
- •«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» негізгі пәнінен «Фармация» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған тест тапсырмалары
- •2013 -2014 Оқу жылы
- •Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындауда қолданылатын металл емес бейорганикалық материалдар қалай бөлінеді:
- •Пышақтар мен скальпельдердің функционалдық қасиеті қандай тәсілдермен тексеріледі:
- •Негізгі элементтің химиялық құрамы бойынша барлық металл материалдар қалай бөлінеді:
- •Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдау қандай көрсеткіш бойынша жүргізіледі:
- •Буманы таңдау неге байланысты болмайды (тараны, тығындау заттарын, буып-түю материалдарын):
|
|
|
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
«ФАРМАЦЕВТ-МЕНЕДЖЕР» МОДУЛІ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ |
«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» негізгі пәнінен «Фармация» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған тест тапсырмалары
2013 -2014 Оқу жылы
Екі немесе одан да көп металдан (сирек болса да металл және металл еместен) тұратын, металға тән қасиеттері бар макроскопиялық біртекті жүйе – бұл:
а) қоспа
б) түсті металл
в) қара металл
г) құйма+
д) біртекті масса
Құрамында 2% жоғары көміртегі, сонымен бірге кремний, марганец және зиянды қоспалар – күкірт және фосфор болатын темір негізіндегі құймалар тобының атауы:
а) шойын+
б) болат
в) нейзильбер
г) түсті металл
д) құйма
Құрамында 2% -ға дейін көміртегі, сонымен бірге Si, Mn және зиянды қоспалар күкірт пен фосфор болатын темір негізіндегі құймалардың жалпы атауы:
а) шойын
б) болат+
в) нейзильбер
г) түсті металл
д) құйма
Сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық өзара әрекетінің салдарынан металдардың бұзылу процесі – бұл:
а) балқу
б) коррозия+
в) тегістеу
г) консервация
д) сапасының төмендеуі
Бұйымның жарамдылық мерзімін жоғарылату үшін коррозияға қарсы қолданылатын қорғаныш әдістері қалай бөлінеді:
а) бір реттік
б) уақытша
в) көлемді
г) тұрақты+
д) кезеңдік
Коррозияға қарсы қолданылатын тұрақты қорғаныш әдістеріне жатпайды:
а) тегістеу (легирование)
б) майлау+
в) термиялық өңдеу
г) металл жабындарды қолдану
д) лактау
Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындауда қолданылатын металл емес бейорганикалық материалдар қалай бөлінеді:
а) табиғи, синтетикалық
б) жасанды, табиғи
в) минералды, синтетикалық
г) табиғи, біріктірілген
д) біріктірілген, гомогенді
Қалыпқа келтірілген және кептірілген жартылай фабрикатты күйдіре отырып саз шикізатын тиісті өңдеу арқылы дайындалатын материалдар қалай аталады:
а) дала шпаты
б) кварц
в) керамика+
г) каолин
д) минерал
Табиғи немесе синтетикалық каучуктың әртүрлі ингредиенттермен қоспасын вулканизациялау кезінде алынатын жоғары молекулярлы қосылыс – бұл:
а) вулканизациялайтын зат
б) термопласт
в) ректопласт
г) резеңке+
д) біріктірілген зат
Қасиетін жақсарту үшін резеңкенің құрамына қандай заттар кірмейді:
а) тозуға қарсы заттар
б) вулканизациялайтын заттар
в) регенераторлар+
г) толықтырғыштар
д) бояғыш заттар
Төмендегі көрсетілген операциялардың ішінее қайсысы медициналық резеңке бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі не жатпайды:
а) резеңке қоспаны алу;
б) регенераторды екіншілік өңдеу+
в) жартылай фабрикатты дайындау;
г) резеңке бұйымдарды алу немесе қалыптау;
д) вулканизация;
Резеңке қоспаны алу стадияларына жатпайды:
а) каучукты пластификациялау
б) қоспаның ингредиенттерін дайындау
в) араластыру
г) күйдіру+
д) суыту
Төмендегілердің ішінен керамика бұйымдарын дайындаудың технологиялық процесіне жатпайтынын көрсетіңдер:
а) керамикалық массаны дайындау;
б) вулканизациялау+
