
- •1.Есептеу ж/е конструкция құру негіздері
- •7.Тісті берілістерді жаңасу беріктігін есептеу-
- •12. Червякты берілістер. Червякты жұптың кинематикасы мен геометриясы?
- •13. Червякты іліністегі сырғанау. Червякты берілістердің пайдалы әсер коэффициенті?
- •14. Червякты берілістерді түзету?
- •15. Червякты берілістің бұзылу себептері және жұмыс істеу қабілеттілігі?
- •16. Червяк пен червякты дөңгелектің материалдарын таңдау?
- •17. Мүмкіндік кернеулер. Ілінісу кезіндегі түсетін күштер?
- •18. Червякты берілістерді беріктікке есептеу?
- •21. Белдікті берілістердің кинематикасы. Белдіктегі кернеу мен күштер?
- •22.Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және белдікті берілістерді есептеу
- •23.Жалпақ белдікті берілістерді тарту қабілетіне байланысты есептеу.
- •24.Сына тәрізді, кесетін ролигі бар, тісті белдікті берілістерді есептеу
- •25.Біліктердің материалдары және оларды беріктік пен қаттылыққа есептеу.
- •26.Домналау подшипниктерін есептеу және оларды таңдау
- •27.Муфталардың атқаратын қызметі және оның түрлері
- •28.Бөлшектерді пісіру
- •29.Бұрандалы қосылыстардың негізгі түрлері,геометриялық параметрлері
- •30.Бұрандалы қосылыстарды беріктікке есептеу
26.Домналау подшипниктерін есептеу және оларды таңдау
Домалау подшипниктері. Бұл подшипниктер білік пен тіректер арасында шариктер немесе роликтер орналастырылады. Сондықтан оларда домалау үйкелісі пайда болады.
Домалау подшипниктері
Ішкі диаметр:1мм-5м-ге дейін;
Салмағы:0,5г-3,5т дейін;
Көбінесе домалау подшипниктері домалау жолдары бар сыртқы және ішкі шығыршықтан , осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден және сепаратордан тұрады. Сепаратор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп , бағыттап олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтмасыз етеді.Сырғанау подшипниктерінен домалау подшипниктерінің артықшылығы:
Аса көп күтімді қажет етпейді және жұмыс кезіне қызуы шамалы болады. Сонымен қатар үйкеліс күшінің моменті және жүргізу моменті аз, майлау материалы көп жұмсалмайды.
Домалау подшипниктері кеңінен стандартталған, мамандандырылған зауыттарда шығарылады.
Кемшіліктері:
1)жоғары бұрыштық жылдамдықпен үлкен күш әсер еткенде шыдамдылықтың кемуі;
2)соққы және айнымалы күштерді қабылдау шектілігі.
Домалау подшипниктері домалау бөлшектерінің пішініне қарай шарикті және роликті болып бөлінеді. Роликтің пішініне қарай:
а)ұзын және цилиндрлі роликті ;
б) бұрама роликті;
в)ине тәрізді роликті;
г)конусты роликті;
д)диаметрәі кіші , ұзын цилиндрлі роликті;
Шарикті подшипник роликті подшипникке қарағанда үлкен жыдамдықтарда жаксы жұмыс істейді.
Домалай подшипниктері домалау бөлшектерінің қарар санына қарай бірқаралы, екіқатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді.
Қабылдау күшінің бағытына қарай радиалды күшті қабылдайтындарын- радиалды , ал тек қана осьтік күшті қабылдайтындарын-сүйеніш,радиалды және осьтік күшті қабылдайтындарды - радиалды-сүйеніш деп бөледі.
Габалидтік өлшемдері (диаметрі, ені, және биіктігі) МЕСТ бойыша бекітілген.
Домалау подшипниктері радиалды габалидті өлшемдері бойынша өте жеңіл(екі сериялы); ерекше жеңіл (екі сериялы); жеңіл; орташа; ауыр (барлығы 7 серия) болып, ал көлденеңі бойынша - енсіз; әдеттегідей; кең және ерекше кең әр түрлі серияға бөлінеді.
Көбінен жеңіл, орташа подшипниктер кеңінен таралған.
Домалау подшипниктерінің шариктері, роликтері және шығыршықтары көбінесе ШХ6, ШХ9,ШХ15 және ШХ15СГ сияқты жоғары көміртекті хромды болаттардан жасалады. ШХ15СГ - 0,5% кремний (С) Г (1% марганец).
Домалау подшипниктерінің шариктері, роликтері , шығыршықтары аз көміртекті қоспалы шынықтырылған және цементтелген болаттардан жасалады.
Сепараторлардың көміртекті жұмсақ болаттан, қоладан, аллюминий қоспаларынан, пластмассалардан жасалады.
Домалау подшипниктерінің конструкциясы мен атқаратын қызметі.
Конструкциялары: радиалды бір қатарлы шарикті подшипник - Бұлар сыртқы және ішкі шығыршықтан, бір қатар шариктермен сепаратордан тұрады.Бұл подшипниктер көбінесе радиалды күштер кезінде пайдаланады.Бұл подшипниктер өзінің жинақтылығы, жеткілікті жүк көтергіштігі, шыдамдылығы, осьтік күштерді қабылдай алатындығымен кеңінен таралған.
Домалау подшипниктерінің номерлері төменгі шартты белгілерді көрсетеді. Ең соңғы цифрын 5 ке көбейтсек, подшипник диаметрі (20...495) мм аралығында анықталады.
Соғынан немесе оңынан санағанда 3-цифр олардың сериясын, ал 4-цифр - түрлерін төмендегіше көрсетеді:
3-ші цифр: 1- өте жеңіл серия,2-жеңіл, 3- орта, 4-ауыр,5- жеңіл,
4-ші цифр: 0- радиалды бір қатарлы шарикті,1- радиалды екі қатарлы сфералық шарикті, 2- радиалды кеспек роликті, 3- радиалды сфералы екі қатарлы,4- ұзын роликті және имелі, 5- бұрмалы роликті,6- радиалды сүйеніш,7- конус роликті, 8- шарикті сүйеніш, 9- роликті сүйеніш.
Ал соңынан қарағанда 5 және 6шы цифрлар подшипник конструкциясын көрсетеді.
Подшипниктерді таңдап алу
Ғ ( келтірілген күшті анықтаған соң) подшипниктердің жұмыс істеу мерзімін (L) анықтаймыз.
(сағ)
-
подшипниктің сағат өлшеміне алынған
жұмыс істеу мерзімі.
(2500....10000) сағ
-
подшипниктің 1 минуттағы айналу саны.
Подшипник динамик жүк көтергіш қабілеттілігі:
р= 3- шарикті подшипник
р= 3,33 - роликті подшипник
Табылған динамик жүк көтергіш қабілеттілігі юойынша каталогтан кезекті подшипниктер таңдап алынады.