Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс Медицинское и фармацевтическое товаровед...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
496.64 Кб
Скачать
  1. Негізгі элементтің химиялық құрамы бойынша барлық металл материалдар қалай бөлінеді:

а) қара, түсті

б) біртекті

в) түсті, түсті емес

г) біріктірілген, гомогенді

д) синтезделген

  1. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдау қандай көрсеткіш бойынша жүргізіледі:

а) өзгергіштігі

б) кезеңділігі

в)маусымдығы

г) жаңару дәрежесі

д) толықтығы

  1. Бір-бірінен типтері, мөлшері, дозасы және басқа да белгілері бойынша ерекшеленетін белгілі бір тауарлар тобының құрамы және қатынасы – бұл:

а) ассортимент+

б) жіктеу

в) номенклатура

г) ассортименттік топ

д) тауар-микс

  1. Рационалды ассортиментті құруға бағытталған қызмет – бұл:

а) ассортиментті үйлестіру

б) ассортиментті құру

в) тауарларды топтау

г) ассортиментті қалыптастыру

д) ассортиментті басқару +

  1. Нақты қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын және ұйым жетекшілігі алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін тауарлар жиынтығын құру бойынша қызмет – бұл:

а) ассортиментті үйлестіру

б) ассортиментті құру

в) ассортименттік саясат

г) ассортиментті қалыптастыру+

д) ассортиментті басқару

  1. Ұйым жетекшілігі анықтайтын ассортиментті қалыптастырудың негізгі бағыттары, мақсаты және міндеттері – бұл:

а) ассортиментті үйлестіру

б) ассортиментті құру

в) ассортименттік саясат+

г) ассортиментті қалыптастыру

д) ассортиментті басқару

  1. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдауды қандай көрсеткіштер бойынша жүргізілмейді:

а) кеңдігі

б) толықтығы

в) тереңдігі

г) құрылымы

д) маусымдық өзгерісі+

  1. Номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрлерде берілген тауарлардың бөлшек немесе көтерме сауда желілеріндегі бар тауарлардың ассортименттік тобының (топшаларының, түрлерінің) саны – бұл:

а) ассортименттің кеңдігі+

б) ассортименттің тереңдігі

в) ассортименттің тұрақтылығы

г) ассортименттің толықтығы

д) ассортименттің құрылымы

  1. Номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрлерде берілген бөлшек немесе көтерме сауда желісіндегі бар бір ассортименттік топтағы тауарлар бірлігінің саны – бұл:

а) ассортименттің кеңдігі

б) ассортименттің тереңдігі

в) ассортименттің тұрақтылығы

г) ассортименттің толықтығы+

д) ассортименттің құрылымы

  1. Номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрлерде берілген бөлшек немесе көтерме сауда желісіндегі бір ассортименттік топтағы немесе бір тауар бірлігіндегі тауарлар вариантының саны – бұл:

а) ассортименттің кеңдігі

б) ассортименттің тереңдігі+

в) ассортименттің тұрақтылығы

г) ассортименттің толықтығы

д) ассортименттің құрылымы

  1. Өнімді зақымдану мен жоғалудан, қоршаған ортадан, ластанудан қорғауды, сонымен бірге айналым процесін қамтамасыз ететін зат немесе заттар жиынтығы – бұл:

а) тасымалдау тарасы

б) топтық тарасы

в) бума+

г) тара

д) қаттау

  1. Төменде көрсетілгендердің ішінен қайсысы буманың негізгі компоненттеріне жатпайды:

а) тара;

б) тығындау заттары;

в) көмекші заттар;

г) ақпаратты материалдар

д) толықтырушы заттар+

  1. Тараны, тығындау заттарын дайындау үшін, орауға, өнімді тасымалдау кезінде зақымдалудан қорғау үшін тығыздап салуға және амортизациясына арналған материалдар – бұл:

а) көмекші материалдар

б) толықтырушы материалдар

в) орау материалдары +

г) тығындау материалдары

д) негізгі материалдар

  1. Тауардың әлеуметтік қасиеттері тауардың келесілерге сәйкес келуін сипаттайды:

а) мемлекеттік стандартқа

б) көтерме фирмалардың қажеттілігіне

в) қоғамның қажеттілігіне +

г) жеке тұтынушылардың қажеттілігіне

д) ҚР ДСМ нормативті құжаттарына

  1. Тауардың функционалдық қасиеттері нені сипаттайды:

а) тауардың негізгі қолданылуын+

б) бастапқы материалын

в) сынау әдістерін

г) жою әдістерін

д) эксплуатация әдістерін

  1. Тауардың берілген режимдер мен қолдану жағдайларында берілген функцияларды орындау қабілеті - бұл:

а) бұзылыссыз жұмыс істеуі

б) ұзаққа жарауы

в) сақталуы

г) сенімділігі+

д) тозуы

  1. Тауардың ұзаққа жарамдылығы бұл тауардың келесіге қабілетінің болуы ....:

а) берілген режимдер мен жағдайларда берілген функцияны орындау

б) сыртқы орта факторларына қарсы тұру

в) шекті жағдай түскенге дейін өзінің жұмысқа қабілетін сақтауы +

г) сақтау және тасымалдаудан кейін функцияларын орындауы

д) жөндеуден кейін функцияларын орныдауы

  1. Сыртқы факторлардың әсерінен бұйымның сапалық көрсеткіштерінің нәтижелерінің қорытынды өзгеруі – бұл:

а) жұмыс істемей қалу

б) жұмыс істеу қабілетін жоғалту

в) тозуы+

г) ақауы

д) конструкциялық қателік

  1. Тауардың эргономикалық қасиеттері сипаттайды:

а) сақтау жағдайын

б) эксплуатациялау ыңғайлылығын+

в) тасымалдау шарттарын

г) бұйымның бұзылмай жұмыс істеуін

д) эксплуатация жайлылығын

  1. Рұқсат етілген нормалармен шектелген қауіп-қатердің төмен болуымен негізделетін тауардың ерекшелігі – бұл:

а) тозуы

б) қауіпсіздігі+

в) ыңғайлылығы

г) жайлылығы

д) тиімділігі

  1. Тауарды өндіру, айналысы және тұтыну сферасын реттеу, сонымен бірге оның қауіпсіздігін, үнемділігін және бәсекелестік мүмкіндігін жоғарылату мақсатында ерікті және көп реттік қолдану үшін ережелер мен сипаттамаларын белгілеу бойынша қызмет – бұл:

а) лицензиялау

б) стандарттау+

в) сертификаттау

г) классификациялау

д) топтау

  1. Жіктеудің қандай әдістері бар:

а) жалпы, арнайы

б) тізбектік

в) кешендік, жеке

г) фасеттік, иерархиялық+

д) құрылымдық

  1. Бөлінетін бастапқы объектілерді ұқсас белгілері бойынша рет-ретімен жіктеу топтарына бөлу жіктеудің қай әдісі болып табылады:

