Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рубежка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
289.93 Кб
Скачать

1вопрос-Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек етеді: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.

Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.

Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.

Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.

Табиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.

Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.

Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. Өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.

Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.

Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.

Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.

2 Вопрос

Атмосфера[1] — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.

  Негізгі мәтін: Тропосфера    Жер бетінен экватор тұсында шамамен 18 км, полюстерде 6 км, ал орта ендіктерде 10— 12 км биіктікке дейін созылатын атмосфераның төменгі қабаты. Ол атмосферадағы барлық су буларын қамтып, өте-мөте мөлдір боп келеді де, жерден шыққан жылудың едәуірін өзіне сіңіреді. Бұл жағдай осы қабаттағы су булары мен бұлттардың болуына байланысты. Сондыңтан тропосфера көбінесе жер беті арқылы қызады. Оған температураның жоғарыдан төмен қарай тез ысуы (шамамен әрбір километр биіктікке +5°) дәлел. Температураның мұндай өзгеруі ауаның вертикалды бағытта араласуына, су буларының қанығуына, бұлттардың түзілуіне, жауын-шашынның жаууына және басқа да ауа райымен байланысты құбылыстарға әкеп соғады да, климат пен ландшафтының вертикальды зоналарын құрайды.[4]

  Негізгі мәтін: Стратосфера     тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді.

  Негізгі мәтін: Мезосфера    Мезосфера (грек. mesos — ортаңғы және sphaіra — шар) — атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында.

Ионосфера. Ионосферадағы иондалу Күннен келетін ультракүлгін радиация әсерінен жүреді. Ионосферада ғарыштың бөлшектердің ауа бөлшектеріне соқтығысуынан айрықша жарқырау пайда болады. Жоғары ендіктерде байқалатын бұл электрлік құбылыстар полярлық шұғыла деп аталады. Экзосферада ете жоғары жылдамдықпен қозғалатын жеңіл газдардың бөлшектері ғарыш кеңістіғіне шашырап кетеді. Соңғы кезге дейін экзосфера, сонымен бірге жалпы Жер атмосферасы 2000—3000 км биіктіктен соң таусылады деген үғым бар болатын. Қазіргі заманғы ғарыштық зерттеулер бойынша экзосферадан шашыраған сутектің Жердің айналасында шамамен 20 000 км биіктікке дейін созылатын жер тәжі деп аталатын түзілісті құрайтыны анықталып отыр. Қазіргі кезде ғарыштық техниканың көмегімен атмосфера қабаттары қарқынды түрде зерттеліп жатқанымен, оның жоғары қабаттарының адамзатқа түсініксіз құпиялары әлі де болса жетерлік.

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. [1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді; 2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).[2]Литосфера

  • Литосфера [1]жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады[2]

  • Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.[

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]