
- •2 Вопрос
- •3 Вопрос
- •4 Вопрос
- •7 Вопрос
- •17 Вопрос
- •1. Жалпы ережелер мен ұғымдар
- •2. Жқп мбмж құру тәртiбi
- •22 Вопрос
- •2. Озон қабатының жұқаруы.
- •4.Азық-түлік проблемасы.
- •3. Ноосфера туралы пікірлер.
- •1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
- •3. Энергетикалық дағдарыс.
- •36 ВопросБазель конвенциясы
Қалыптасқан әлемдік азық-түлік мәселесін шешудің бір жолы – “жасыл революцияны” қалыптастыру. Бұл идея алғаш ХХ ғасырдың 60-шы жылдары пайда болған. Оның мәні - тропик және субтропик жағдайларында дәстүрлі бидай өнімдеріне қарағанда, мол өнім бере алатын жаңа “ергежей” бидай сорттарын іс –жүзінде сапалы түрде енгізіп, кең масштабта пайдалану.
4.Азық-түлік проблемасы.
Азық - түлік проблемасы — Жер бетінде ертеден келе жатқан халықты азық – түлікпен қалай қамтамасыз ету керек? Ежелгі даналық сөзде: "Адам өмір сүру үшін тамақтанады, тамақтану үшін өмір сүрмейді" деген. Оның қалыпты тіршілігі мен іс - әрекетке қажет тағам мөлшері жынысқа, жасқа, салмаққа, бойға, еңбектің сипаты мен жағдайларына, территорияның климат ерекшеліктерге байланысты. Ғалымдар тұтынылатын тағамның калориялық нормасы тәулікше 2300—2600 ккал және 70—100 г белоктан кем болмауға тиіс деп санайды. Алайда қазіргі кезде БҰҰ-ның деректері бойьшша адамзаттың 2/3-сі үнемі азық – түлік жетпейтін елдерде тұрады. Сондықтан азық - түлік проблемасын ғаламдық проблема деп есептеу керек. Оны шешу үшін адамзат өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының және балық аулаудың мүмкіндіктерін толығырақ пайдалануы тиіс. Мұнда ол екі жолмен жүре а лады.
Экстенсивті жол — ең алдымен егістік, жайылымдық жерлер мен барлық кәсіпшілік аумақтарын одан әрі ұлғайту.
Мысалы, біздің планетамыздағы ауыл шаруашылығына жарамды өнделген жер көлемі 3,2—3,4 млрд. га болып отыр да, әзірге оның тек жартысынан азы пайдаланылуда. Мұндай жерлердің негізі қорлары Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай, Латын Америкасында және Австралияда жатыр.
Бірақ бүкіл құнарлы және қолайлы орналасқан жерлер іс жүзінде осыған дейін игеріп қойылғандықтан, бұл жол өте көп шығын жұмсауды қажет етеді.
Интенсивті жол — ең алдымен жарамды жердің биологиялық өнімділігін арттыру. Ол үшін биотехнологияның, түсімі жоғары жаңа сорттар мен топырақты өндеудің жаңа әдістердің пайдаланудың, механикаландыруды, химияландыруды, сонымен бірге тарихы Месопотамиядан, Ежелгі Египеттен және Үндістаннан бастап бірнеше мың жылға баратын мелиорациялауды дамытудың шешуші маңызы бар.
Мысалы, XX ғасырда ғана суармалы жерлердің көлемі 40 млн. гектардан 300 млн. гектарга дейін ұлғаюы тиіс. Бүгінде бұл жерлер өңделмелі жерлердің 1/5 бөлігін алып жатыр, бірақ ол ауыл шаруашылығы өнімдердің 2/5 бөлігін береді. Суармалы егіншілік 135 елде қолданылады, оның үстіне, барлық суармалы жердің жартысынан астамы Азияда.
Жер жүзі халқын азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін XX ғасырдың соңғы ширегінде ауылшаруашылық өңдірістің көлемі 2 есе, ал XXI ғасырдың ортасына қарай — 5 есе ұлғайту қажетті ғалымдар есептеп шығарған.
Қазіргі заманда жер шарындағы халық санының артуы заңды құбылыс. Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез кебеюіне қолайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі біркелкі емес. Ол сол елден әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ең маңызды фактор — қоршаған ортаньң сапасы. Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс - салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде. Әсіресе әлеуметтіқ - экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарыньң кептеген аймақтарында экологиялық дағдарыс тұғызуда. Әлемдік экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп, барлық табиғи орталарың қамти түсуде.
Қоршаған ортаға қауіпті заттарға: улы заттар, ауыр металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бұл заттар Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шектеулі арнайы мөлшерден асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте қауіпті түрі — бензапирен. Бұл заттармен ластану, әсіресе Алматы, Атырау, Теміртау, Жезказған, Тараз, Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Бұл заттар адам организіміне ауаның құрамы, су және азық – түлік арқылы түседі.
Мұндай улы заттар көбіне тыныс мүшелерінің — өкпе мен қолқаның қызметін бұзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек, онда ауаның құрамындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі. Сондықтан олар Арал, Атырау, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтарында тұрғындардың өкпе - тьныс жолдарының қабынуы, өкпенің іс әрекеттері, ентікпе ауруларына шалдығатындығы басым дәрежеде болады.
Қоршаған орта өндірістік шығарындылар мен автокөлік түтіндерімен ластанғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зиян шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организіміне нитрат түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, қауын, картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ т.б.) нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде кейде зиянды заттардың мөлшері 2—3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда санитарлық зертханаларда тексеріледі. Экологиялық таза өлшемдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі. Соңғы жылдары азық-түлік құрамында химиялық бояғыш заттардың мөлшері көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың мөлшері мен құрамына қатаң бақылау жасалып отыруы керек.
31 вопросНоосфера
Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.[2]
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".
1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.
Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.
Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.[3]