а) иерархиялық+

б) тізбектік

в) кешендік

г) фасеттік

д) құрылымдық

  1. Көптеген объектілерді бір белгісі бойынша жеке, бір-біріне тәуелсіз топтарға параллельді бөлу жіктеудің қай әдісіне жатады:

а) иерархиялық

б) тізбектік

в) кешендік

г) фасеттік+

д) құрылымдық

  1. Объектілердің жіктеу жүргізілетін қасиеттері мен сипаттамалары – бұл:

а) жіктеу түрлері

б) жіктеу әдістері

в) жіктеу белгілері+

г) жіктеу сатылары

д) жіктеу тереңдігі

  1. Нәтижесінде жіктеу топтарының жиынтығы алынатын иенрархиялық әдістегі жіктеу этапы – бұл:

а) жіктеу түрлері

б) жіктеу әдістері

в) жіктеу белгілері

г) жіктеу сатылары+

д) жіктеу тереңдігі

  1. Жіктеу тереңдігі анықталады...:

а) жіктеу әдістерінің түрлерімен

б) жіктеу әдістері және түрлерінің санымен

в) жіктеу белгілерінің және сатыларының санымен+

г) жіктеу қасиеттерінің санымен

д) жіктеу объектілерінің санымен

  1. Операцияларға және өнім атауларына шартты белгілерді беру – бұл:

а) жіктеу

б) таңбалау

в) кодтау+

г) анықтау

д) белгілеу

  1. Жіктеу объектісін немесе жіктеу топтарын белгілеу үшін қолданылатын белгі немесе белгілер жиынтығы – бұл:

а) белгі

б) таңба

в) шифр

г) код+

д) тауарлық белгі

  1. Белгі ретінде штрихтар және бос жерлер (пробел) алынатын және кеңдігі сканерде сандар түрінде оқылатын код алфавиті:

а) кодтық алфавит

б) кодтың сандық алфавиті

в) кодтың әріптік алфавиті

г) әріптік-сандық код алфавиті

д) штрихті алфавит коды +

  1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды кодтау кезінде қандай жүйелер қоданылмайды:

а) сандық

б) әріптік

в) сандық-әріптік

г) штрихты

д) таңбалық+

  1. Штрих-кодтарды тауарларға енгізу орны:

а) буманың үстіңгі бетіне, ортасына

б) буманың екі бүйіріне жиегінен 15 мм қашықтықта

в) буманың артқы жағының сол жақ бұрышына жиегінен 10 мм қашықтықта

г) буманың артқы жағының оң жақ төменгі бұрышына жиегінен 20 мм қашықтықта+

д) бумаға емес, тек этикеткаға

  1. Штрих кодтың максимальды рұқсат етілген мөлшері қандай:

а) 50 х 60 мм

б) 45 х 74 мм

в) 52,5 х 65 мм

г) 52,5 х 74,6 мм+

д) 210, х 30,0

  1. Штрих кодтың минимальды рұқсат етілген мөлшері қандай:

а) 52,5х74,6 мм

б) 21,0х30,0 мм+

в) 50 х 60 мм

г) 45 х 74 мм

д) 20 х 49 мм

  1. Дәрілік заттардың бумасына енгізілетін қалыпты кодтардың мөлшері қандай:

а) биіктігі 10 мм, ұзындығы 36 мм+

б) биіктігі 15 мм, ұзындығы 36 м

в) 8 мм х 34 мм

г) 10 мм х 46 мм

д) 5 мм х 36 мм

  1. Дәрілік заттардың бумасына енгізілетін үлкен мөлшердегі кодтардың мөлшері қандай:

а) биіктігі 10 мм, ұзындығы 49 мм

б) биіктігі 20 мм, ұзындығы 59 мм

в) биіктігі 20 мм, ұзындығы 49 мм+

г) биіктігі 15 мм, ұзындығы 50 мм

д) биіктігі 25 мм, ұзындығы 45 мм

  1. Дәрілік заттардың бумасына енгізілетін кішкентай мөлшердегі кодтардың мөлшері қандай:

а) биіктігі 7 мм, ұзындығы 37 мм

б) биіктігі 17 мм, ұзындығы 27 мм

в) биіктігі 7 мм, ұзындығы 27 мм+

г) биіктігі 10 мм, ұзындығы 50 мм

д) биіктігі 2 мм, ұзындығы 27 мм

  1. Ұқсас функцияларды орындауларына байланысты бір-бірімен тығыз байланысты тауарлардың жиынтығы – бұл:

а) ассортименттік бірлік

б) ассортименттік топ+

в) ассортименттік қатар

г) тауар варианты

д) ассортименттік топша

  1. Бір белгімен біріктірілген тауарлар жиынтығы, ассортименттік топтың ең ұсақ бөлімшесі – бұл:

а) ассортименттік бірлік

б) тауар варианты

в) ассортименттік қатар

г) ассортименттік топша+

д) тауар түрі

  1. Белгілі бір түрдегі, химиялық құрамдағы немесе басқа бір сапалық көрсеткіштерімен сипатталатын тауарлық ассортимент немесе сауда маркасы шегіндегі жеке бұйым – бұл:

а) тауарлық бірлік+

б) ассортименттік қатар

в) тауар түрі

г) тауарлық вариант

д) ассортименттік бірлік

  1. Белгілі бір мөлшердегі, көлемдегі, массадағы, дәрілік қалып түріндегі, бумадағы тауар бірлігі – бұл:

а) ассортименттік позиция

б) ассортименттік қатар

в) ассортименттік топша

г) тауар бірлігінің варианты+

д) ассортименттік бірлік

  1. Жаңашыл көрсеткішінің көбеюімен сипатталатын тауарлардың сапалық және сандық өзгерісі – бұл:

а) тауарларды кеңейту

б) ассортименттік тұрақтандыру

в) ассортиментті жаңарту+

г) ассортиментті кеңейту

д) ассортиментті қысқарту

  1. Жаңару дәрежесінің төмендігімен және жоғары тұрақтылығымен сипатталатын тауарлар жиынтығының жай-күйі – бұл:

а) тауарларды кеңейту

б) ассортиментті тұрақтандыру+

в) ассортименттік жаңарту

г) ассортиментті кеңейту

д) ассортиментті қысқарту

  1. Тауарлардың кеңдігі мен толықтығын азайту есебінен тауарлар жиынтығының сандық және сапалық өзгеруі – бұл:

а) тауарларды кеңейту

б) ассортименттік тұрақтандыру

в) ассортименттік жаңарту

г) ассортиментті кеңейту

д) ассортиментті қысқарту+

  1. Тауарлардың кеңдігін, толықтығын және жаңашылдығын ұлғайту есебінен тауарлар жиынтығындағы сапалық және сандық өзгерістер – бұл:

а) тауарларды кеңейту

б) ассортименттік тұрақтандыру

в) ассортименттік жаңарту

г) ассортиментті кеңейту+

д) ассортиментті қысқарту

  1. Әртүрлі тұтынушылар топтарының нақты негізделген сұрауларын тауарлар жиынтығының барынша толық қанағаттандыра алу қабілеті – бұл:

