Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рабига ТЕСТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
505.34 Кб
Скачать

«Құқық негіздері» пәні бойынша тест

ВАРИАНТ 1

1. Мемлекеттің пайда болуы туралы келісім (шарт) теориясының басты идеясы неде ?

A) мемлекет –қоғамда үстеме өнімнің, жеке меншіктің, таптардың пайда болуына байланысты туындайтын ымырға келмейтін қарама-қайшылықтардың нәтижесі;

B) мемлекет- адамдардың ортақтасып, бірлесіп тұру үшін өз ықтиярларымен келісіп жасасқан мәмілелердің нәтижесі;

C) мемлекет-құдай тағаланың-ең жоғарғы ақыл парасаттың ерік-ықтиярымен пайда болады;

D) мемлекет-жер шарындағы әлемдік климаттық өзгерістердің салдарынан пайда болады;

E) мемлекет әрқашанда болған, ол адамзатпен бір мезгілде пайда болған.

2. Мемлекетті қоғамның кез-келген саяси ұйымынан қандай белгі-нышан ерекшеленеді?

A) халықаралық ұйымдардың өзара бірлесіп әрекеттесуі;

B) негізгі өңдіріс құралдары мен саймандарға меншік иесі болу;

C) конституциялық актісінің болуы;

D) ғарыш кеңістігін игеруге монополиясының болуы;

E) жалпыға бірдей міндетті нормативтік –құқықтық актілерді шығаруға өкілеттілігінің болуы.

3. Құқықтың басты қызметін атаңыз:

A) реттеу, қорғау;

B) бағалау;

C) тәрбиелеу;

D) танымдық;

E) мәдени.

4. Заң дегеніміз:

A) қоғамның барлық мүшелерінің ерікті келісімі;

B) мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдайтын кез келген құжат;

C) қоғамда көп мәрте қайталанатын тәртіп;

D) жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт;

E) қоғамда қалыптасқан әдет.

5. Тәуелсіз егеменді Қазақстанның алғашқы Констиуциясы қашан қабылданды ?

A) 1995 ж. 30 тамызда;

B) 1991 ж. 16желтоқсанда;

C) 1990 ж. 25 қазанда;

D) 1993 ж. 28 қаңтарда;

  1. 1992 ж. 1 қыркүйекте.

6. Латын тілінде «норма» термені – қай мағынаны білдіреді?

A) Үлгі, қағида.

B) Құқықтық қатынас.

C) Баспақана.

D) Теріс қылық.

E) Заңды әрекет.

7. Өз меншігіндегі ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің (біртұтас өзінің немесе өкілетті органдардың) іс - әрекеті.

A) Қаржылық қызмет.

B) Сақтандыру қызметі.

C) Банкілік қызметі.

D) Мемлекеттің бюджеттік қызметі.

E) Дұрыс нұсқалары жоқ.

8. Мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық – құқықтық институттардың материялдық көрінісі (қорлары) болып табылатын қаржылық – экономикалық институттардың жиынтығы.

A) Қаржы жүйесі.

B) Құқық жүйесі.

C) Сақтандыру жүйесі.

D) Несие жүйесі.

E) Банк жүйесі.

9. Жеке тұлға дегеніміз:

A) азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар.

B) азаматтар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары.

C) азаматтар, мемлекет, азаматтығы жоқ тұлғалар.

D) азаматтар, шетел азаматтары

E) Дұрыс жауабы жоқ.

10. Заң бойынша зейнетақыға шығу жасы қандай?

A) ерлер-63жас, әйелдер-58жас.

B) заңда қаралмаған.

C) жұмыс беруші орнатады.

D) ерлер-70жас, әйелдер-60жас.

E) 60 ер адам, әйелдер 55жас.

11. Заңды тұлғалар мыналарға бөлінеді:

A) Коммерциялық және мемлекеттік ұйымдар

B) Коммерциялық ұйымдар және оның бірлестіктері

C) Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар

г) Коммерциялық ұйымдар

д) Коммерциялық емес ұйымдар

12. Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің негізін қандай құқық саласы құрайды?

A) қаржылық құқық;

B) конституциялық құқық;

C) мемлекет және құқық теориясы;

D) азаматтық құқық;

E) әкімшілік құқық.

13. Құқықтың қайнар көздерінің ішінде қайсысының ең жоғары заңдық күші болады және Қазақстан Республикасының аумағында тікелей қолданылады:

A) Қазақстан Республикасы Конституциясы;

B) Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған барлық конституциялары;

C) халықаралық шарттар;

D) Конституциялық заңдар;

E) Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заңды күші бар жарлықтары.

14. «Конституция» (constitutio) латын тілінен аударғанда қандай мағына береді:

A) жарлық;

B) енгізгі заң;

C) мекеме, бекітілім;

D) ата заң;

E) заң, қаулы.

15. Кінәнаың түрлеріне жатпайтын белгі қайсы?