в) бұйымды қалыптау;
г) қалыпталған бұйымды кептіру және пісіру;
д) күйдіру;
Төменде көрсетілгендердің ішінен әйнек бұйымдарды дайындау стадияларына қайсысы жатпайды:
а) шихтаны дайындау;
б) әйнекті қайнату;
в) бұйымды қалыптау;
г) қоспа инегредиенттерін дайындау+
д) детальдарын жинау және біріктіру;
Жоғары молекулярлы қосылыстардың негізіндегі материалдар, әдетте көп компонентті және көп фазалы болып келеді – бұл:
а) керамика материалдары
б) әйнектер
в) қоспалар
г) металл емес материалдар
д) полимерлі материалдар+
Пластмассаны түзетін негізгі зат – жасанды шайыр. Шайырлардың қандай түрлері болады:
а) термохимиялық, термореактивті
б) химиялық тұрақты, термопластикалы
в) термопластикалық, термореактивті+
г) биоинертті, нейтралды
д) синтетикалық, химиялық
Резеңке бұйымдарды дайындау кезінде вулканизацияны тездету үшін қандай заттар қолданылады:
а) толықтырғыштар
б) пластификаторлар
в) жұмсартқыштар
г) жылдамдатқыштар+
д) арнайы заттар
Резеңкенің құнын арзандату және олардың бастапқы физикалық-механикалық қасиеттерін жақсарту үшін қандай заттар қолданылады:
а) толықтырғыштар+
б) пластификаторлар
в) жұмсартқыштар
г) жылдамдатқыштар
д) арнайы заттар
Резеңке бұйымдарға белгілі бір тауарлық түр беру және физикалық-механикалық және термотұрақтылығына әсер ету үшін, сонымен қатар резеңке медициналық бұйымдарды сақтау мен пайдалануда қорғаушы рөл атқару үшін қандай заттар қосылады:
а) хош иісті заттар
б) сілтілер
в) қышқылдар
г) бояғыш заттар+
д) арнайы заттар
Дайындау кезінде резеңке қоспасын араластыру процессін жеңілдету, резеңкеге пластикалық және аязға тұрақтылық беру үшін қолданылатын заттар – бұл:
а) арнайы заттар
б) жұмсартқыштар+
в) толықтырғыштар
г) пластификаторлар
д) хош иісті заттар
Резеңкені өңдеуде және пайдалануда жүретін тотығу процессін баяулату үшін, сондай-ақ, жарықтанудың әсерінен қорғау үшін қандай заттар қосылады:
а) арнайы заттар
б) жұмсартқыштар
в) толықтырғыштар
г) пластификаторлар
д) тозуға қарсы заттар+
Резеңке бұйымдардың жыртылуға төзімділігін арттыру үшін резеңке массасына қандай заттар қосылады:
а) арнайы заттар
б) қатайтқыштар
в) вулканизацияны күшейткіштер+
г) пластификаторлар
д) тозуға қарсы заттар
Резеңке қоспасына белгілі бір тұтыну қасиетін беру қолданылатын заттар – бұл:
а) арнайы заттар+
б) жұмсартқыштар
в) вулканизацияны күшейткіштер
г) пластификаторлар
д) тозуға қарсы заттар
Формалау немесе резеңке бұйымдарды алу кезінде келесі әдістердің қайсысы қолданылмайды:
а) созғылау+
б) экструзия
в) пресстік әдіс
г) қысыммен құю
д) құю арқылы қалыптау
Резеңке қоспаны вулканизациялаудың қандай түрлері бар:
а) жартылай вулканизация
б) толық вулканизация
в) ыстық вулканизация+
г) қысыммен жүргізілетін вулканизация
д) қалыпты вулканизация
Арнайы қондырғыларда үздіксіз әдіспен немесе котелдарда, пресстерде, автоклавтарда кезеңдік әдіспен 170— 190 °С жүргізілетін вулканизация түрі – бұл:
а) жартылай вулканизация
б) толық вулканизация
в) ыстық вулканизация+
г) қысыммен жүргізілетін вулканизация
д) суық вулканизация
Бұйымды жартылай хлорлы күкірт ерітіндісіне батыру арқылы немесе буына ұстау арқылы жүргізілетін және соңынан ыстық ауамен кептірілетін вулканизацияның түрі:
а) жартылай вулканизация
б) толық вулканизация
в) ыстық вулканизация
г) қысыммен жүргізілетін вулканизация
д) суық вулканизация+
Вулканизация процесі бұзылған жағдайда резеңке бұйымдарда қандай ақаулар пайда болуы мүмкін:
а) бұйым бетінің тегістігі
б) жабысқақ болуы
в) тез тозуы
г) шектен тыс қатып қалуы+
д) шектен тыс жұмсақтығы
Бастапқы материалдардың қасиетін және құрылымын зерттейтін, олардың құрамы, құрылымы және қасиеттері арасындағы байланысты анықтайтын ғылым – бұл:
а) материалтану+
б) тауартану
в) ғылымтану
г) ғылыми бағыт
д) қолданбалы ғылым
Кәсіпорындарда өнімді дайындау және бұйымның негізгі қасиеттерін анықтау үшін қолданылатын құралдардың маңызды бөлігін құрайтын өндірістің заттық элементтеріне жатады:
а) толықтырушы материалдар
б) бастапқы материалдар
в) қосымша материалдар
г) негізгі материалдар+
д) көмекші материалдар
Медициналық бұйымдарды дайындау процесінде технологиялық процесті жетілдіру немесе өнімге белгілі бір қасиетті беру мақсатымен қолданылатын өндірістің заттық элементтері – бұл:
а) толықтырушы материалдар
б) бастапқы материалдар
в) көмекші материалдар+
г) негізгі материалдар
д) қосалқы материалдар
Химиялық құрамы бойынша медициналық мақсатта қолданылатын барлық материалдарды қандай топқа бөлуге болады:
а) химиялық, натуралды
б) табиғи, синтетикалық+
в) натуралды, синтетикалық
г) натуралды, жасанды
д) жасанды, жартылай синтетикалық
Дайын өнімді алу үшін ғылыми негізделген мақсатты бағытталған іс-әрекеттерден тұратын өндірістік процестің бөлігі – бұл:
а) технологиялық процесс+
б) технологиялық регламент
в) технологиялық операция
г) өндіріс стадиясы
д) технологиялық стадия
Өздерінің сапалық ерекшеліктері бар технологиялық операциялардың жиынтығы – бұл:
а) технологиялық процесс
б) технологиялық регламент
в) технологиялық операция
г) өндіріс стадиясы+
д) технологиялық стадия
Медициналық саймандарды дайындау үшін көміртекті болаттардың қандай маркалары қолданылады:
а) У7А
б) У12А
в) У10А
г) 8У-12А+
д) У8А
Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын мыстың мырышпен құймасы қалай аталады:
а) нейзильбер
б) болат
в) латунь+
г) тантал
д) шойын
Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын мыстың мырышпен құймасы – латунның маркалары:
а) 40Х13Л
б) У7А
в) УЛ12А
г) УЛ62
д) ЛС 59-1+
Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын мыстың мырышпен, никельмен және кобальтпен құймасы қалай аталады:
а) нейзильбер+
б) болат
в) латунь
г) тантал
д) шойын
Төменде көрсетілген топтардың ішінен қайссыс жалпыхирургиялық саймандарға жатпайды:
а) кесетін
б) қысатын
в) нейрохирургиялық+
г) жараны ашатын
д) жараны ығыстыратын
Дұрыс жауапты көрсетіңдер: Төменде көрсетілгендердің ішінен қайсыс кесетін жалпыхирургиялық саймандарға жатпайды:
а) скальпельдер
б) қайшылар
в) долото
г) распаторлар
д) зондтар+
Жұмыс бөлігі металдан жасалған, сүйек тіндерін өңдеуге арналған бір немесе бірнеше жүзі бар медициналық саймандар – бұл:
а) корнцангтар
б) пинцеттер
в) жомдар
г) жараны ашатындар
д) сүйек қысқыштары+
Қысатын жалпыхирургиялық саймандарға жатпайды:
а) распаторлар+
б) тіл ұстағыштар
в) инеұстағыштар
г) пинцеттер
д) қан тоқтатын қысқыштар
Ағза мүшелерін, медициналық материалдарды, бұйымдарды немесе саймандарды қысуға және ұстауға арналған саймандар қалай аталады:
а) қысатын+
б) хирургиялық
в) кесетін
г) зондтайтын
д) көмекші
Айналасындағы тіндерді зақымдамай және зақымдай отырып тіндер мен мүшелерді кеңейтуге, ығыстыруға арналған саймандар бұл:
а) қысқыштар
б) хирургиялық саймандар
в) ығыстырғыш саймандар
г) зондтайтын саймандар
д) кеңейтетін саймандар+
Ағза қуысының мөлшерін және ондағы сұйықтықтарды, сонымен бірге каналдардың бағыты мен ұзындығын анықтауға арналған саймандар қалай аталады:
а) көмекші саймандар
б) толықтыратын саймандар
в) зондтайтын саймандар+
г) буж саймандары
д) тесетін саймандар
Медицинаның әртүрлі саласында көмекші жұмыстар үшін өз алдына жеке немесе басқа саймандармен бірге қолданылатын саймандар қалай аталады:
а) көмекші саймандар+
б) толықтыратын саймандар
в) зондтайтын саймандар
г) буж саймандары
д) тесетін саймандар