а) ассортименттің тұрақтылығы

б) ассортименттің кеңдігі

в) ассортименттің үйлесімділігі

г) ассортименттің рационалдылығы+

д) ассортименттің өзгеріп тұруы

  1. Тиімді тауарқозғалысын, сатуды және қолдануды қамтамасыз ету бойынша олардың өзара жақындық дәрежесін сипаттайтын әртүрлі топтағы тауарлар жиынтығының қасиеті – бұл:

а) ассортименттің тұрақтылығы

б) ассортименттің кеңдігі

в) ассортименттің үйлесімділігі+

г) ассортименттің рационалдылығы

д) ассортименттің өзгеріп тұруы

  1. Ассортимент құрылымы деген нені білдіреді:

а) сату көлеміндегі немесе табыс көлеміндегі тауардың үлесін+

б) ассортименттің тұрақтылығын

в) ассортимент топтарының санын

г) тауар бірліктерінің көлемін

д) ассортименттің үйлесімділігін

  1. Ассортименттің кеңдігін қалай есептейміз:

а) Кт=(Тб х100) / Тн,

б) Ктер=(Тн х100) / Тб,

в) Кк =(Кн х 100) / Кб+

г) Қ с = (а х 100) / б,

д) Қт = (в х 100) / г

  1. Ассортимент толықтығы қандай формуламен анықталады:

а) Кт=(Тн х100) / Тб,+

б) Ктер=(Тн х100) / Тб,

в) Кк =(Кн х 100) / Кб

г) Қ с = (а х 100) / б,

д) Қт = (в х 100) / г

  1. Ассортимент тереңдігін қалай анықтаймыз:

а) Кт=(Тн х100) / Тб,

б) Ктер=(Тн х100) / Тб,+

в) Кк =(Кн х 100) / Кб

г) Қ с = (а х 100) / б,

д) Қт = (в х 100) / г

  1. Ассортименттің тұрақтылығын қай формуламен есептейміз:

а) Кт=(Тн х100) / Тб,

б) Ктер=(Тн х100) / Тб,

в) Кк =(Кн х 100) / Кб

г) Қ с = (а х 100) / б,

д) Ктұр = (Т х 100) / Ш+

  1. Ассортиментті жаңарту дәрежесі қалай анықталады:

а) Кт=(Тн х100) / Тб,

б) Кж = (Ж х 100) / Ш,+

в) Кк =(Кн х 100) / Кб

г) Қ с = (а х 100) / б,

д) Ку = (Т х 100) / Ш

  1. Бөлшек дәріхана ұйымының профилін анықтайтын тауарлар түрінің рұқсат етілетін минимальды мөлшері – бұл:

а) үйлесімді ассортимент

б) рационалды ассортимент

в) ассортименттік минимум+

г) ассортименттік тізім

д) ассортименттік құрылым

  1. Айырбас арқылы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі – бұл:

а) менеджмент

б) басқару

в) жетекшілік

г) маркетинг+

д) бақылау

  1. Маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешу және идентификация тиімділігін жоғарылату үшін ақпаратты жүйелі және объективті түрде табу, жинау, талдау, тарату және пайдалану – бұл:

а) ақпараттық зерттеулер

б) ортаны талдау

в) маркетингтік зерттеулер+

г) ішкі зерттеулер

д) кешендік зерттеулер

  1. Зерттелетін объект немесе ұйым әсерін тигізе алмайтын, бірақ оның әсері микроортаға толығымен тиетін басты сыртқы факторлар:

а) ұйымның ішкі ортасы

б) сыртқы қоршаған орта+

в) жанама әсер ету ортасы

г) макроорта

д) бәсекелестер ортасы

  1. Маркетингтік зерттеулерді қандай әдістермен жүргізуге болады:

а) аналитикалық

б) сараптамалық

в) біріншілік, қайталамалық

г) далалық, кабинеттік+

д) кешендік

  1. Арнайы ресми басылымдардан, анықтамалардан, статистикалық жинақтардан және басқа да екіншілік мәлімет көздерінен алынған мәліметтерге талдау жүргізу маркетингтік әдістің қай түріне жатады:

а) аналитикалық

б) сараптамалық

в) кабинеттік

г) далалық

д) кешендік

  1. Белгілі бір мерзімде тікелей жинау орындарында алынған нақты біріншілік мәліметтерге сүйене отырып талдау жүргізу маркетингтік зерттеудің қай түріне жатады:.

а) аналитикалық

б) сараптамалық

в) кабинеттік

г) далалық

д) кешендік

  1. Сақтау бөлмелеріндегі ауа ылғалдылығын және температурасын тексеру жиілігі қандай:

а) күніне 2 рет

б) ауысым сайын

в) аптасына 1 рет

г) тәулігіне 1 реттен кем емес

д) аптасына 1 реттен кем емес

  1. Қалың қабатты бұйымдарды, мысалы, жылытқыштарды, қалпына келтіру үшін қандай әдістер қолданылады:

а) ауа температурасы 25° болатын бөлмеде 30 сағат ұстайды

б) 5% мүсәтір спиртінің жылы ерітіндісіне (40°С) 15 минутқа салады

в) қайнап жатқан вазелин майына 15-20 минутқа салады

г) бұйымдарды суытады

д) ыстық суда қайнатады

  1. Дәрілік заттарды өндіру үшін қолданылатын табиғи және жасанды заттар мен материалдардың жиынтығы – бұл:

а) қосымша заттар

б) дәрілік зат

в) көмекші заттар

г) дәрілік құрал

д) дәрілік шикізат+

  1. Аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын табиғи немесе синтетикалық дәрілік заттар немесе заттардың қоспасы – бұл:

а) қосымша заттар

б) дәрілік зат

в) көмекші заттар

г) дәрілік құрал+

д) дәрілік шикізат

  1. Бір химиялық қосылыстан немесе бір химиялық элементтен тұратын емдік мақсатта қолданылатын зат:

а) қосымша заттар

б) дәрілік зат+

в) көмекші заттар

г) дәрілік құрал

д) дәрілік шикізат

  1. Дәрілік заттың әсерін күшейтетін немесе әлсірететін немесе ешқандай фармакологиялық әсері жоқ, бірақ қажетті дәрілік қалып формасын алуға мүмкіндік беретін, дәрілік препарат құрамына кіретін ингредиент:

а) қосымша заттар

б) дәрілік зат

в) көмекші заттар+

г) дәрілік құрал

д) дәрілік шикізат

  1. Өндірісіне және сатуға берілген құқы Қазақстан Республикасының патенттік заңдылығымен қорғалатын дәрілік зат – бұл:

а) тіркелген зат

б) патенттелген дәрілік зат +

в) дәрілік заттардың заңсыз көшірмелері

г) бірегей (оригиналды) дәрілік заттар

д) қайта өндірілген (воспроизведенный) дәрілік заттар

  1. Айналымға Қазақстан Республикасының патенттік заңдылығн бұзу арқылы түскен дәрілік заттар – бұл:

а) тіркелген зат

б) патенттелген дәрілік зат

в) дәрілік заттардың заңсыз көшірмелері +

г) бірегей (оригиналды) дәрілік заттар

д) қайта өндірілген (воспроизведенный) дәрілік заттар

  1. Айналымға тіркелген өзіндік атауымен түскен дәрілік заттар – бұл:

а) тіркелген зат

б) патенттелген дәрілік зат

в) дәрілік заттардың заңсыз көшірмелері

г) бірегей (оригиналды) дәрілік заттар +

д) қайта өндірілген (воспроизведенный) дәрілік заттар

  1. Бірегей дәрілік заттарға патенттік құқының жарамдылық мерзімі бітекеннен кейін айналымға түскен дәрілік заттар:

а) тіркелген зат

б) патенттелген дәрілік зат

в) дәрілік заттардың заңсыз көшірмелері

г) бірегей (оригиналды) дәрілік заттар

д) қайта өндірілген (воспроизведенный) дәрілік заттар+

  1. Қолдануға дайын күйіндегі мөлшерленген дәрілік зат – бұл:

а) дәрілік препарат +

б) дәрілік қалып

в) бренд

г) ампула

д) таблетка

  1. Салыстырмалы зерттеулерде және т.б. қолдануға арналған, дәл өлшенген физикалық, химиялық немесе биологиялық параметрлері бар дәрілік заттар – бұл:

а) стандартты+

б) белсенді

в) пассивті

г) галенді

д) тағамдық

  1. Әсер етуші заттардан басқа құрамында балласты заттары бар, өсімдік немесе жануар шикізаты негізінде дайындалатын дәрілік заттар (тұнбалар, қайнатпалар) – бұл:

а) стандартты

б) белсенді

в) пассивті

г) галенді+

д) тағамдық

  1. Әсер етуші заттары балласты заттардан тазартылған, өсімдік немесе жануар шикізатынан дайындалған дәрілік заттар – бұл:

а) мөлшерленген

б) жаңагаленді+

в) дюрантты (әсері ұзартылған)

г) радиоактивті

д) радиофармацевтикалық

  1. Ағзада қосымша қорытусыз сіңірілетін тағамдық заттары бар дәрілік заттар:

а) стандартты

б) белсенді

в) пассивті

г) галенді

д) тағамдық +

  1. Құрамында сондай дәрілік заттары бар басқа препараттарға қарағанда терапевтикалық әсері ұзақ болатын заттар – бұл:

а) мөлшерленген

б) жаңагаленді

в) дюрантты+

г) радиоактивті

д) радиофармацевтикалық

  1. Құрамында қандай да бір элементтің радиоактивті изотопы болатын зат – бұл:

а) мөлшерленген

б) жаңагаленді

в) дюрантты

г) активті

д) радиофармацевтикалық+

  1. Дәрілік заттардың және дәрілік препараттардың негізгі тұтынушылық қасиетіне нелер жатады:

а) дәрілік қалып, дәрілік түрі

б) бағасы

в) тиімділігі, қауіпсіздігі+

г) әсерінің ұзақтығы

д) шығарылу формасы

  1. Заттың тиімділігін салыстырмалы талдауға және денсаулыққа зиян келтіру қаупін бағалауға негізделген заттың сипаттамасы – бұл:

а) әсерінің ұзақтығы

б) әсерінің жұмсақтығы

в) тиімділігі

г) қауіпсіздігі+

д) дәрілік қалып түрі

  1. Дәрілік заттардың аурудың өтуіне оң әсер көрсету дәрежесінің сипаттамасы – бұл:

а) әсерінің ұзақтығы

б) әсерінің жұмсақтығы

в) тиімділігі+

г) қауіпсіздігі

д) дәрілік қалып түрі

  1. Өнімді салуға және кеңістікте орнын ауыстыруға ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін буманың негізгі элементі - бұл:

а) тығындайтын заттар

б) буып-түю материалдары

в) тара+

г) этикетка

д) көмекші заттар

  1. Қандай бумалар фармацевтикалық өнім материалдарымен тікелей жанасады:

а) біріншілік+

б) топтық

в) көайналымдық

г) тасымалдау

д) ақпарат материалдары

  1. Жеке бумаға буылып-түйілген өнімді бақылауды және есепке алуды қамтамасыз ететін бума – бұл:

а) біріншілік

б) топтық

в) екіншілік+

г) тасымалдау

д) ақпарат материалдары

  1. Сақтау, өнімді жеткізу кезінде оның түгелдігі мен сақталуын қамтамасыз ететін тара – бұл:

а) біріншілік

б) топтық

в) екіншілік

г) тасымалдау+

д) ақпарат материалдары

  1. Тараны, тығындау заттарын дайындауға қолданылатын, тасымалдау кезінде өнімді бүлінуден сақтау үшін орауға, тығыздап салуға және амортизацияға арналған материалдар – бұл:

а) буып-түю материалдары+

б) қосымша заттар

в) қапшықтар

г) контейнерлер

д) көмекші заттар

  1. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәрілік заттарды буып-түю үшін қандай металл материалдар қолданылады:

а) темір

б) болат

в) күміс

г) алюминий фольгасы+

д) шойын

  1. Тараны метилен бояуымен боялған суға жартылай толтырып, тығындап, бүйірімен немесе тығынымен төмен қаратып 5 минут ұстау арқылы тығынның қандай қасиетін анықтайды:

а) дұрыс жабылуын

б) беріктігін

в) тығын жасалған материалдың сапасын

г) герметикалығын+

д) серпімділігін

  1. Тауардың қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі сипатталады:

а) генетикалық қауіпсіздікпен

б) химиялық қауіпсіздікпен

в) экологиялық қауіпсіздікпен+

г) қолдану кезіндегі қауіпсіздікпен

д) тұрмыстық қауіпсіздікпен

  1. Сатуға арналған объектіні жалған жасау арқылы алушыны немесе тұтынушыны қасақана алдауға бағытталған іс-әрекет – бұл:

а) диверсификация

б) тауардың көшірмесін жасау

в) фальсификация+

г) классификацияя

д) алдау

  1. Тауарды ауыстырғышқа немесе басқа түріне немесе басқа атауына бір немесе бірнеше ұқсастық белгілерін сақтай отырып, толық немесе жартылай ауыстыру – бұл:

а) лицензиялық фальсификация

б) топтық фальсификация

в) сандық фальсификация

г) ассортименттік фальсификация+

д) сапалық фальсификация

  1. Тағамдық немесе тағам емес қоспалардың көмегімен органолептикалық қасиеттерін жақсарту арқылы тауарды жалған жасау, тұтыну қасиеттерін сақтау немесе басқа қасиеттерін толық жоғалту, немесе тауардық жоғары градациясын төменімен айырбастау – бұл:

а) лицензиялық фальсификация

б) топтық фальсификация

в) сандық фальсификация

г) ассортименттік фальсификация

д) сапалық фальсификация+

  1. Сатып алушыны немесе тұтынушыны тауардың жоғары сортын төменгі сортымен алмастыру арқылы алдауға бағытталған іс-әрекет фальсификацияның қай түріне жатады:

