
- •Жылы бөлшектелген гуттаперчамен обтурациялау
- •Қыздырылған гуттаперчаны бүйірлеп және тік нығыздау
- •Гуттаперчаны термомеханикалық тығыздау
- •Ультрадыбыстық жұмсартылған гуттаперчаны қолдану
- •Гуттаперчаны термопластикалық иньекциямен обтурациялау
- •Ультрафил жүйесі
- •Екіфазалы гуттаперчамен түбір өзегін обтурациялау
- •Thermafil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау
- •SuccessFil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау
- •Дентин үгінділерінің көмегімен өзектің апикалды бөлігін толтыру (дентинопластика)
- •Гуттаперчаны қолданып обтурацияланған өзектерді қайтадан пломбылау
- •Балаларда эндодонтиялық техниканың ерекшеліктері Уақытша тістердің эндодонтиясы
SuccessFil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау
Әдіс принципі Thermafil жүйесіндегідей. Ерекшелігі – қыздырылған жұмсарған α-фазалы гуттаперча өзекке енгізбес бұрын ғана арнайы шприцтің көмегімен өзектасымалдаушыға енгізіледі.
Дентин үгінділерінің көмегімен өзектің апикалды бөлігін толтыру (дентинопластика)
Бұл әдіс остеогенез бен цементогенез стимуляциясын қамтамасыз етеді. Жүргізу техникасы: өзекті өңдеуді аяқтағаннан кейін ішінде Gates-Glidden типті борлар мен H-файл көмегімен қосымша қимылдар жүргізеді, бұл кезде дентин үгінділері алынбайды да, олар болса өзек ұшына қарай өткір емес эндодонтиялық аспаппен немесе қағаз штифтпен итеріледі.
Гуттаперчаны қолданып обтурацияланған өзектерді қайтадан пломбылау
Қайтадан пломбылау әдістері:
Механикалық – эндодонтиялық аспаптарды қолдану.
Физикалық – гуттаперчаны жұмсарту және оны ары қарай жұмсарту.
Химиялық – гуттаперча ерітінділерін қолдану (галотан, эвкалиптол, ксилен, хлороформ): алдын-ала босатылған өзек сағасына шприц көмегімен енгізу. Гуттаперчаны сәйкесінше К-файлдармен алады, ал қабырға жанындағы бөлігін – натрий гипохлориті ерітіндісімен тығыздағаннан кейін Н-файлдармен алады. Штифті ұшынан шығарғаннан кейін жұмсаруға 3-4 мм жетпей тоқтату керек, ал шығарылған бөлікті айналған Н-файлмен алып тастау керек.
Балаларда эндодонтиялық техниканың ерекшеліктері Уақытша тістердің эндодонтиясы
Уақытша тістердегі түбір өзектерін эндодонтиялық өңдеу тұрақты тістерге қарағанда сирек жасалады. Эндодонтиялық емдеудің барлық кезеңдерінде уақытша тістердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Клиникалық диагностика кезеңінде уақытша тістердегі ұлпа қабынуы мен периодонт қабынуының ағымының ерекшеліктері және салыстырмалы диагностикасы, әлі қалыптаспаған және сорылған түбірлердегі электроодонтометрияның қалыптыдан жоғары көрсеткіштері, стандартты сыналар мен әдістерге баланың адекватты емес жауаптары ескерілуі керек. Әсіресе емдеу тактикасының оптималды таңдауына көп көңіл бөлу керек. Жансыздандыруды баланың жасын ескеріп, оған керек барлық жағдайларды жасау керек. Тіс қуысын ашқан кезде уақытша тістердегі кішкене қалыңдықтағы және тығыздықтағы қатты тіндері кезіндегі оның салыстырмалы мөлшерін, сонымен қатар тұрақты тістермен салыстырғандағы ұлпа қуысының топографо-анатомиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Уақытша тістердегі түбір өзектерінің анатомиясының үлкен вариабелділігін есте сақтау қажет. Тістің жұмысшы ұзындығын анықтаған кезде уақытша тістің өзегінің аспаптық өңдеуін рентгенологиялық ұшынан 1-2 мм шықпау керек. Уақытша тістердің түбірі мен сауыттарының орташа ұзындығы 2-кестеде көрсетілген.
Уақытша тістерде түбірлерді аспаптық өңдеуді түбір қабырғалары жіңішке, дентин минерализациясы деңгейі төмен және ұшының тесігі үлкен болғандықтан абайлап жүргізу керек. Түбірді ирригациялау қысымсыз ерітіндінің апикалды тесіктен шығып кету мүмкіндігіне байланысты жүзеге асырады. Түбірді шаюға арналған ерітінді ретінде натрий хлоридінің, натрий гипохлоритінің стерилді изотоникалық ерітіндісін қолдануға болады.
Уақытша тістерді емдеу үшін қолданылатын обтурациялайтын материалдардың тұрақты тістерді емдейтін материалдардан айырмашылығы – тұрақты тістің ұрығына улы емес болуы және түбірмен бірге сорылуы. Әдетте цинк эвгенолды қойыртпағы, йодоформ қойыртпағы, кальций гидроксиді негізіндегі заттарды қолданады.
Цинк және эвгенол негізіндегі материалдардың кемшіліктері – периапикалды тіндерді тітіркендіру арқылы өзектен шығып кетуі. Кейде қойыртпақтың қалдықтарын ұзақ уақыт альвеолярлы сүйекте сүт тістердің түбірінің сорылуынан кейін де болуы мүмкін.
Йодоформ қойыртпағының (KRI- қойыртпағы, Pharmachemie, Швейцария) құрамында йодоформ, камфора, парахлорфенол, ментол бар(B.C.W. et al., 1971; Rifkin A.., 1982). Тез резорбцияланады (кейде өзек ішінде), салыстырмалы түрде улы емес. Maisto қойыртпағы жоғары аталғандардан басқа құрамында мырыш тотығы, тимол және ланолин бар.
Кальций гидроксиді негізіндегі қойыртпақтар уақытша тістерде таза күйінде қолданбайды, бірақ йодоформ қолданады
2-кесте. Уақытша тістердің түбірі мен сауыттарының орташа ұзындығы (Berkovitz B.K.B. et al., 1992)
Жақ |
Тіс |
Сауыт биіктігі, мм |
Түбір ұзындығы, мм |
Сауыт ұзындығының түбір ұзындығына қатынасы |
Жоғарғы |
I |
6.0 |
10.0 |
1:1,7 |
II |
5.6 |
10.2 |
1:1,8 |
|
III |
6.5 |
13.0 |
1:2 |
|
IV |
5.1 |
10.0 |
1:2 |
|
V |
5.7 |
11.7 |
1:2 |
|
Төменгі |
I |
5.0 |
9.0 |
1:1,8 |
II |
5.2 |
9.8 |
1:1,9 |
|
III |
6.0 |
11.2 |
1:1,9 |
|
IV |
6.0 |
9.8 |
1:1,6 |
|
V |
5.5 |
12.5 |
1:2,3 |