Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Novy_test_1_sem_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.91 Кб
Скачать

133. Тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырыңыз

Арман іссапардан ......, жаңа жұмыс іздеуге бел буды

А) оралысымен

Б) берісімен

С) әкетісімен

Д) көрісімен

Е) келгенімен

134. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Әлемдік өркениетке үлес қосқан білім ордалары туралы ақпарат беріледі.

В) Әлемдегі ірі кітапханалардың ғылыми жобалары туралы айтылады

С) Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.

Д) Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы, қызметі туралы баяндалады.

Е) Дұрыс жауап жоқ

Әлемнің ең ірі кітапханалары.

Адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалар саналатын әйгілі Александрия кітапханасы мен қазақ жерінде болған Отырар кітапханасы – заманында әлемдік өркениеттің дамуына теңдессіз ұлес қосқан кешенді білім ордалары. Алайда бұл екеуінің де өмрі бүгінгі таңға жетпей, тарихтың бір қойнауымен шектеледі.

Александрия кітапханасы негізін Александрия қаласында ІІ Птолемей қалаған, қорында бес мың том кітап болған. Оны Эратосфен, Зенодот, Аристарх, Калиммах есімді ірі ғалымдар басқарған. Сол заманғы оқымыстылар жүз мыңнан жеті жүз мың томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана қорының негізін ежелгі грек әдебиеті мен ғылымынан тұратын шығармалар құрағанмен, мұнда шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған. Александрия кітапханасы жанында көшірмешілер штаты жұмыс істеп, олар кітаптарды көшіріп жазып, данасын көбейтіп отырған. Калиммахтың жетекшілігімен кітапхана каталогі жасалынып, сол жүйе негізінде кітап қоры толықтырылып тұрған.

Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы. Бұл кітапхананың қоры өте бай болған. Отырар – біздің ұлы бабамыз Әбу насыр әл-Фарабидің отаны. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрімен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирусорама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған.

2001 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Келешекте Ұлы Жібек жолының батыс пен шығыс әлемдері тоғысар тұсында ғылым мен мәдениет орталығына айналған көне шаһардың бүгінгі орнын шетелдік қонақтар үшін туризм орнына айналдыру көзделіп отыр. Әйгілі Отыраркітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер екені баршаға аян.

135. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз

Қазақ құда мен құдағиды қатты қадірлегендіктен , ......

А) төрге шығарып, бар жылы- жұмсағын алдына тосады

Б) келін қайын атасын қатты сыйлайды

С) маған мінезі ашық адамдар қатты ұнайды

Д) ененің көнілі әдетте келінде болады

Е) сабаққа қатыса алмайды.

136. Сөйлемді аяқтаныз.

Дінге берік болмай, ....

А) тілге беріктік болмайды

В) қолайлы көрген кезде қиналмастан өзге тілге ауыса салады

С) қазақтардың өз ана тілдерін өзге тілдермен салыстырулары орынсыз

Д) ұлттық санамыз әлі де болса бодандықтың шылауынан толық арыла алар емес

Е) сенім жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]