
- •1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз
- •2.Сөйлемді аяқтаңыз.
- •3.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •4.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •5. Асты сызылған тіркеске қарама-қарсы мәнді тіркесті көрсетіңіз.
- •6.Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
- •11. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •18. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны тандаңыз.
- •20. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •23. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •36.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •60. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •61. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •67.Шарты көрсетілген сөйлемді қойыңыз.
- •69. Сөйлемді аяқтаңыз.
- •88. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •89. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •92. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •99. Сөйлемді аяқтаңыз.
- •114. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •115. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •116. Төл сөзді көрсетіңіз.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •133. Тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырыңыз
- •134. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
- •135. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз
- •136. Сөйлемді аяқтаныз.
- •137. Тиісті нұсқаны қойып, сөйлемді аяқтаңыз
- •138. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •139. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •140.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •142. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •145. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •153. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •167. «Сүттен ақ, судан таза» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
- •170. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
- •171. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
- •172. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
- •173. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
- •174. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
- •180.Асты сызылған сөзбен мәндес нұсқаны табыңыз.
- •191.Сөйлемдегі асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
- •196. Сөйлемді аяқтаңыз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
60. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Адамзат баласы үшін ..... бар да, .... бар.
А) тумақ, өлмек
В) келмек, көрмек
С) көрмек, жүрмек
Д) сөйлемек, жазбақ
Е) тыңдамақ, сөйлемек
61. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Батыр мақтанса,
Жауға шапқанын ...
Қу мақтанса,
Алдап қаққанын... .
А) айтар
В) білер
С) көрер
Д) сөйлер
Е) жазар
63. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
«Алматы Ақшамы» экология мәселесіне айрықша көңіл бөліп, « Сана .... , қала.... » деп газетке тамаша айдар берген.
А) тазармай, тазармайды
В) озбай, озбайды
С) анықтамай, білмей
Д) түзуленбей, түзуленбейді
Е) жақсармай, жақсармайды
64. Көп нүктенің орнына қажетті сөздер қатарын қойыңыз.
Ешбір адамды нақты ... және көзбен ... тұрып жаман деп айтуға болмайды.
А) білмей, көрмей
В) айтпай, кездеспей
С) анықтамай, білмей
Д) сөйлеспей , қарамай
Е) оқымай, жазбай
65. Көп нүктенің орнына дұрыс жауабын қойып сөйлемді аяқтаңыз.
Бүгін күннің суытуы жаман, кешке қарай қар ... .
А) жауатын шығар
В) келетін шығар
С) кететін шығар
Д) еритін шығар
Е) жүретін шығар
Төл сөзді қойыңыз.
А) «Ұлт жазушысы ұлт психологиясын өз тілінің бояуымен жеткізген дұрыс», - дейді академик Серік Қирабаев.
В) Академик Серік Қирабаевтың ұлт жазушысының ұлт психологиясын өз тілінің бояуымен жеткізгені дұрыстығы жайында айтқаны бар.
С) Ұлт жазушысының ұлт психологиясын өз тілінің бояуымен жеткізгені дұрысекендігі айтылады.
Д) Академик Серік Қирабаев ұлт жазушысының ұлт психологиясын өз тілінің бояуымен жеткізгенін дұрыс санайды.
Е) Серік Қирабаевтың бірнеше еңбегі жарық көрді
67.Шарты көрсетілген сөйлемді қойыңыз.
А) Жаманға сырыңды ашсаң, жарға жығады.
В) Жүз естігеннен,бір көрген артық.
С) Асыл тастан, өнер жастан шығады.
Д) Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ.
Е) Жаманның сөзі ашу шақырады
68.Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.
Екі жақсы қосылса, бірін бірі қиыспайды, ...
А) Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды.
В) Жаман малыңа жолдас.
С) Жаманның сөзі ашу шақырады.
Д) Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.
Е) өнер жастан шығады
69. Сөйлемді аяқтаңыз.
Қазақ халқының өмір салты көшпелі болғанмен, ...
А) рухани болмысы көшпелі болмаған.
В) мақал-мәтелдер халық айнасы.
С) ұлттық ойындардың ерекше түрі.
Д) қазақ халқының тарихы әріден басталады.
Е) айтыс өнері жақсы дамыған
70.Сөйлемдегі мағынаны көрсетіңіз
Жаманмен ауыл болғанша, жақсымен қауым бол (мақал).
А) мезгілдік
В) себептілік
С) шарттылық
Д) қарсылықты
Е) аралас
71. Істің орныдалу мезгіліне қатысы бар сөйлемді қойыңыз.
А) Біз үйден шығарда, ол телефон арқылы біреумен сөйлесті.
В) Баспананың талабы бойынша өткізу үшін жұмыс тобын құру керек.
С) Радиотелефонның бағалары туралы жарнама қағаздары бар ма?
Д) Барлық кітаптардың аннотациясы қайта қаралып жатыр.
Е) аралас сөйлем
72. Мақалдың бірінші сыңарын табыңыз.
Тіл тас жарады, тас жармаса, ...
А) Бас жарады
В) Берекесі кеткен ауылдың
С) Ағайыныңды іске шақырма
Д) Ағайын, барыңда аузыңды жалайды
Е) отыз рулы ел
73. Салдары көрсетілген сөйлемді қойыңыз
А) Бүгін тағы көлік табылмағандықтан, көшу кейінге қалдырды.