а) лицензиялық

б) топтық

в) сандық

г) ауыстыру+

д) сапалық

  1. Тұтынушыны тауар парамертлерінің біршама ауытқулары бойынша алдау (массасының, көлемінің, ұзындығының), берілген нормадан тыс ауытқу – бұл:

а) лицензиялық фальсификация

б) топтық фальсификация

в) сандық фальсификация+

г) ассортименттік фальсификация

д) сапалық фальсификация

  1. Сапасы төмен тауарларды жоғары сапалы тауарлар бағасымен сату, немесе көлемі кіші тауарды көлемі үлкен тауардың бағасымен сату арқылы тұтынушыны алдау – бұл:

а) лицензиялық

б) бағалық +

в) сандық

г) ауыстыру

д) сапалық

  1. Тауар туралы бұрмаланған немесе жалған ақпарат тарату арқылы тұтынушыны алдау бұл фальсификацияның қай түрі:

а) лицензиялық

б) жарнамалық;

в) мақсаттық

г) ақпараттық.+

д) жекелік

  1. Бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше жұмысшылармен орындалатын технологиялық процесстің жеке аяқталған бөлігі – бұл:

а) технологиялық процесс

б) технологиялық регламент

в) технологиялық операция+

г) өндіріс стадиясы

д) технологиялық стадия

  1. Антибиотиктер, галенді препараттар, органопрепараттар, дәрілік өсімдік шикізаттары, эфир майлары ненің әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттар тобына жатады:

а) ылғалдың әсерінен

б) құрамындағы кристаллогидраттарын жоғалтудан қорғайтын

в) дезинфекциялық

г) иісі бар

д) жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін+

  1. Қатқаннан кейін физикалық-химиялық қасиеті өзгеретін және бөлме температурасында жылытқан кезде қалпына келмейтін дәрілік заттар физикалық-химиялық қасиеттері бойынша қай топқа жатады:

а) жоғары температураның әсерінен қорғауды талап ететін

б) ұшып кетуден қорғауды талап ететін

в) төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін+

г) кристаллогидраттарға

д) төмен температурада сақтауды талап ететін

  1. Кодтық белгілеу ретінде натуралдық қатардың сандары алынып, реттік нөмірді беру арқылы жүргізілетін кодтаудың әдісі:

а) реттеу

б) жүйелеу

в) тіркеу+

г) жіктеу

д) идентификациялау

  1. Кодтық белгі ретінде сандар, әріптер, штрих белгілері алынатын, тауарларды бөлу негізінде жүзеге асырылатын кодтаудың әдісі:

а) реттеу

б) жүйелеу

в) тіркеу

г) жіктеу+

д) идентификациялау

  1. Жіктеу объектілерінің атаулары мен кодтардың жүйелі жиынтығын белгілі бір тәртіппен қабылдайтын ресми құжат:

а) сертификат

б) лицензия

в) классификатор+

г) штрих-код

д) сәйкестік белгісі

  1. Бөлме температурасында қатты және дене температурасында еритін мөлшерленген дәрілік қалыптарды көрсетіңдер:

а) жағылма

б) пастилка

в) карандаш

г) балауыз+

д) паста

  1. Нақты қойылып отырған және мүмкін болатын мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң ұтымды деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет – бұл:

а) сертификаттау

б) лицензиялау

в) жіктеу

г) идентификациялау

д) стандарттау+

  1. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірнеше елдерінің біріге қабылданған стандарт қалай аталады:

а) халықаралық

б) мемлекетаралық+

в) салааралық

г) аймақаралық

д) ұлттық

  1. Мемлекеттің ұлттық органдары қабылдаған стандарт қалай аталады:

а) халықаралық

б) мемлекетаралық

в) сала аралық

г) аймақ аралық

д) ұлттық+

  1. Қажеттілік пен мұқтаждықты айырбас көмегімен қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі:

а) менеджмент

б) жетекшілік

в) маркетинг+

г) процесс

д) делдалдық

  1. Маркетингтік мәселелерді шешу тиімділігін жоғарылату үшін ақпаратты жүйелі және объективті анықтау, жинау, талдау, бөлу және қолдану – бұл:

а) маркетингті басқару

б) маркетингтік зерттеулер+

в) маркетингтік талдау

г) ортаны талдау

д) маркетингтік ақпарат

  1. Компания өзінің алдына қойған маркетингтік міндеттерін орындау үшін қолданатын маркетингтік іс-шаралардың логикалық схемасы:

а) маркетингті басқару

б) стратегиялық басқару

в) менеджмент

г) маркетинг стратегиясы+

д) жетекші стратегиясы

  1. Басқару шешімдерін қабылдау кезінде ұйым жетекшілікке алатын ережелердің жиынтығы:

а) тактика

б) ұйым міндеттері

в) стратегия+

г) жоспарлау

д) маркетинг

  1. Фармацевтикалық нарықты зерттеу кезінде нарықты сегменттеу географиялық көрсеткіштері, ауру, демографиялық көрсеткіштері, писхологиялық ерекшеліктері бойынша жүргізіледі. Бұл маркетингтік зерттеудің қай функциясына жатады:

а) талдау

б) аналитикалық+

в) сараптау

г) бақылау

г) бөлу

  1. Мұзға арналған қабықты боялған сумен толтырады. Аузын жауып, құрғатып сүрткеннен кейін фильтр қағазына төңкеріп қояды. Фильтр қағазында бояудың ізі қалмауы керек. Бұл әдіспен мұзға арналған қабықтың қай көрсеткішін анықтайды:

а) қабырғасының қалыңдығын

б) герметикалығын+

в) серпімділігін

г) салмағын

д) бұйым жасалған материалдың сапасын

  1. Түтікшелі резеңке бұйымдарға жатады;

а) саусаққаптар

б) мұзға арналған қабық

в) катетер+

г) хирургиялық биялайлар

д) емізік

  1. Спринцовкалар қандай әдіспен дайындалады:

а) шприцтеу

б) қалыптау+

в) созу

г) батыру

д) экструзия

  1. Науқастарды күтуге арналған, санитарлық-гигиеналық және емдік шараларды орындауға арналған резеңкеден жасалған фармацевтикалық тауарлардың тобы:

а) резеңке бұйымдар

б) парафармацевтикалық тауарлар

в) резеңкеден жасалған санитария және гигиена бұйымдары+

г) медициналық заттар

д) фармацевтикалық заттар

  1. Полимерлі материалдарда болатын және сыртқы орта факторларының әсерінен оның құрамының, құрылымының, тұтынушылық қасиеттерінің өзгеруіне әкелетін физикалық және химиялық процестердің жиынтығы:

а) деформация

б) конденсация

в) ескіруі

г) келесі деңгейге өткуі

д) тозуы+

  1. Резеңке бұйымдардың ескіруінің ерте белгілерін жою нәтижесінде тауардың тұтынушылық қасиетін қалпына келтіру процесі:

а) деформация

б) конденсация

в) жаңару

г) регенерация+

д) қалпына келтіру

  1. Тараны немесе дайын өнімді герметизациялау үшін қолданылатын құралдар:

а) тығындау заттары+

б) бумалар

в) буып-түю материалдары

г) көмекші заттар

д) қосымша заттар

  1. Буып-түю материалының көрінетін және ультракүлгін сәулелердің өтуіне кедергі жасау қабілеті:

а) экономикалық қасиеті

б) суды өткізбеуі

в) жарықты өткізбеуі+

г) рационалдылығы

д) ультраөткізбеуі

  1. Буып-түю материалының судың және су буының өтуіне кедергі жасау қабілеті:

а) экономикалық қасиеті

б) суды өткізбеуі+

в) жарықты өткізбеуі

г) рационалдылығы

д) ыңғайлылығы

  1. Буманың ішіндегі препаратты ауа және газдың әсерінен қорғау қабілеті:

а) экономикалық қасиеті

б) суды өткізбеуі

в) жарықты өткізбеуі

г) рационалдылығы

д) герметикалығы+

  1. Ішке қолдануға арналған мөлшерленген ұнтақты, грануланған, паста тәрізді немесе сұйық дәрілік заттарға арналған қабықша:

а) капсула+

б) драже

в) полиэтиленді

г) поливинилхлоридті

д) біріктірілген

  1. Капсулалардың келесідей түрлері болады:

а) біріктірілген

б) пергаментті

в) желатинді+

г) арнайы

д) қағаз

  1. Флакондар мен банкаларды герметизациялау үшін не қолданылады:

а) желатин

б) крахмал

в) шайыр+

г) пластилин

д) гипс

  1. Тұтынушыға арналған ақпаратты жеткзетін және өнімге, құжаттарға, қосымша парақтарға, затбелгілерге, жапсырмаларға, орауышқа түсірілген мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттер:

а) таңбалау+

б) идентификациялау

в) жіктеу

г) жарнама

д) инструкция

  1. Дәрілік заттардың таңбалануында көрсетілмейді:

а) сақтау шарттары

б) жарамдылық мерзімі

в) сататын фирмалардың аты+

г) қолдану тәсілі

д) серия нөмірі және дайындаған күні

  1. Тауардың жеке немесе жиынтық сипаттамаларын идентификациялауға арналған шартты белгілер:

а) таңба

б) штрих-код

в) мәтін

г) ақпараттық белгі+

д) ескерту белгісі

  1. Ассортименттің қысқару себептерінің бірі:

а) сұраныстың тұрақты болуы

б) ұсыныстың жоғарылауы

в) ұсыныстың тұрақтылығы

г) өндіріс кезіндегі табстың төмендігі+

д) шығынның азаюы

  1. Ассортименттің құрылымын анықтау:

а) Кт=(Тн х100) / Тб,

б) Ктер=(Тн х100) / Тб,

в) Кк =(Кн х 100) / Кб

г) С п = (а х 100) / б,+

д) Ку = (Т х 100) / Ш

  1. Маркетингтік зерттеудің «кабинеттік» әдісінде мәліметтер қалай жиналады:

а) тікелей байқау жүргізу арқылы

б) тікелей жинау орындарынан

в) ресми баслым көздерінен+

г) сұрау жүргізу арқылы

д) анкеталау арқылы

  1. Маркетингтік зерттеудің «далалық» әдісінде мәліметтер қалай жиналады:

а) ресми жарияланымдардан

б) тікелей жинау орындарынан+

в) ресми басылым көздерінен

г) статистикалық есептерден

д) екіншілік мәлімет көздерінен

  1. Мәселені анықтау үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулерді көрсетіңдер:

а) сегменттеу үшін зерттеу

б) нарық потенциалын зерттеу+

в) бағаны зерттеу

г) тауарды зерттеу

д) жылжытуды зерттеу

  1. Мәселені анықтау мақсатымен жүргізілетін маркетингтік зерттеулер:

а) нарық үлесін зерттеу+

б) бағаны зерттеу

в) сегменттеу үшін зерттеу

г) жылжытуды зерттеу

д) тауарды зерттеу

  1. Мәселені шешу үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер:

а) тауар жылжытуды зерттеу+

б) нарық потенциалын зерттеу

в) нарық сипаттамаларын зерттеу

г) сатуды зерттеу

д) іскерлік тенденцияларды зерттеу

  1. Мәселені шешу мақсатымен жүргізілетін маркетингтік зерттеулерге жатады:

а) іскерлік тенденцияларды зерттеу

б) бағаны зерттеу+

в) нарық үлесін зерттеу

г) болжамдық зерттеулер

д) имиджді зерттеу

  1. Зерттеу объектісіне байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі маркетингтік зерттеулердің түрлері:

а) мәселені анықтау үшін

б) мәселені шешу үшін

в) қызмет түрлері бойынша+

г) тауар, өнім түрлері бойынша

д) бақылау мақсатымен

  1. Ұзақ уақыт бойы маркетингтік ортаның өзгеріссіз шамаларын көрсететін ақпарат қалай аталады:

а) тұрақты+

б) ауыспалы

в) эпизодтық

г) өзгергіш

д) кезеңдік

  1. Маркетинг объектісінің жұмыс істеуінің нақты сандық және сапалық сипаттамаларын көрсететін ақпарат қалай аталады:

а) тұрақты

б) ауыспалы+

в) эпизодтық

г) өзгергіш

д) кезеңдік

  1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды кодтау әдістерінің бірін көрсетіңдер:

а) реттеуші

б) жүйелеуші

в) тіркеу+

г) регламенттейтін

д) идентификациялық

  1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды кодтау әдістерінің бірі - бұл:

а) реттеуші

б) жүйелеуші

в) регламенттейтін

г) жіктеу +

д) идентификациялық

  1. Жұмыс бөлігі металдан жасалған, сүйек тіндерін және жұмсақ тіндерді өңдеуге арналған бір немесе бірнеше жүзі бар медициналық саймандар – бұл :

а) қысатын саймандар

б) хирургиялық саймандар

в) кесетін саймандар+

г) зондтайтын саймандар

д) көмекші саймандар

  1. Таңу материалдарының сұйықтықты сіңіру қасиеті - бұл:

а) капиллярлығы

б) сіңіру қабілеті+

в) ылғалдылығы

г) химиялық нейтралдылығы

д) стерильділігі

  1. Температурага бақылау жүргізу үшін сақтау бөлмелерінде қандай құрал болу керек:

а) ареометр

б) гигрометр

в) барометр

г) градусник

д) термометр+

  1. Ылғалдылыққа бақылау жүргізу үшін сақтау бөлмелерінде қандай құрал болу керек:

а) ареометр

б) гигрометр+

в) барометр

г) градусник

д) термометр

  1. Сақтау бөлмелеріндегі гигрометр мен термометрдің орналасуы:

а) жылыту приборларының қасында

б) есіктен 1 м қашықтықта

в) еденнен 1,5-1,7 м биіктікте +

г) сөрелерде

д) шкаф есіктерінде

  1. Металдан және оның құймаларынан жасалған медициналық бұйымдарды сақтау бөлмелеріне қойылатын талаптар:

