Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Novy_test_1_sem_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.91 Кб
Скачать

36.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол өз сіңілісімен ... келе жатқан қызды танымады.

А) бірге

В) қатар

С) кейін

Д) қарай

Е) қайта

37. Төл сөзді көрсетіңіз.

A) Айнұр одан: «Енді не істемекшісің, Кәмшат?» - деп сұрады.

B) Бану оған не істеу керегі туралы айтты.

C) Әлима енді не істеймін деп ойлады.

Д) Нұржамал Сәуледен бәрін сұрап білгісі келді, бірақ батылы жетпеді.

Е) Әлима, енді не істейсің, деп сұрады Нұржамал.

38. «Бірталай» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

A) көптеген

B)әрқашан

C) бір нәрсе

Д) бірен-саран

Е) аздаған

39. Жас маманның не туралы айтқанын көрсетіңіз.

«Біз жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде еңгізуіміз керек», - деді жас маман.

A) Жас маман жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде енгізу керектігін айтты.

B) Жас маман жаңа технологияны, құрал-жабдықтарды ұнататынын айтты.

C) Жас маман қазіргі кезде жаңа технологияны нашар меңгергендігін айтты.

Д) Жас маман жаңа технологияны өндірісте қолданып жүргенін айтты.

Е) Жас маман жаңа технологияны өндірісте қолданамын деді.

40. Тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Оның мына кереметке таңқалғаны ... - аң-таң болып орнында тұрып қалды

A) сонша

B) мол

C) аз

Д) қанша

Е) көп

41. Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.

Бұл әнді сіз осымен бірнеше рет естідіңіз ... .

А) ғой

В) тек

С)ай

Д) ғана

Е) ау

42. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді белгілеңіз.

Адам ... көп оқыған сайын,... білімін жетілдіре береді екен.

A) неғұрлым, соғұрлым

B) онша, мұншалық

C) бірден, өйтіп-бүйтіп

Д) әбден, орасан

Е) мүмкін, әлде

43. Диалогті толықтырыңыз.

- Айдар, біздің қоймадағы тауардың бәрі сатылып кетті.

- Иә, қайта тапсырыс беру керек ....

A) деді

B) десе

C) етсе

Д) қылды

Е) деп

44. Тиісті сөзбен сөйлемді толықтырыңыз.

Ержан мән-жайды ... анасына сыр білдірмеді.

A) біле тұра

B) қасақана

C) жорта

Д) бекерден

Е) әдейі

45. Дұрыс жауабын табыңыз.

Бақытжан кері алып кеткісі келмей, мына малын ... арзан берді.

A) лажсыздан

B) босқа

C) құр босқа

Д)әдейі

Е) бекер

46.Мәндес сөздер қатарын көрсетіңіз.

А)сусағыш-шөлдегіш

В) суырма – сұс

С) суғару – суылдау

Д) су жаңа – су қараңғы

Е) жаңа-ескі

47. Асты сызылған сөзге мәндес қатарды көрсетіңіз

Мен маңызды бір жағдайда қатты қобалжып, не істерімді білмей қаламын

А) екі ойлы болу

В) тауқымет

С) қуану

Д) шешімін табу

Е) топтасу

48. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөйлем қатарын көрсетіңіз.

А) Кішкентай балалардың көз жасы дайын тұрады. Ұжымның көбі жас қыздар

В) Дарынды адамның есте сақтау қабілеті жоғары болады. Мен анамның көп кенестерін есте сақтадым.

С) Қазақша сөйлеу – қазіргі таңда үлкен мәртебе. Қазақ тілі үйрену қиын емес

Д) дұрыс жауабы жоқ.

Е) Әрбір адам ата-анасының алдында қарыздар. Қыздың ата-анасымен танысты.

49. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөзді көрсетіңіз.

А) жүз

В) қыз

С) бала

Д) адам

Е) ми

50. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Мұқағали Мақатаев қай жерде дүниеге келді?

В) Ақынның қандай өлеңдерін білесің?

С) Жазушылар Одағының ғимараты Мұқағали Мақатаев көшесінде ме?

Д) Мұқағалидың Фариза Оңғарсыноваға арнап жазған өлеңі қалай аталады?

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

Мен бос уақытымда қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқығанды жақсы көремін. Үйде өзімнің кітапхана қорым бар. Мен қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын, қазақ әдебиеті тарихы мен тіл білімі туралы жазылған кітаптарды сатып алып, жинап жүремін.

Менің сүйікті ақыным – Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Оның шығармаларының қайнар көзі – туған жері, замана тынысы. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын көтерді.

Мұқағали аударма саласында да еңбек сіңірді. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Кеше Жазушылар Одағында қазақ поэзиясының алып тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш өтті. Қазақстан Жазушылар Одағының ғимараты Алматы қаласында Абылай хан даңғылының бойында орналасқан. Жазушылар Одағының үлкен залы көрермендерге толы болды. Кешке халқымыздың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен ақынның ұлы Жұлдыз және ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар қатысты. Кеш барысында Мұқағали Мақатевқа арнау өлеңдер мен ақиық ақынның өлеңдері оқылды. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша қойылым көрсетілді. Кеш қызықты да тартымды өтті.

Бүгін Республика сарайында концерт болады. Онда кәсіпқой бишілер би билеп, дәстүрлі әндер орындалады. Классикалық би билеу – улкен өнер. Жуырда «Сарыарқа» киноттеатрынан «Көшпенділер» фильмін көрдім. Қазақ өнерін жоғары бағалаймын. Мен бос уақытымда кітап оқып, ән тыңдап, мәдени барғанды ұнатамын.

51. « Кілт» сөзінің мағынасын ашпайтын сөзді көрсетіңіз.

А) заттың, құбылыстың бастамасы

В) есікті ашатын құрал

С) есіктің ұстайтын жері

Д) істің, әрекеттің шешілуі

Е) дұрыс жауабы жоқ.

52. «Аяғынан тік тұрды» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

А) құрмет көрсетті

В) шаршады

С) мазасын алды

Д) аяғы ауруға көшті

Е) қиналды

53. Асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

Жолдасының бармаған жері баспаған тауы қалмады.

А) жер жаһанды түгел аралады

В) барған- бармағаны белгісіз

С) тұрақтап тыныштық тапты

Д) қайтып оралмайтын ұзаққа кетті

Е) үйге барып келді

54. «Жүрегі сазды» тіркесінің мағынасын қойыңыз.

А) қарны ашты

В) жүрегі ауырды

С) тірілді, жаны кірді

Д) жанына батты

Е) жанын ауыртты

55. «Дүниенің тұтқасын ұстап тұрды» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

А) болып-толды, билеп –төстеді

В) тіршілік өмір артта қалды

С) өмірдің сырын пайымдағыш, түсінігі мол

Д) өмірді қызықтау

Е) өмірді той-думанмен, қызық тамашамен өткізді

56. Үлкен кісілердің жастарға білдіретін ризашылығы.

А) бата

В) серт

С) шашу

Д) аманат

Е) уәде

57.Қыз алғанда төленетін кәде-сый.

А) қалыңмал

В) теңге салу

С) шашу

Д) бәйге

Е) қынаменде

58.Ата-бабамыздан келе жатқан даналық сөздер.

А) нақыл сөздер

В) жұмбақтар

С) жаңылтпаштар

Д) дұрыс жауабы жоқ.

Е) қысқарған сөздер

59. Мойынға тағылатын зергерлік бұйымдар.

А) алқа

В) белбеу

С) білезік

Д) өңіржидек

Е) сақина

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]