Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TERMEKh_shpor_akmaral2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
262.29 Кб
Скачать

28.Бөлшектерді пісіру

Машина бөлшектері әртүрлі тәсілмен қосылады. Оларды ажырамайтын ажырамалы деп бөлеміз.

Ажырамайтын бөлшектері бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп қосу. Оларға:

1.Пісіру және дәнекерлеу арқылы қосу.

2.Тойтарма шегемен қосу.

3.Бір-бірімен нығыздап, жылжымайтындай етіп қосу.

Ажырамалы қосылыстарды тез арада бөлшектеп, жинауға болады. Олар бір-бірімен бұранда, штиф, сына және шпонка арқылы қосылады.

Бөлшектерді пісіріп қосу- бөлшектің аздаған аумағын қыздырып,пластикалық түрге жеткізіп, балқытып қосатын ажырамайтын қосылыс. Бұл қосылыстың беріктігі бөлшектің беріктігінен кем түспейді. Пісіріп қосылған бөлшектердің артықшылықтары:

- пісіріп қосу технологиясында тойтармалы алмастырғандықтан м

атериалдар 20%-ке дейін үнемделеді;

- пісіріп қосылған бөлшектер берік келеді;

- пісіріп қосу технологиясы өте арзан және ол технологияны автоматтандыруға болады.

Пісіріп қосу кемшіліктері:

- бөлшектің қосылған жерлерінде аздаған күш кернеуі пайда болады;

- бұл бөлшектер айнымалы күштерді нашар қабылдайды, бірақ, қазіргі уақытта пісіріп қосудың жаңа технологиялары қолданылады. Оған диффузия құбылысын пайдаланып, электрон сәулесі, үйкеліспен пісіру немесе инертті газдардың бүркемесімен пісіру.

Пісіріп қосудың түрлері:

1. Материалдарды шамалы ауданын қыздыру арқылы балқытып қосу. Оған электр доғасымен, электр шлакпен, электрон сәулесімен, газбен, аргонды доғамен пісіру және т.б. жатады. Бұл әдістермен қалыңдығы 12…40мм-ге дейін бөлшектерді қосу. Ал 2...60мм-ге дейінгі сапасы жоғары болаттар мен түсті металдардың қортпасына

2.Материалдарды пластикалық күйге жеткізіп,қосылатын бөлшектерді күшпен қосу арқылы пісіру. Бұған тоғыстырып пісіру, нүктелі және роликті пісіру әдістері жатады.

29.Бұрандалы қосылыстардың негізгі түрлері,геометриялық параметрлері

Бұранданың негізгі түрлері.

Бұрандалар винттерді пайдалану қасиеттеріне қарай мына топарға бөлінеді:

1.Бекіту бұрандалары - бөлшектерді қосу үшін арналған, профилі үшбұрыштыетіп дайындалады.

2.Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар - жүрісті деп аталады. Олар данкраттарда, пресстерде, винттерде қолданылады. Мұндай бұрандаларды үйкеліс күшін азайту үшін трапециялы немесе тікбұрышты етіп жасайды.

3. Конусты, үшбұрышты бұранда болып тілінген бөлшектің пішіні бойынша бөледі.

4. Бұранда сызығының кіруіне байланысты винттер бір, екі, үш және көп кірмелі болып бөлінеді.

5.Бұрандалар профилі бойынша:

- үшбұрышты

- төртбұрышты

- трапециялы

- жұмыр

6.Үшбұрышты бұрандалар:

- метрлік МЕСТ бойынша шектелген

- дюймдік біріншіден,профиль бұрышы α=55º болса, екіншіден,бұранда қадамы метрлік өлшеммен (мм) емес,бір дюймге келетін орам санымен көрсетіледі.

30.Бұрандалы қосылыстарды беріктікке есептеу

Бұрандаларда беріктікке есептеу үшін олардың істен шығу түрлерін білу керек. Шамадан артық күш түсе немесе бұранда конструкциясы дұрыс құралмаса, олар екі түрлі жағдайда істен шығады:

Біріншіден, бұранда орамының беріктігініңаздығы;

Екіншіден, бұрандалы қосылыс сырықтың сынуы.

Бұранда орамы стандартталған болса беріктікке есептемейді, стандартталмаған болса келесі жағдайда есептелінеді:

1. Винт, болт не шпилка материалының беріктігі олар бұралған бөлшектер материалының беріктігінен ерекше (> <) болған жағдайда. Мысалы, бөлшектер болаттан, ал қораптары пластмассадан жасалса және т.б.

2. Ұсақ бұрандалар кdимасы аз болады, бұранда диаметрі мен қадамының қатынасы d/P>10…12(d - бұранда диаметрі, P – бұранда қадамы) болған жағдайда олардың орам беріктігін есептеу керек.

3. Күш, қуатжәне жүріс беруге арналған бұрандалы қосылыстардың да орамдарын беріктікке есептеу керек. Бұранда орамы кесілу кернеуі мен жаншылу кернеуіне есептелуі керек.

Кесілу кернеуіне есептеу.

Жаншылу кернеуіне есептеу.

z- күш түсетін орамдар саны

Н- Гайка биіктігі

Р- Бұранда қадамы

;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]