В) Сырттан адам қосылды деп, әңгіме желісін өзгертпейді не қайталамайды.
С) Терлеп, айғыз-айғыз шаң басқан беттерін жууға кетті
Д) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
Е) Бүгін ауа райы жылы
74. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз
Ол осы лауазымға қазақ тілін жетік білгені үшін, ...
А) қолы жеткенін жақсы біледі
В) қазақ тілі дами бастады
С) ана сүтімен бойымызға сіңді
Д) халықтың көзқарасы түзеліп келеді
Е) мемлекеттік тілді меңгеру керек
75. Амалдық мағына көрінетін сөйлемді қойыңыз
А) Салқын су денемді ширатқанда, жаным шипа тапқандай болды
В) Құда- мың жылдық, күйеу- жүз жылдық
С) Құдалар жағы қызды жақтаса, олар да бір жағынан килігіп қоймайды
Д) Тоты түн ішінде қайтамын деп әлек салып, такси шақыруға тура келді
Е) Студенттер уақытында жиналса, концертке үлгереміз
76. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз
Көрсе де көрмегендей, ...
А) тұра берді
В) сәлемдесіп жатыр
С) кішіге- ізет деген болады
Д) сыйластығы бұзылмасын
Е) үйге келіп қалды
77. Мақсат мәнді сөйлемді қойыңыз.
А) Мен оны жылы жайға апару үшін, машина шақыртып жатырмын.
В) Терминдер сөздігін тапсам, энциклопедия қажет болмай қалады.
С) Екі кісілік жайлы бөлмелер болса, сондай бөлмелерге тапсырыс жаса.
Д) Жүрдек пойызға мінгендіктен, он сағат уақытымызды үнемдеп қалдық.
Е) Ауылға баратын болсаң, маған хабарлас
78. Қажетті сөзді қойыңыз.
Жылу жүйесін сынақтан өткіземіз деп, ...
А) екі күн үйде болуымызды ескертті
В) үйді жинауымызды өтінді
С) тамақ істеуімізді талап етті
Д) үй шаруашылығымен айналысты
Е) келгеніңе қуаныштымын
79. Сөйлемнің мағынасын анықтаңыз.
Жылына екі рет демалады: қыста орман ішіндегі демалыс орындарына, жазда құмды теңіз жағалауына кетеді.
А) түсіндірмелі
В) амал
С) шартты
Д) себеп –салдар
Е) аралас
80. Сөйлемнің мағынасын анықтаңыз.
Жаманның аяғы сегіз: бірі шалмаса, бірі шалады..
А) амалдық
В) күшейту
С) мақсатты
Д) түсіндірмелі
Е) себеп –салдар
81. Салыстыру үшін айтылған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Саған Талғат қандай жақын болса, Ақжан да маған сондай бауыр еді.
В) Бірлік болмай, тірлік болмас
С) Өңі тершіп, беті қызарып кетті
Д) Көмектеспек болып, бар заттарымды өзіммен бірге алдым.
Е) Ауылға баратын болсаң, маған хабарлас
82. Салыстырмалы мәндегі сыңарын табыңыз.
Екі құрбы да оқуға түсті: бірі –техникалық университетке,...
А) екіншісі заң институтына тапсырды.
В) бірі үзбей хат жазып тұрды
С) екіншісі ауылына қайта алмай, ұзақ ойланды.
Д) бірі сауда орындарына кіріп, жұмысқа тұрып алды.
Е) жұмысқа орналасқан жоқ
83. Бір мезгілде іске асатын қимылды көрсететін сөйлемді көрсетіңіз.
А) Жұмыс істеп отырғанда, бала қасымда сурет салып, не ойнап жүреді.
В) Екі жұп биге шығып кетті
С) Жұмыс біте салысымен, автобус аялдамасына кел
Д) Қазақ тілінен тапсырылған емтихан нәтижесі шешуші рөл атқарады.
Е) Күн тәртібін қарау
84. Көп нүктенің орнына тиісті жауапты қойыңыз.
Осы мерекелік іс-шараларға қатысу үшін ..... Т.О.Әубәкіров Мәскеу қаласына шақыртылды.
A) тұңғыш ғарышкер қазақ
B) тұңғыш биші қазақ
C) тұңғыш күйші қазақ
D) тұңғыш әнші қазақ
Е) тұңғыш ғалым қазақ
85. Көп нүктенің орнына тиісті жауапты қойыңыз.
… - істі жақсы ұйымдастыру.
A) Басшының міндеті
B) Жұмыссыздың міндеті
C) Оқушының міндеті
D) Ауру адамның міндеті
Е) Студенттің міндеті
86. Көп нүктенің орнына қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
Отан ... қуат, отбасы ... шуақ (мақал)
A) сызықша
B) жақша
C) үтір
D) қос нүкте
Е) нүкте
87. Дұрыс сөз тіркесімен сөйлемді аяқтаңыз.
«Дипломмен ауылға» республикалық акциясының аясында 92 жас маман ауылға ... .
A) барғалы отыр
B) бергелі отыр
C) көргелі отыр
D) білгелі отыр
Е) салғалы отыр