Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Novy_test_1_sem_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.91 Кб
Скачать

153. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Өнердің кино,театр саласы жап-жақсы насихатталып жүргені сияқты,мүсін өнері де көлеңкеде қалып... .

А)қоймаса игі еді

В)істемесе игі еді

С)көрмесе игі еді

Д)тұрмаса игі еді

Е) барса игі еді

154.Көп нүктенің орнына тиісті жауапты қойыңыз.

Оның әр сөзінде бәрі... екен деген ниет жататын.

А) жақсы болса

В)түссе екен

С)жүрсе екен

Д)күлсе екен

Е) барса екен

155. Көп нүктенің орнына тиісті жауапты қойыңыз.

Сіздер,...,осындай тәуелсіз елдің ,қазақ жерінің ұрпақтары екендеріңізді шын жүректен мақтанышпен айтуға мүмкіндіктеріңіз бар.

А)жастар

В)қарттар

С)жұмысшылар

Д)зейнеткерлер

Е)балалар

156. Мәтінде жауабы бар сұрақты тандаңыз.

А) Шетелдік демалушылар үшін таптырмайтын мекен қайсы?

В) Баянауыл туралы аңыздарды жинастырып жүрген кім?

С) Баянауыл тастары ертегілер еліне жетелей ме?

Д) Баянауыл туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?

Е) дұрыс жауабы жоқ

Баянауыл - көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, кұмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны – ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп.

Солардың бірі –Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас – Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіреді. Бұл жылқылардың бағасы қымбат болыпты. Оларды батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрлі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты.

Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі – осы.

157.Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын табыңыз.

А) Жүк көтеру.

В) Ала таяқ

С) Адам ету

Д) Сәуір айы

Е) дұрыс жауабы жоқ

158.Жақша ішіндегі бірге жазылған сөзді табыңыз.

А) Көк /жал/

В) Көк /көйлек/

С) Көк /шөп/

Д) Көк /кептер/

Е) көк /шалғын/

159.Белгісіздік есімдікті тіркесті табыңыз.

А) Біреу қақты

В) Бәрлеріңізге рахмет

С) Өзім келдім

Д) Мен барамын

Е) Ешқашан ұмытпапты

160.Қосарлану арқылы жасалған үстеуді табыңыз.

А) Қысы-жазы, анда-санда

В) Бармайынша, келмейінше

С) Қаланы, үйді

Д) Тым, жас

Е) аса, зор

161.Лексика нені зерттейді?

А) Сөз мағынасын

В) Сөз құрамын

С) Сөз тіркесін

Д) Тіл дыбыстарын

Е) Тіл жүйесін

162.Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Таяқ жеу

В) Таң самалы

С) Айдаладағы тастау

Д) Тары көже

Е) Мектеп

163. «Лезде» сөзімен мәндес сөзді белгілеңіз.

А) Тез

В) Көп

С) Баяу

Д) Ақырын

Е) Болбыр

164. «Артты» сөзімен мәндес сөзді көрсетіңіз.

Өнім көбейді

А) өнім молайды

В) баға түсті

С) өндіріс дамыды

Д) сүт өнімдері азайды

Е) өнім азайды

165. «Жүрегінің түгі бар» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

А) ержүрек

В) жалқау

С) қорқақ

Д) сабырлы

Е) шапшаң

166. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Кемпіртас – Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас.

В) Кемпіртас оқиғасын халыққа кең тарату қажет.

С) Баянауыл жылқыларының бағасы өте қымбат.

D) Баянауыл – Кемпіртастың ең биік шыңы.

Е) Дұрыс жауабы жоқ

Баянауыл - көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, кұмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны – ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп.

Солардың бірі –Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас – Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіреді. Бұл жылқылардың бағасы қымбат болыпты. Оларды батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрлі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты.

Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі – осы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]