бірінші сыңарын табыңыз.

... , әр ауылда бір туысың болсын

A) Бір ауылда мың туысың болғанша

B) Ағайыныңды іске шақырма

C) Берекесі кеткен ауылдың

D) Ағайын барында аузыңды жалайды

Е) Туған жердей жер болмас

96. Қарсылықты мағыналы сөйлемді көрсетіңіз.

A) Түн қараңғы болғанымен, көшенің шамдары жарқырап тұр.

B) Ол маған түсіндіргеннен кейін мен жасай бастадым.

C) Сабақ айту үшін қолымды көтердім. D) Анам жұмыстан оралғанша, мен үй жұмысын жасап үлгеремін.

Е) Әйгілі Отырар кітапханасы біздің жерімізде болыпты

97. Тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырыңыз.

Олар кеше ... , әлі хабарласқан жоқ

A) кеткеннен бері

B) жүргеннен бері

C) бергеннен бері

D) жатқаннан бері

Е) алғаннан бері

98. Сөйлемнің беретін мәнін анықтаңыз.

Айдостың сөзіне қарағанда ертеңгі жиын тартысты болатын шығар.

А) болжалдық

В) міндеттілік

С) қажеттілік

D) нақтылық

Е) бағыныштылық

99. Сөйлемді аяқтаңыз.

Енді біраз шыдасақ, даулы автобус бағыттарында да тәртіп ... .

А) орнайтын сияқты

В) тұратын тәрізді

С) алатын шығар

D) саналатын шығар

Е) көрінетін болар

100. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мамандардың сапасы олардың білімі мен ақылында емес, таңдаған мамандығына деген жауапкершілігіне байланысты ... .

А) болуы мүмкін

В) қалуы мүмкін

С) жүруі мүмкін

D) тұруы мүмкін

Е) жолығуы мүмкін

101. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

2012 жылы Білім мен ғылым саласында жаңа өзгерістер ... .

А) болуы мүмкін

В) жүруі мүмкін

С) жетуі мүмкін

D) толықтырылуы мүмкін

Е) қалуы мүмкін

102. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

Адамды бойындағы немқұрайлықтан құтқару үшін қоғам әділетті ... .

А) болуы тиіс

В) сенуі тиіс

С) келуі мүмкін

D) қалуы тиіс

Е) жүруі тиіс

103. Сөйлемді аяқтаңыз.

Кез келген қызметкер жұмысқа уақытында ... .

А) келуге міндетті

В) кетуге міндетті

С) тұруға тиіс

D) қарауға міндетті

Е) санауға тиіс

104. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қазақстан Республикасының азаматтары өз елінің тарихына ... .

А) құрметпен қарауға міндетті

В) ұқыпты қараудың міндетті

С) арыдан қарайтын тәріздісің

D) күтіммен қарауға болар

Е) сенім білдірді

105. Тиісті сөзді қойыңыз.

Жастар терең ақылмен, өмірлік күш-қуатымен ... .

А) ерекшеленуі қажет

В) даралануды қажет

С) бағалануға керек

D) көзге түсуге міндет

Е) орнауы қажет

106. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

II Азаматтық форумда елбасы мемлекеттік тілді дамыту маңызды басымдық болып қала беретінін ... .

А) айтқан еді

В) деген болар

С) жазған шығар

D) сөйлеген сияқты

Е) оқуы тиіс

107. Қалау, тілек мағынасындағы сөйлемді анықтаңыз.

А) Қыс түскенше, үйдің барлық күрделі жөндеу жұмыстары бітсе екен.

В) Бәйтерек тамыры тереңде, бұтағы сынғаннан құламайды.

С) Ақ шашым алдамаса, олардың істері оңға басуы тиіс.

D) Н.Назарбаев университетінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар білім алуда.

Е) Асхат директор қызметіне көтеріліпті.

108. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

Әл-Фарабидің «Бақытқа жол сілтеу» атты трактатын ... келеді, бірақ уақыт тапшы.

А) оқығым

В) тоқталғым

С)анықтағым

D) айқындағым

Е) жазғым

109. Қажетті сөзді қойыңыз.

Жаңа жылдан бастап інім жаңа үйге қолы ... .

А) жетсе игі еді

В) жүрсе игі еді

С) сақтаса игі еді

D) көшсе игі еді

Е) қонса игі еді

110. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

Конференция түске дейін ... игі еді.

А) аяқталса

В) кетсе

С) талданса

D) бағытталса

Е) толықса

111. Сөйлемді айқындап тұрған сөзді көрсетіңіз.

Әйел-ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш.

А) ана

В) күш

С) әйел

D) сарқылмайтын

Е) жеңетін

112. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А) Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі.

В) Текті ұрпақ, тәрбиеден басталады.

С) Көмек беру: кез келген адамның қолынан келеді.

D) Адам, өзінің, адами қасиеттерін жоғалтпауы қажет.

Е) Бәйтерек – тамыры тереңде бұтағы сынғаннан құламайды.

113. Көп нүктенің орнына қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйенер ең басты құжатымыз ... еліміздің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы.

А) сызықша

В) қос үкте

С) тырнақша

D) нүктелі үтір

Е) үтір

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]