а) бөлменің құрғақтығы+

б) салыстырмалы ылғалдылығы 80% төмен болмау керек

в) салыстырмалы ылғалдылығы 65% төмен болмау керек

г) салқын бөлме

д) жоғары температураны сақтау

  1. Конструкциясы бойынша медициналық аралар бірнеше түрге бөлінеді. Төменде келтірілгендердің ішінен дұрыс емесін көрсетіңдер:

а) рамалы

б) рукояткасы бар+

в) жапырақты

г) пышақ-ара

д) сым ара

  1. Жалпыхирургиялық медициналық қасықтардың тауарлық түрлерін көрсетіңдер:

а) қуысталған, жалпақ

б) өткір, өткір емес+

в) иілген, түзу

г) қуысталған, түзу

д) иілген, қуысталған

  1. Жалпыхирургиялық саймандарға функционалдық талдау жүргізу кезінде тексереді:

а)дайындаған заводтың атын

б) бастапқы материалын, шикізатты

в) бағасын

г) стерильдеу әдістерін

д) функционалдық қасиеттерін+

  1. Резеңке бұйымдардың сапалық қасиеттерін сақтау үшін сақтау бөлмелерінде келесі жағдайларды жасау керек:

а) жарықтан, әсіресе тура түскен күн сәулелерінн қорғау +

б) ылғалдан қорғау

в) салыстырмалы ылғалдылығы 50% көп емес

г) 25°С жоғары температура

д) 15°С төмен температура

  1. Хирургиялық стоматологиялық саймандарға жатады:

а) пульпоэкстрактор

б) тіс қысқыштары+

в) дрильбор

г) пломбылау материалдары

д) коронканы алуға арналған қысқыштар

  1. Толықтырыңдар: Боялған металл бұйымдарда таттану пайда болған жағдайда …………………:

а) оларды майлайды

б) таттануды алып тастап, бояумен бояйды +

в) спиртпен сүртеді

г) бензинмен сүртіп, бояумен бояйды

д) тазартылған сумен сүртеді

  1. Резеңкеден жасалған жұқа қабатты бұйымдарда (биялайлар, саусаққаптар) ерте тозу белгілері байқалған жағдайда, оларды қалай қайта қалпына келтіруге болады:

а) ауа температурасы 25° болатын бөлмеде 30 сағат ұстайды

б) 5% мүсәтір спиртінің жылы ерітіндісіне (40°С) 15 минутқа салады

в) глицериннің 5% жылы ерітіндісіне 10-15 минутқа салады+

г) бұйымдарды созғылайды

д) ыстық суда қайнатады

  1. Ылғалды жұтқан кезде күйдірілген гипс ұсақ түйіршіктерге айналып, өздерінің сапасын жоғалтады және медициналық мақсатта қолдануға жарамсыз болып қалады. Оны болдырмас үшін күйдірілген гипсті қалай сақтайды:

а) екі қабатталған қағаз қапшықтарда

б) полиэтиленді қапшықтарда

в) темір бөшкелерде

г) шыны ыдыстарда

д) іші полиэтилен пленкалармен жабылған бөшкелерде

  1. Ұшып кетуден қорғауды талап ететін дәрілік заттарға жатады:

а) антибиотиктер

б) балауыздар

в) эфирлі қосылыстар+

г) витаминді препараттар

д) инъекцияға арналған ерітінділер

  1. Медициналық техника бұйымдарын стандарттаудың негізгі міндеттеріне не жатпайтынын көрсетіңдер:

а) дайын өнімнің сапасына нормативті талаптарды жасау

б) бұйымның жоғары сапасын қамтамасыз ету

в) белгілер мен терминологиялар жүйесін жетілдіру

г) бұйымды бөлшек саудада сатуды ұйымдастыру +

д) стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар жұмысына қатысу

  1. Минералдану дәрежесі 8 г/л төмен болатын, бірақ құрамында мышьяк, бор және

басқа да компоненттердің мөлшері жоғары болатын сулар қалай аталады:

а) әлсіз минералданған

б) асханалық

в) жасанды

г) емдік+

д) табиғи

  1. Тауар сапасын жан-жақты зерттеу және оның қауіпсіздігін бағалау мақсатымен тауарды ғылыми зерттеу әдісі қалай аталады:

а) тауарлық талдау+

б) тауарлық сараптама

в) тауар сараптамасы

г) технологиялық сараптама

д) экономикалық сараптама

  1. Резеңкені және резеңке бұйымдарды дайындау үшін қолданылатын табиғи немесе синтетикалық текті жоғары серпімді өнім қалай аталады:

а) латекс

б) шайыр

в) резеңке

г) каучук+

д) пластмасса

  1. Каучукты өсімдіктердің сүтті шырыны немесе синтетикалық полимерлердің коллоидты сулы дисперсиялары қалай аталады:

а) латекс

б) шайыр+

в) резеңке

г) каучук

д) пластмасса

  1. Табиғи немесе синтетикалық каучукты вулканизациялау нәтижесінде түзілетін эластикалық материал қалай аталады:

а) латекс

б) шайыр

в) резеңке+

г) каучук

д) пластмасса

  1. Эмульсиялық полимеризация нәтижесінде түзілетін синтетикалық каучуктардың сулы дисперсиялары қалай аталады:

а) латекс

б) жасанды дисперсиялар

в) натуралды латекс

г) жасанды латекс

д) синтетикалық латекс+

  1. Дайын полимерлерді суда диспериялау нәтижесінде түзілетін өнімдер қалай аталады:

а) латекс

б) жасанды дисперсиялар+

в) натуралды латекс

г) жасанды латекс

д) синтетикалық латекс

  1. Мүшелер мен тіндердің құрылымында өзгеріс тудырмайтын хирургиялық қысқыш қалай аталады:

а) қатты

б) серпімді+

в) бұзылыстар тудыратын

г) жұмсақ

д) жартылай қатты

  1. Тіндерде қайтымды немесе қайтымсыз (2 сағаттан көп әсер еткенде) өзгерістер тудыратын хирургиялық қысқыш қалай аталады:

а) қатты +

б) серпімді

в) бұзылыстар тудыратын

г) жұмсақ

д) жартылай қатты

  1. Мүшелер мен тіндерде қайтымсыз өзгерістер тудыратын хирургиялық қысқыш қалай аталады:

а) қатты

б) серпімді

в) бұзылыстар тудыратын+

г) жұмсақ

д) жартылай қатты

  1. Қоршаған ортаның әсерінен бөлу мақсатымен тіс қуыстары мен каналдарын тұрақты немесе уақытша толтыруға арналған материалдар - бұл:

а) ортопедиялық материалдар

б) тіс протезіне арналған

в) пломбылауға арналған+

г) хирургиялық материалдар

д) пластикалық материалдар

  1. Тіс тіндерін, түбір каналдарын, өңдеуге, тісті пломбылауға және тіс тастарын алуға қолданылатын саймандар – бұл:

а) ортопедияға арналған

б) тіс протезіне арналған

в) көмекші саймандар

г) хирургиялық стоматологияға арналған

д) терапевтикалық стоматологияға арналған+

  1. Тіс түбірін алып тастауға арналған саймандар – бұл:

а) ортопедияға арналған

б) тіс протезіне арналған

в) көмекші саймандар

г) хирургиялық стоматологияға арналған+

д) терапевтикалық стоматологияға арналған

  1. Ауыз қуысын және тісті тексеруде қолданылатын саймандар – бұл:

а) ортопедияға арналған

б) тіс протезіне арналған

в) көмекші саймандар+

г) хирургиялық стоматологияға арналған

д) терапевтикалық стоматологияға арналған

  1. Тіс протездерін өңдеуге арналған, коронканы салуға және алуға арналған саймандар – бұл:

а) ортопедиялық стоматологияға арналған+

б) тіс протезіне арналған

в) көмекші саймандар

г) хирургиялық стоматологияға арналған

д) терапевтикалық стоматологияға арналған

  1. Конъюнктиваны, көз алмасын, бұлшық еттерін және жұмсақ тіндерді кесуге арналған саймандар – бұл:

а) кесетін саймандар +

б) қысатын саймандар

в) ығыстыратын

г) кеңейтетін

д) көмекші

  1. Көз алмасының шырышты, қасаң қабаттарын, қабақ тіндерін ұстауға, операция кезінде қабақ сосудтарын қысуға қолданылатын саймандар – бұл:

а) кесетін саймандар

б) қысатын саймандар+

в) ығыстыратын

г) кеңейтетін

д) көмекші

  1. Қабақты көтеруге және ашуға, операциялалық жараларды ашуға және қабақты кеңейтуге қолданылатын саймандар – бұл:

а) кесетін саймандар

б) қысатын саймандар

в) көтеретін саймандар

г) кеңейтетін+

д) көмекші

  1. Хирургиялық операциялар және анатомиялық кесулер кезінде ағза тіндерін тігуге арналған тескіш инелер қалай аталады:

а) медициналық

б) иньекциялық

в) атравматикалық

г) хирургиялық+

д) лигатуралық

  1. Анықтаңдар: Тіндердегі патологиялық сұйықтарды, түзілімдерді қырнап алуға арналған хирургиялық сайман. Өткір және өткір емес түрлері:

а) долота

б) распатор

в) ілмектер

г) медициналық қасықтар+

д) кюреткалар

  1. Хирургиялық операциялар және манипуляциялар кезінде материалдар мен саймандарды, тіндерді қысқа уақытқа ұстауға арналған саймандар:

а) ілмектер

б) қысқыштар

в) корнцангтер

г) клеммалар

д) пинцеттер+

  1. Дененің табиғи және патологиялық қуыстары мен каналдарына диагностикалық мақсатпен енгізуге арналған саймандар:

а) буж-щуп

б) катетер

в) буж

г) зонд+

д) шпатель

  1. Түтікшелі формадағы кейбір органдарды кеңейтуге, тексеруге және емдеуге қолданылатын саймандар:

а) буж-щуп

б) катетер

в) буж+

г) зонд

д) шпатель

  1. Жоғары және төменгі бөліктерінде әртүрлі рефракция болатын көзілдірік линзалары:

а) бір фокальды

б) афокальды

в) бифокальды+

г) нейтралды

д) трифокальды

  1. Адам денесінің табиғғи каналдары мен қуыстарына енгізілетін күрделі оптико-механикалық приборлар қалай аталады:

а) эндоскоптар+

б) томограф

в) зонд

г) рентгенограф

д) интроскоп

  1. Жарықтьандырғыш құрылғылармен жабдықталған оптикалық приборлардың көмегімен ағза қуыстары мен қуыс органдарды визуальды тексеру әдісі қалай аталады:

а) рентгеноскопия

б) томография

в) интроскопия

г) ультрадыбысты диагностика

д) эндоскопия+

  1. Көздің торлы қабатында бұйымдардың бейнесі анық болмайтын көздің оптикалық ақауы қалай аталады:

а) пресбиопия

б) эметропия

в) аккомодация

г) бинокулярлы көру

д) аметропия+

  1. Аккомадацияның жастың ұлғаюына байланысты әлсіреуі қалай аталады:

а) пресбиопия+

б) эметропия

в) астигматизм

г) бинокулярлы көру

д) аметропия

  1. Бір көздің көру сызығының біріге көру нүктесінен ауытқуы қалай аталады:

а) пресбиопия

б) миопия

в) астигматизм

г) көздің қитарлануы+

д) гиперметропия

  1. Медициналық тауарларға қойылатын міндетті талаптар қандай құжаттарда көрсетілуі тиіс:

а) мемлекеттік стандарттарда

б) техникалық шарттарда

в) техникалық регламенттерде+

г) ҚР ДСМ-нің бұйрықтарында

д) қосымша қағаздарда

  1. Тауардың адамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті қалай аталады:

а) тұтынушылық қасиетісвойствам

б) тұтынушылық бағасы

в) тұтынушылық құны+

г) тұтынушылық факторв

д) тұтынушылық сапасы

  1. Толықтырыңдар: тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы тауардың _________сипаттайды:

а) пайдалылығын

б) бағалылығын

в) құнын

г) сапасын+

д) қажеттілігін

  1. Жіктеу жүргізілетін объектінің қасиеті немесе сипаттамасы қалай аталады:

а) жіктеу факторы

б) жіктеу қасиеті

в) жіктеу сипаттамасы

г) жіктеу белгісі+

д) жіктеу көрсеткіші

  1. Әрбір объектіге орын табуға және оған белгілі бір белгі беруге мүмкіндік беретін тауарлардың жүйеленген тізімін қалай атайды :

а) каталог

б) прейскурант

в) классификатор+

г) кодификатор

д) реестр

  1. Сертификаттау жүйесінің ережелері бой ынша сертификатталған өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін растау үшін берілетін құжат қалай аталады:

а) сәйкестік белгісі

б) сәйкестік акті

в) сәйкестік сертификаты+

г) сәйкестікті қанағаттандыру

д) сәйкестік паспорты

  1. Тауардың сақталуын қамтамасыз ететін климаттық және санитарлық-гигниеналық талаптардың жиынтығы – бұл:

а) сақтау

б) сақтау факторлары

в) сақтау шарттары

г) сақтау режимі+

д) сақта уорыны

  1. Сыртқы орта факторларының әсерінің салдарынан металдың бұзылу процесі қалай аталады:

а) консервация

б) экструзия

в) агрессия

г) коррозия+

д) герметизация

  1. Қатені табыңдар. Көзілдірік линзаларының түрлері:

а) афокальды

б) жанаспалы+

в) бифокальды

г) трифокальды

д) бір фокальды

  1. Таңу материалдарына қойлыатын негізгі талаптар:

а) стерильділігі

б) биодеструкция

в) жарақаттамауы+

г) биоинерттілігі

д) өзіне тән иісінің болуы